Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.1. 21—23 бет.
  • Әрбір күнің Құдайға мадақ әкелсін

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Әрбір күнің Құдайға мадақ әкелсін
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бағышталуымызға сай өмір сүру
  • Өзгелердің қамын ойлау
  • “Күн-түн демей” қасиетті қызметті атқару
  • “Бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!”
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Ер бауырластар, рухқа қызмет етіп, жауапкершілікке ұмтылыңдар!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қауымдағы орнымызды бағалайық
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхшілер өзгелерге қызмет етіп, бақытқа бөленеді
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.1. 21—23 бет.

Әрбір күнің Құдайға мадақ әкелсін

“ТАҢ ата маған естіртші мейіріміңді,.. көрсетші Маған қай жолмен жүретінімді”,— деп забур жыршысы Дәуіт Ехобаға дұға еткен (Заб. 142:8). Дәуіт іспетті, сен де ұйқыңнан оянып, Ехобаға жаңа күн үшін ризашылығыңды білдіргенде, шешімдер қабылдауыңа және дұрыс жолмен әрекет етуіңе Құдайдан басшылық сұрайсың ба? Әрине, осылай ететінің шүбәсіз.

Ехобаның бағышталған қызметшілері ретінде біз не істесек те, “бәрін Құдайды дәріптеу үшін” істеуге тырысамыз (Қор. 1-х. 10:31). Күнделікті өмір сүру салтымызбен Құдайға не мадақ әкелетінімізді, не оның атына кір келтіретінімізді түсінеміз. Сондай-ақ Киелі кітапта айтылғандай, Шайтан Мәсіхтің бауырластарымен қоса, Құдайдың жер бетіндегі барлық қызметшілеріне “күні-түні” жала жауып жатқанын есте ұстаймыз (Аян 12:10). Сол себепті “күні-түні” киелі қызметті атқаруымызбен Шайтанның жаласын жоққа шығаруға және Ехобаның жүрегін қуантуға бел будық (Аян 7:15; Нақ. с. 27:11).

Әрбір күніміз Құдайға мадақ әкелетіндей өту үшін не істеуге болады? Мұның екі маңызды жолын қысқаша қарастырайық. Біріншісі, күнделікті өмірімізде басты орында тұратын нәрсені анықтап алу. Екіншісі, басқалардың қамын ойлауға дайын болу.

Бағышталуымызға сай өмір сүру

Ехобаға өзімізді бағыштауымызбен оған шын жүректен қызмет етуге ықылас білдірдік. Сонымен қатар оның жолымен “күнде”, яғни мәңгі, жүруге уәде бердік (Заб. 60:6, 9). Берген уәдемізде қалай тұра аламыз? Ехобаға деген жан дүниеміздегі сүйіспеншілікті қалай күн сайын көрсете аламыз?

Киелі кітапта Ехобаның бізге жүктеген міндеттері анық жазылған (Заң. қ. 10:12, 13). Солардың кейбірі 22-беттегі “Құдай жүктеген міндеттер” деп аталатын қоршауда келтірілген. Құдай жүктегендіктен бұл міндеттер маңызды болып табылады. Кейде екі не одан да көп міндетті қатарынан бір уақытта атқару керек болып жатады. Мұндай кезде қайсысына баса назар аударуымыз қажет?

Біз өмірімізде басты орынға қасиетті қызметімізді қоямыз. Бұған Киелі кітапты зерттеу, дұға айту, қауым кездесулеріне бару және уағыздау қызметі жатады (Мат. 6:33; Жох. 4:34; Пет. 1-х. 2:9). Әйтсе де бұл істермен күні бойы айналыспаймыз. Өйткені күнделікті тіршілігімізді жасауымыз керек, мысалы, жұмыс істеу, мектепке бару және үйдің шаруашылығымен айналысу. Сөйте тұра жұмыс пен басқа да істеріміздің қауым кездесулеріне қатысу сияқты қасиетті қызметімізді атқаруға кедергі болуына жол бермейміз. Мәселен, демалысқа шығуды жоспарлағанда, аудандық бақылаушының кездесулерін, арнайы бір күндік, аудандық және облыстық конгрестерді өткізіп алмауды ескереміз. Кейде бірнеше міндеттерімізді қосып атқаруға болады. Мысалға Патшалық сарайын отбасымызбен жұмыла тазалауға немесе жұмыста әріптестерімізге, мектепте сыныптастарымызға үзіліс уақытында түскі асты ішіп отырып уағыздауға болады. Иә, қандай шешім қабылдамайық, мейлі ол қай жұмысқа тұру, баламызды қай мектепке беру, қандай адамдармен достасу болсын, Ехобаға ғибадат ету өміріміздің басты орнында тұру керек. Бұл қандай шешімдер қабылдайтынымызға ықпал етуі тиіс (Екк. 12:13).

Өзгелердің қамын ойлау

Ехоба өзгелердің қамын ойлап, жақсылық жасағанымызды қалайды. Ал Шайтан болса өзімшілдікке талпындырады. Ол билеген дүние “өзімшіл”, “ләззат-ермекті” жақсы көретін, сондай-ақ “күнәкар болмысын қанағаттандырушы” адамдарға толы (Тім. 2-х. 3:1—5; Ғал. 6:8). Көп адам істеген істерінің басқаларға қалай әсер ететінін ойлана бермейді. Иә, күнәкар болмыстан туындайтын іс-әрекеттер кең етек жайған (Ғал. 5:19—21).

Ехобаның киелі рухымен жүретіндердің көзқарастары мен мінез-құлықтары мұндай адамдардан қатты ерекшеленеді. Құдайдың қызметшілері өзгелермен қарым-қатынасында сүйіспеншілік, қайырымдылық және ізгілік танытады (Ғал. 5:22). Құдай Сөзі басқалардың мүддесін өзіміздікінен жоғары қоюға шақырады. Сондықтан өзгелерге бірінші болып көңіл бөлеміз, бірақ олардың жеке мәселелеріне араласпаймыз (Қор. 1-х. 10:24, 33; Філіп. 2:3, 4; Пет. 1-х. 4:15). Біз әсіресе бауырластарымыздың қамын ойлаймыз. Сонымен қатар бір сенімде емес адамдарға да көмектесуге тырысамыз (Ғал. 6:10). Бүгін кез келген адамға жақсылық жасаудың мүмкіндігін неге пайдаланбасқа? (23-беттегі “Кімдерге көңіл бөліп, қамын ойлауымыз қажет?” деп аталатын қоршауды қара.)

Адамға белгілі бір уақыт аралығында не нақты жағдайда ғана көңіл бөлумен шектелмеуіміз керек (Ғал. 6:2; Ефес. 5:2; Сал. 1-х. 4:9, 10). Қайта, күн сайын басқалардың жағдайын біле жүріп, тіпті өзімізге ыңғайсыз болса да, көмек көрсетуге тырысайық. Өзіміздегінің бәрін жомарттықпен берейік, мысалға уақытымызды бөлейік, материалдық игіліктерімізбен және тәжірибемізбен бөлісейік. Өзгелерге жомарттықпен берсек, Ехоба бізге де жомарттықпен беретініне сенімді бола аламыз (Нақ. с. 11:25; Лұқа 6:38).

“Күн-түн демей” қасиетті қызметті атқару

Ехобаға “күн-түн демей” қасиетті қызметті атқару мүмкін бе? Иә, мүмкін. Бұл үшін ұдайы әрі ұқыптылықпен ғибадатымыздың барлық саласына атсалысу қажет (Ел. іс. 20:31). Құдай Сөзін күнделікті оқып, үстінен ой жүгірту, ұдайы дұға айту, қауым кездесулерінің бәріне қатысуға тырысу және куәлік берудің әр мүмкіндігін қалт жібермеу арқылы қасиетті қызметімізді атқара аламыз (Заб. 1:2; Лұқа 2:37; Ел. іс. 4:20; Сал. 1-х. 3:10; 5:17).

Ал әрқайсысымыз Ехобаның алдында осы қасиетті қызметімізді орындап жүрміз бе? Егер солай етіп жүрсек, Құдайға ұнамды болуға және Шайтанның жаласын жоққа шығаруға деген ықыласымыз күнделікті өміріміздің барлық саласынан көрініп тұрады. Біз не істесек те, қандай жағдайға кезіксек те, Ехобаға мадақ әкелуге ұмтыламыз. Сөзіміз бен жүріс-тұрысымызға, сондай-ақ қабылдамақ шешімдерімізге келгенде оның принциптерін басшылыққа аламыз. Ехобаның қамқорлығы мен қолдауына деген ризашылығымызды өзіне толықтай арқа сүйеу арқылы және күш-қуатымызды аямай, тапсырған қызметін атқару арқылы көрсете аламыз. Кемелсіз болғандықтан Құдайдың нормаларына сай келе алмай қалған сәтте, кеңестеріне құлақ асып, түзетулерін қабыл аламыз (Заб. 31:5; 118:97; Нақ. с. 3:25, 26; Қол. 3:17; Евр. 6:11, 12).

Әр күні Құдайды дәріптеп өмір сүре берейік. Осылайша жан-дүниемізге тыныштық орнайды әрі мәңгі көктегі Әкеміздің қамқорлығын көретін боламыз (Мат. 11:29; Аян 7:16, 17).

[22-беттегі қоршау/суреттер]

Құдай жүктеген міндеттер

• Ұдайы дұға айту (Рим. 12:12).

• Киелі кітапты оқу және зерттеу, сондай-ақ білгенімізді өмірде қолдану (Заб. 1:2; Тім. 1-х. 4:15).

• Қауым кездесулерінде Ехобаға ғибадат ету (Заб. 34:18; Евр. 10:24, 25).

• Үй ішінің материалдық, рухани және эмоциялық қажеттіліктерін қанағаттандыру (Тім. 1-х. 5:8).

• Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздау мен шәкірт дайындау (Мат. 24:14; 28:19, 20).

• Денсаулығымызды күту, рухани күйімізді жақсартып отыру және эмоциялық қажеттіліктерімізді қанағаттандыру, сондай-ақ пайдалы болатындай етіп демалу (Мар. 6:31; Қор. 2-х. 7:1; Тім. 1-х. 4:8, 16).

• Қауымдағы міндеттерді атқару (Ел. іс. 20:28; Тім. 1-х. 3:1).

• Үйіміздің және Патшалық сарайының іші-сыртын таза етіп ұстау (Қор. 1-х. 10:32).

[23-беттегі қоршау/сурет]

Кімдерге көңіл бөліп, қамын ойлауымыз қажет?

• Қарт бауырластарға (Леуі. 19:32).

• Ауыр дертке шалдыққандар мен жан азабын тартып жатқандарға (Нақ. с. 14:21).

• Біздің көмегімізге қатты мұқтаж бауырласқа (Рим. 12:13).

• Отбасы мүшелеріне (Тім. 1-х. 5:4, 8).

• Жұбайы қайтыс болған бауырласқа (Тім. 1-х. 5:9).

• Аянбай еңбек етіп жүрген қауым ақсақалдарына (Сал. 1-х. 5:12, 13; Тім. 1-х. 5:17).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу