Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.3. 10—14 бет.
  • Шомылдыру рәсімінен өту — кімнің және ненің атымен?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шомылдыру рәсімінен өту — кімнің және ненің атымен?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Әкенің атымен
  • Ұлының атымен
  • Киелі рухтың атымен
  • Шомылдыру рәсімінен өту — мәсіхшілерге қойылатын талап
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Бағышталғаныңа сай киелі рухпен өмір сүр
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Шомылдыру рәсіміңнің мәні
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
  • Шомылдыру рәсімінен өтуге дайынсыз ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.3. 10—14 бет.

Шомылдыру рәсімінен өту — кімнің және ненің атымен?

“Күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер” (МАТ. 28:19).

1, 2. а) Б. з. 33 жылы Алғашқы өнім мейрамы кезінде Иерусалимде қандай жайт орын алды? ә) Соншама көп адамның шомылдыру рәсімінен өтуіне не түрткі болды?

БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ 33 жылы, Иерусалимге көп елден жиналған қыруар халық Алғашқы өнім мейрамын тойлауда. Абыр-сабыр болып жатқан қалада бір ерекше оқиға болып, сонан соң Петір көпшіліктің алдында керемет баяндама айтты. Бұдан қатты әсер алған 3 000-дай яһудилер мен яһуди дініне кірген адамдар күнәларына өкініп, шомылдыру рәсімінен өтті. Осылайша олар жаңадан пайда болған мәсіхшілер қауымына қосылды (Ел. іс. 2:41). Иерусалимнің маңындағы су қоймалары мен тоғандарда осыншалық көп адамның шомылдыру рәсімінен өтіп жатқаны жұртты дүр сілкіндірген болса керек.

2 Соншама көп адамның шомылдыру рәсімінен өтуіне не түрткі болды? Сол күні “көктен бір қатты дауыл соққандай шу естіліп”, үйдің жоғарғы бөлмесінде отырған Исаның жүз жиырмадай шәкірті киелі рухқа кенелген болатын. Осы шуды естіп жиналған халық әлгі шәкірттердің ‘бөтен тілдерде сөйлей бастағандарына’ қайран қалды. Петірдің баяндамасынан Исаның өліміне өздерінің де қатысы бар екенін білгенде, көп адам ‘қатты өкінді’. Олай болса, оларға не істеу қажет еді? Петір былай деді: ‘Әркім... теріс жолдан қайтып, [Иса Мәсіхтің атымен ЖД] шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Өзінің Киелі Рухын қабылдайсыңдар’ (Ел. іс. 2:1—4, 36—38).

3. Күнәларына өкінген Петірдің тыңдаушыларына не істеу керек болған?

3 Петірдің баяндамасын тыңдаған яһудилер мен яһуди дініне кіргендердің діни көзқарастары қандай болғаны жайлы ойлап көріңдерші. Олар Ехобаны өздерінің Құдайы ретінде мойындайтын. Сондай-ақ Еврей жазбаларынан киелі рухтың жаратылыс кезінде және одан кейін де Құдайдың қолданған әрекет етуші күші екенін білетін (Жар. 1:2; Би. 14:5, 6; Пат. 1-ж. 10:6; Заб. 32:6). Алайда оларға тағы бір шындықты түсініп, қабылдау керек болды. Бұл — Құдайдың Мәсіх Исаны құтқару үшін жібергені туралы шындық. Сондықтан Петір баяндамасында “Иса Мәсіхтің атымен шомылдыру рәсімінен” өту керектігіне баса назар аударды. Қайта тірілген Иса осыдан бірнеше күн бұрын Петір мен басқа шәкірттерге адамдарды “Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен” шомылдыру рәсімінен өткізуді бұйырған еді (Мат. 28:19, 20). Мұндай шомылдыру рәсімінің I ғасырдағыдай, қазір де терең мәні бар. Қандай?

Әкенің атымен

4. Ехобамен қарым-қатынаста болған адамдар үшін қандай өзгеріс орын алды?

4 Жоғарыда айтылып кеткендей, Петірдің баяндамасын тыңдаған адамдар Ехобаға ғибадат еткен және онымен қарым-қатынаста болған. Олар Құдайдың Мұса арқылы берген заңын ұстанған. Иерусалимге келулерінің себебі де осы еді (Ел. іс. 2:5—11). Алайда Петір оларға ғибадатқа қатысты өте маңызды өзгеріс енгізілгенін, яғни бұдан былай Ехоба яһудилерді ерекше халық деп санамайтынын және оған ұнамды болу үшін Мұса заңын ұстанудың қажеті жоқ екенін түсіндірді (Мат. 21:43; Қол. 2:14). Сондықтан Ехобамен қарым-қатынастарын сақтап қалуды қалаған адамдар басқа қадамдар жасаулары керек еді.

5, 6. І ғасырдағы яһудилер мен яһуди дініне кіргендер Құдаймен қарым-қатынастарын сақтау үшін не істеді?

5 Әрине, олардың Ехобадан, өздерінің Жаратушысынан, теріс айналғандары ақылдылыққа жатпас еді (Ел. іс. 4:24). Петірдің баяндамасын тыңдағандар Ехобаның мейірімді Әке екенінің әлдеқайда зор дәлелін көре алар еді. Құдай оларды құтқару үшін Мәсіхті жіберді. Оның үстіне, “Құдай сендер айқышқа шегелеткен осы Исаны “Иеміз” және “Мәсіх” етіп тағайындады!”— деп, Петір кінәлаған адамдарды да Құдай кешіруге дайын болды. Петірді тыңдаған адамдарда көктегі Әкенің өзімен қарым-қатынаста болғысы келгендер үшін істеген бар игілігіне риза болуға негіз бар болатын (Ел. іс. 2:32—35).

6 Шынында да, Петірдің баяндамасынан кейін яһудилер мен яһуди дініне кіргендер Ехобамен қарым-қатынастарын сақтау үшін Исаны Құдай жіберген құтқарушы ретінде мойындаулары керек екенін ұқты. Сондықтан олар күнәларына, Исаның өліміне біліп не білмей кінәлі болғандарына да, өкінді. Сондай-ақ “елшілердің беріп жүрген тәлімін” алу үшін біраз уақыт олармен бірге болды (Ел. іс. 2:42). Осындай қадамдардың арқасында олар үшін ‘рақымы мол Құдайдың тағына еш қысылмастан жақындап, өтініштерін білдіру’ мүмкіндігі пайда болды әрі мұны олар қалт жібермеуге бел буды (Евр. 4:16).

7. Көптеген адам қалайша Құдай жайлы көзқарасын өзгертіп, Әкенің атымен шомылдыру рәсімінен өткен?

7 Бүгінде түрлі ортадан шыққан миллиондаған адам Киелі кітаптан Ехоба туралы шындықты білді (Ишая 2:2, 3). Олардың кейбіреулері бұрын атеизм немесе деизмa көзқарасын ұстанған. Ал енді олар Жаратушының бар екеніне және онымен жақын дос бола алатындарына сенімді. Өзгелері үштік құдайға немесе түрлі пұттарға табынған. Қазір олар Ехобаның жалғыз әрі құдіреті күшті Құдай екендігін мойындайды және оны есімімен атайды. Бұл жайт Исаның Әкенің атымен шомылдыру рәсімінен өту керек деген сөздеріне сәйкес келеді.

8. Адам атадан күнәні мұра еткенін білмейтіндер көктегі Әкеміз жайлы нені мойындаулары керек?

8 Сондай-ақ бұл адамдар Адам атадан күнәні мұра еткендерін білді (Рим. 5:12). Бұл шындық олар үшін жаңалық болды. Олардың жағдайын өзінің сырқат екенін білмей жүрген адаммен салыстыруға болады. Сырқаты анда-санда сыр бергенімен, арнайы тексеруден өтпеген соң, адам өзін сап-саумын деп жүре береді. Бірақ шын мәнінде ол науқас (Қорынттықтарға 1-хат 4:4 салыстыр). Ал егер сырқатының нақтамасы қойылса, адам не істейді? Сенімді әрі тиімді ем-шараны тауып, оны қабылдағаны дұрыс емес пе?! Осыған ұқсас, көп адам Киелі кітаптан мұра етілген күнә жайлы шындықты, яғни сырқаттарының “нақтамасын” білді және Құдайдың “ем-шара” ұсынып жатқанын ұқты. Демек, көктегі Әкемен қарым-қатынасы жоқ адамдардың бәрі де оның “емін” қабылдаулары керек (Ефес. 4:17—19).

9. Адамдар өзімен қарым-қатынас жасай алу үшін Ехоба не істеді?

9 Егер сен өміріңді Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өткен мәсіхші болсаң, онда Ехобамен қарым-қатынаста болу қаншалықты керемет екенін білесің. Сондай-ақ Ехобаның қандай сүюші Әке екеніне де көзің жеткен (Римдіктерге 5:8 оқы). Адам ата мен Хауа ана Құдайға қарсы күнә жасағанына қарамастан, Ехоба олардың ұрпақтары, оның ішінде біз де бармыз, өзімен қарым-қатынаста бола алулары үшін бірінші болып әрекет етті. Бұл үшін Құдай қанша ауыр болса да, жанына жақын Ұлын азапты өлімге қиды. Мұны білгеніміз Ехобаның билігін мойындап, талаптарын шын жүректен орындауға талпындырары сөзсіз. Егер сен әлі де Құдайға өзіңді бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтпеген болсаң, бұлай етуіңе себеп жетіп артылады.

Ұлының атымен

10, 11. а) Өзіңді Исаға қаншалықты қарыздар сезінесің? ә) Исаның төлемімізді өтеу үшін өлгені сенде қандай сезім тудырады?

10 Петірдің жиналған халыққа айтқан сөзіне тағы да көңіл бөлейікші. Ол Исаны қабылдаудың маңыздылығына баса назар аударды. Ал бұл оның атымен шомылдыру рәсімінен өтумен байланысты еді. Исаны қабылдау сол кезде қаншалықты маңызды болған болса, қазір де соншалықты маңызды. Неліктен? Исаны қабылдап, оның атымен шомылдыру рәсімінен өту арқылы біз Жаратушымен қарым-қатынасымыздағы оның рөлін мойындаймыз. Яһудилерді Мұса заңының қарғысынан тазарту үшін, Иса азап шегу бағанасында өлді, алайда оның өлімінің бұдан да зор игілігі бар еді (Ғал. 3:13). Ол бүкіл адамзаттың төлемін өтеді (Ефес. 2:15, 16; Қол. 1:20; Жох. 1-х. 2:1, 2). Бұл үшін оған әділетсіздікке, қорлыққа төзіп, ақыр соңында азапталып өлуге тура келді. Оның құрбандығы сен үшін қаншалықты бағалы? 1912 жылы айсбергке соқтығысып, мұхит түбіне кеткен “Титаник” атты кемеде келе жатқан он екі жасар баланың орнына өзіңді қойып көрші. Сен қайыққа мінуге тырысып жатырсың, бірақ ол лық толы. Қайықтағы бір кісі қасындағы жарын сүйіп, қарғып кемеге шықты да, сені өзінің орнына қайыққа отырғызды. Бойыңды қандай сезім билейді? Әрине, сен оған шексіз ризасың. Осы оқиғаны бастан кешкен баланың сезімін қазір түсініп тұрған шығарсыңb. Исаның құрбандығының сен үшін бұдан да зор пайдасы бар. Ол мәңгі өмір сүруің үшін өлді.

11 Құдай Ұлының сен үшін не істегенін білгенде, қандай сезімде болдың? (Қорынттықтарға 2-хат 5:14, 15 оқы). Зор ризашылық сезіміне бөленгенің сөзсіз. Бұл сезім өміріңді Құдайға арнап, ‘енді тек өзің үшін емес, қайта, Оған бағышталып өмір сүруді’ шешуге талпындырды. Құдай Ұлының атымен шомылдыру рәсімінен өтуіңмен Исаның құрбандығын мойындайтыныңды және оның “Көсем” әрі “Құтқарушы” ретіндегі рөлін қабыл алғаныңды білдірдің (Ел. іс. 5:31). Бұрын сенде Жаратушымен қарым-қатынас та, нағыз үміт те жоқ еді. Ал қазір Иса Мәсіхтің төгілген қанына сеніп, шомылдыру рәсімінен өтудің арқасында Әкеге жақындадың (Ефес. 2:12, 13). Осыған орай елші Пауыл: “Сендер бұрын жаман ой-пікірлерге салынып, зұлым іс-әрекет жасап, Құдайға жат, әрі қас болдыңдар... Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз... таза болуларың үшін жасады”,— деп жазды (Қол. 1:21, 22).

12, 13. а) Құдай Ұлының атымен шомылдыру рәсімінен өткенің, біреу ренжіткенде әрекетіңе қалай әсер етуі керек? ә) Исаның атымен шомылдыру рәсімінен өткенің саған қандай міндет жүктейді?

12 Исаның атымен шомылдыру рәсімінен өткеніңмен, сен әлі де күнә жасауға бейім екеніңді жақсы түсінетін шығарсың. Мұны түсінгенің қашан да пайдалы. Мысалы, біреу сені ренжіткенде, өзіңнің де күнәкар екеніңді есте ұстайсың ба? Екеуің де Құдайдың кешіріміне мұқтажсыңдар, сондықтан бір-біріңді кешірулерің керек (Мар. 11:25). Осыған баса назар аудару үшін Иса көрнекі мысал келтірді. Бір патша қызметшісінің он мың күміс теңге (60 миллион динар) қарызын кешіреді. Ал қызметші басқа қызметтес жолдасының 100 динар қарызын кешіргісі келмейді, сол үшін жазаға тартылады. Соңында Иса бауырласын кешірмейтін адамды Ехоба да кешірмейді деген қорытынды жасайды (Мат. 18:23—35). Сонымен, Құдай Ұлының атымен шомылдыру рәсімінен өту оның билігін мойындауды және үлгісі мен ілімдеріне сай әрекет етуді білдіреді. Бұған басқаларды кешіру де кіреді (Пет. 1-х. 2:21; Жох. 1-х. 2:6).

13 Кемелсіз болғандықтан Исаға толық еліктей алмайтының рас. Дегенмен өміріңді Құдайға шын ниетпен бағыштағандықтан, Исаға барынша еліктегің келетіні сөзсіз. Бұған ескі болмысты тастап, жаңа адам болып өзгере беруге күш салу жатады (Ефестіктерге 4:20—24 оқы). Досын сыйлаған адам, әдетте, оның үлгісі мен жақсы қасиеттеріне еліктейді. Сол сияқты, Исаны құрметтегендіктен сенің де одан тәлім алуға және оған еліктеуге тырысып жүргенің анық.

14. Исаның көктегі Патша ретіндегі билігін мойындайтыныңды қалай көрсетесің?

14 Құдай Ұлының атымен шомылдыру рәсімінен өтудің мәнін түсінетініңді тағы бір жолмен көрсете аласың. Құдай “бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті” (Ефес. 1:22). Сондықтан Исаның Ехобаға бағышталған адамдарға жүргізіп жатқан басшылығын құрметтеуің қажет. Мәсіх басшылық ету үшін кемелсіз адамдарды қолданады. Ол жергілікті қауымдарға рухани толысқан ерлерді ақсақал етіп тағайындайды. Мұндай құрылым “қасиеттілерді түзету, қызмет ету және Мәсіхтің денесін нығайту” үшін ұйымдастырылған (Ефес. 4:11, 12 ЖД). Кемелсіз адам қателік жасаған күнде де, Иса көктегі Патшамыз ретінде оны қашан әрі қалай түзету керектігін біледі. Бұған сен сенімдісің бе?

15. Шомылдыру рәсімінен өткен соң қандай баталарға ие боласың?

15 Кейбіреулер әлі өмірін Ехобаға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтпеген. Сен солардың бірі болсаң, жоғарыда айтылған ойлардан Құдайдың Ұлын мойындаудың дұрыс әрі ризашылықтың белгісі екенін түсінесің. Құдай Ұлының атымен шомылдыру рәсімінен өтудің арқасында сен зор баталарға ие боласың (Жохан 10:9—11 оқы).

Киелі рухтың атымен

16, 17. Киелі рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өту сен үшін нені білдіреді?

16 Киелі рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өту нені білдіреді? Жоғарыда айтылғандай, Алғашқы өнім мейрамы кезінде Петірді тыңдаған адамдар киелі рухтың не екенін білген. Оның үстіне, сол күні Құдайдың киелі рухты қолданып жатқанының куәсі болды. Петірдің өзі де “Киелі Рухқа кенеліп... бөтен тілдерде сөйлей бастады” (Ел. іс. 2:4, 8). “Атымен” деген сөз тұлғаға ғана байланысты қолданылмайды. Бүгінде көп нәрсе “үкіметтің атынан” жасалады, ал үкімет тұлға емес. Демек, бұл нәрселер үкіметтің билігімен жасалып жатыр. Сол сияқты киелі рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өткен адам киелі рухтың тұлға емес, Ехобаның әрекет етуші күші екенін түсінеді. Сондай-ақ ол киелі рухтың Құдайдың ниетіндегі рөлін мойындайды.

17 Сен де Киелі кітапты зерттеу барысында киелі рух туралы білген шығарсың. Мысалы, Киелі кітап Құдай рухының жетелеуімен жазылғанын білдің (Тім. 2-х. 3:16). Рухани өскен сайын, ‘көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтынын’, оны саған да беретінін, терең түсіне бастадың (Лұқа 11:13). Бәлкім, өз өміріңде киелі рухтың әрекет еткен кездерін көрген шығарсың. Ал егер киелі рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өтпеген болсаң ше? Онда болашақта осылай етсең, Ехоба Әкеміз киелі рухын сыйлайды деген Исаның сөздеріне сай, сені мол баталар күтіп тұрғаны сөзсіз.

18. Құдайға киелі рухтың атымен бағышталғандар қандай баталар алады?

18 Ехобаның бүгінде де мәсіхшілер қауымына киелі рух арқылы басшылық беріп жатқаны анық. Сондай-ақ Құдай рухы әрқайсымызға күнделікті өмірімізде көмектеседі. Киелі рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өткеніміз оның өмірімізде қандай да бір рөл атқаратынын түсінгенімізді және оның басшылығына сай дайындықпен әрекет ететінімізді білдіреді. Алайда кейбіреулер: “Егер мен Құдайға бағышталсам, соған сай өмір сүре аламын ба? Киелі рух маған қалай көмектесе алады?”— деп сұрауы мүмкін. Бұл сұрақтар келесі мақалада қарастырылады.

[Сілтемелер]

a Деизм көзқарасын ұстанатындар Құдай барына сенеді, бірақ ол жаратылыстарының өміріне араласпайды деп ойлайды.

b 1981 жылдың 22 қазандағы “Ояныңдар!” (ағ.) журналының 3—8 беттерін қараңдар.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Әкенің атымен шомылдыру рәсімінен өтуге не жатады?

• Ұлының атымен шомылдыру рәсімінен өту нені білдіреді?

• Әкенің және Ұлының атымен шомылдыру рәсімінен өтудің мәнін түсінетіндеріңді қалай көрсете аласыңдар?

• Киелі рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өту деген нені білдіреді?

[10-беттегі сурет]

Б. з. 33 жылы Алғашқы өнім мейрамы кезінде жаңа шәкірттер көктегі Әкемен қандай қарым-қатынасқа ие болды?

[Түпдерек]

By permission of the Israel Museum Jerusalem

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу