Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.1. 16—20 бет.
  • Балаларыңа қиындықтармен күресуге көмектесіңдер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Балаларыңа қиындықтармен күресуге көмектесіңдер
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобамен жеке қарым-қатынас дамыту
  • Жақсы пікір алысу үшін не қажет?
  • Отбасылық ғибадат кезіндегі жаттығулар
  • Қауіпсіз айлақ
  • Балаларыңды мақтаңдар
  • Ата-аналар мен балалар, сүйіспеншілікпен пікір алысыңдар
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • “Балалар — Ехобаның берген мұрасы”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Отбасын рухани берік етіңдер
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.1. 16—20 бет.

Балаларыңа қиындықтармен күресуге көмектесіңдер

БІЗДІҢ жастар жиі қысым көруде. Өйткені оларға Шайтан дүниесінің рухымен және ‘жастықтың құмарлықтарымен’ күресуге тура келеді (Тім. 2-х. 2:22; Жох. 1-х. 5:19). Сонымен қатар ‘Жаратушыларын жасөспірім кезеңінен есте ұстауға тырысатындықтан’, олар сенімдерін бөліспейтіндердің тарапынан келеке-мазаққа, тіпті күш көрсетуге кезігеді (Екк. 12:1). Винсентa есімді ер бауырлас жастық шағын есіне алып былай дейді: “Куәгер болғаным үшін маған біреулер үнемі тиісіп, күш көрсетіп, төбелесуге арандататын. Жиі жағдайдың қиындап кететіні сонша — мектепке барғым келмейтін”.

Кейбір жастар бұл дүниенің қысымына қоса, басқа да сынақтарға кезігеді. Мысалы, олар құрбы-құрдастарына ұқсас болу қалауымен күресіп жүрген шығар. Он алты жасар Кетлин есімді қыз бауырлас: “Басқалардың саған біртүрлі адам деп қарағаны ауыр тиеді”,— дейді. Алан есімді жас бауырлас болса: “Сыныптастарым демалыс күндері қыдырып келуге жиі шақыратын. Менің қатты барғым келетін”,— деп мойындайды. Сондай-ақ жастар мектепте өтетін спорттық жарыстарға қатысамын деп оп-оңай жаман ортаға түсіп қалулары мүмкін. “Мен спортты қатты жақсы көремін. Сондықтан мектептегі жаттықтырушылар мені жарысқа қатысуға шақырғанда, одан бас тарту оңайға соқпайтын”,— дейді Таня есімді жас бауырлас.

Ата-аналар балаларына қиындықтармен күресуге қалай көмектесе алады? Ехоба ата-анаға тәлім-тәрбие беру міндетін жүктеген (Нақ. с. 22:6; Ефес. 6:4). Құдайды қастерлейтін ата-ананың мақсаты — балаларын Ехобаға шын жүректен мойынсұнуға үйрету (Нақ. с. 6:20—23). Осының арқасында балалар, ата-аналары қасында болмаса да, қысымға төтеп бере алады.

Ақша табу, бала өсіру және қауым істеріне қатысу — осының бәрін бірге алып жүру ата-анаға оңай емес. Ал жалғыз басты не жұбайы сенімін бөліспейтін ата-аналарға бұларды атқару тіптен қиын. Сонда да Ехоба олардан балаларына тәлім-тәрбие беруге уақыт бөлуді талап етеді. Олай болса, балаларыңа күнделікті кезігетін қысым мен азғыруларға төтеп беруге қалай көмектесе аласыңдар?

Ехобамен жеке қарым-қатынас дамыту

Ең алдымен, жастар Ехобаны шынайы тұлға ретінде танып білулері қажет. Оларға ‘көзге көрінбейтін Жаратқан Иені көре’ алуға көмектесу керек (Евр. 11:27). Жоғарыда аталған Винсент Ехобамен жеке қарым-қатынас дамытуға ата-анасының қалай көмектескенін есіне алып: “Олар маған дұға етудің маңыздылығын түсіндірді. Бала кезімнен ұйықтар алдында үнемі Ехобаға дұға ететінмін. Ол мен үшін шынайы тұлға болатын”,— деді. Балаларыңмен бірге дұға айтасыңдар ма? Олардың Ехобаға не туралы дұға ететіндерін неге тыңдап көрмеске? Олар жай ғана жаттанды сөздерді қайталай бере ме, әлде сөздерінен Құдаймен тығыз қарым-қатынаста екендіктері байқала ма? Осылайша олардың рухани күйін анықтай аласыңдар.

Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамытудың тағы бір жолы — балалардың Киелі кітапты жеке өздерінің оқуы. Жоғарыда аталған Кетлин былай дейді: “Жас кезімде Киелі кітапты толық оқып шыққанымның көп пайдасы тиді. Бұл маған адамдар қарсы болса да, Ехобаның мені қолдайтынына сенімділік берді”. Балаларыңда Киелі кітапты оқу кестесі бар ма? (Заб. 1:1—3; 76:13).

Рас, әр бала ата-анасының тәрбиесін әртүрлі қабылдайды. Сондай-ақ олардың рухани өсуі де жасына байланысты болуы мүмкін. Әйтсе де тәлім-тәрбие бермесе, балаға Ехобаны шынайы тұлға ретінде танып білу қиын болады. Балалар түрлі жағдайда Ехобаның алдында ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білулері үшін ата-аналар Құдай Сөзін олардың санасына құю керек (Заң. қ. 6:6—9). Ехоба жеке өздерінің қамын ойлайтынына балаларың сенімді ме?

Жақсы пікір алысу үшін не қажет?

Балаларға көмектесудің тағы бір тиімді жолы — пікір алысу. Жақсы пікір алысу үшін балаларыңмен жай ғана әңгімелесу жеткіліксіз. Бұған сұрақтар қою және жауабы көңіліңнен шықпаса да сабырлықпен тыңдау жатады. Екі баланың анасы Анна былай дейді: “Балаларымның ойындағысын және қандай жағдайға кезігіп жүргендерін анығырақ білу үшін сұрақтар қоямын”. Сендер балаларыңды мұқият тыңдайсыңдар ма? Жоғарыда аталған Таня: “Ата-анам мені мұқият тыңдап, айтқанымды естерінде сақтайтын. Сондай-ақ сыныптастарымның есімдерін білетін. Ата-анам олар туралы және бұрын сөйлескен нәрселер жайлы сұрайтын”,— дейді. Тыңдау және айтылғанды есте сақтау жақсы пікір алысу үшін өте маңызды.

Көп отбасылар дастарқан басында жиналғанда пікір алысуға жақсы мүмкіндік туатынын байқаған. Винсент былай дейді: “Біздің отбасымызда бірге отырып тамақтану маңызды еді. Мүмкін болған жағдайдың бәрінде барлығымыз дастарқан басында жиналатынбыз. Бұл уақытта оқуға, теледидар көруге не радио тыңдауға болмайтын. Еркін әңгімелесіп отыратын осындай керемет сәттер мектептегі қиындықтармен күресуге күш берді. Дастарқан басында әңгімелесу дағдыға айналғандықтан, күрделі мәселелерде ата-анамнан көмек сұрау әлдеқайда жеңіл болатын”.

Өздеріңнен былай деп сұрап көріңдер: Біз отбасы болып тамақтанғанда өзара пікір алысамыз ба? Балалармен көбірек және жақсырақ пікір алысу үшін не істей аламыз?

Отбасылық ғибадат кезіндегі жаттығулар

Отбасымен ғибадат еткенде де ашық пікір алысуға және балаларға қиындықтармен күресуге көмектесудің мүмкіндігі туады. Алан былай дейді: “Отбасылық ғибадат кезінде ата-анам бізді әңгімеге тартатын. Олар бізге тиімді болатын тақырыптарды қарастыратын”. Ал оның анасы былай дейді: “Ғибадат кешінің белгілі бір уақытын балалар кезігуі мүмкін жағдайды ойнап, жаттығуға арнайтынбыз. Олар осындай жаттығулардың арқасында өз сенімдерін қорғауға және оның шынайы екенін дәлелдеуге үйренді. Осылайша қиындықтардан қорықпайтын болды”.

Құрбы-құрдастарының қысымына кезіккенде, балаларға жиі жай ғана “жоқ” деп, кетіп қалу жеткіліксіз. Олар “неліктен” және “неге болмайды” деген сұрақтарға жауап бере алулары керек. Сондай-ақ сенімдері үшін келеке-мазаққа қалса, қалай әрекет ету керектігін нақты білгендері жөн. Егер сенімдерін қорғай алмаса, балаларға шынайы ғибадат жағында берік тұру қиын болады. Осы орайда отбасылық ғибадат кешіндегі жаттығулардың көмегі зор.

Отбасылық ғибадат кезінде 18-бетте орналасқан қоршаудағы жағдайларды орындап, жаттықсаңдар болады. Шынайы болып көріну үшін балалардың берген жауаптарына қарсы пікір білдіріңдер. Бұған қоса, олардың жағдайына сай келетін Киелі кітаптағы мысалдарды қарастыруға болады. Осындай жаттығулар балаларды кез келген сынаққа төтеп беруге дайындайды.

Қауіпсіз айлақ

Балаларың мектептен кейін үйге келуге асыға ма? Үйлерің қауіпсіз айлақ іспетті болса, бұл оларға күнделікті қиындықтармен күресуге көмектеседі. Қазір Бетелде қызмет ететін бір әйел бауырлас былай деп есіне алды: “Кішкентай кезімде үйіміздің қауіпсіз айлақ іспетті болғаны мен үшін өте маңызды еді. Мектепте қандай қиындыққа кезіксем де, үйге оралғанда бәрі жақсы болатынын білетінмін”. Ал сендердің үйлерің туралы не деуге болады? Үйлеріңде ұрыс-керіс, ашу-ыза мен жік салу жиі орын ала ма, әлде ол сүйіспеншілік, қуаныш пен тыныштықтың мекені ме? (Ғал. 5:19—23). Егер татулық болмаса, үйлеріңді қауіпсіз айлаққа айналдыру үшін бар күштеріңді саласыңдар ма?

Балаларыңның араласатын ортасы жақсы болса, бұл да оларға қиындықтармен күресуге көмектеседі. Мысалы, неге қауымдағы кейбір рухани толысқан бауырластарды отбасыңмен бірге демалуға шақырмасқа? Сондай-ақ аралаушы бақылаушыны немесе толық уақытты қызметтегі басқа да бауырластарды қонаққа шақыра аласыңдар ма? Миссионерлер мен бетелдіктерді үйге шақыру мүмкіндіктерің болса, балаларды да дастарқан басына жинап, әңгімеге тартасыңдар ма? Мұндай бауырластармен араласу оларды дұрыс өмір жолын таңдауға және рухани мақсаттар қоюға талпындырады. Пауылдың жас Тімотеге жақсы ықпал еткені — соның бір мысалы (Тім. 2-х. 1:13; 3:10). Онымен тығыз араласқаны Тімотеге рухани мақсаттарын қалдырмауға көмектесті (Қор. 1-х. 4:17).

Балаларыңды мақтаңдар

Шайтан дүниесінің қысымына қарамастан, жастардың адалдық сақтағаны Ехобаны қуантады (Заб. 146:11; Нақ. с. 27:11). Олардың даналықпен әрекет етіп жүргенін көру ата-ананы да қуантатыны сөзсіз (Нақ. с. 10:1). Балаларға жақсы көретіндеріңді айтыңдар және мақтау сөздерге жомарт болыңдар. Осы орайда Ехоба ата-аналарға керемет үлгі көрсетті. Иса шомылдыру рәсімінен өткенде, Ехоба оған: “Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толықтай ризамын!”— деген (Мар. 1:11). Әкесінің осы сөздері Исаны болашақ сынақтарға төтеп беруге қаншалықты жігерлендірді десеңші! Сол сияқты, сендер де балаларыңа бағалайтындарыңды айтып, жеткен жетістіктері үшін мақтап отырыңдар.

Әрине, балаларды барлық қысым мен келеке-мазақтан қорғап қалу мүмкін емес. Сонда да оларға зор көмек бере аласыңдар. Қалайша? Бұл үшін: Ехобамен жеке қарым-қатынас дамытуларына көмектесіңдер; жақсы пікір алысуға жағдай жасаңдар; отбасылық ғибадатты барынша тиімді етіңдер және үйлеріңді қауіпсіз айлаққа айналдырыңдар. Осылардың арқасында балаларыңның көптеген қиындықтарға төтеп беруге дайын болары сөзсіз.

[Сілтеме]

a Мақаладағы кейбір есімдер өзгертілген.

[18-беттегі қоршау/сурет]

ТИІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР

Төменде жастар кезігуі мүмкін жағдайлар келтірілген. Оларды отбасылық ғибадат кезінде неге орындап көрмеске?

▸ Жаттықтырушы балаңды спорттық жарысқа қатысуға шақырады.

▸ Мектептен қайтқанда, біреулер балаңа темекі тартуды ұсынады.

▸ Қызметте жүргенін көрген сыныптасы мектепте балаңнан: “Сен “сектаға” кіріп кеткенсің бе?”— деп сұрайды.

▸ Балаң үйден-үйге уағыздап жүргенде сыныптасына кезігіп қалады.

▸ Мұғалім бүкіл сыныптың алдында балаңнан: “Неге қолыңды кеудеңе қойып, әнұран айтпайсың?”— деп сұрайды.

▸ Мектепте кейбіреулер балаңды “сектаға” кіріп кетті деп мазақтайды.

[17-беттегі сурет]

Балаларыңда Киелі кітап оқу кестесі бар ма?

[19-беттегі сурет]

Отбасымен демалғанда рухани толысқан бауырластарды шақырасыңдар ма?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу