Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.9. 25—29 бет.
  • Ехобаның құтқару шарасын бағалайсыңдар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның құтқару шарасын бағалайсыңдар ма?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бізді неліктен құтқару қажет?
  • Бізді құтқару үшін Иса қандай құн төледі?
  • Бізді құтқару үшін Ехоба қандай құн төледі?
  • Құтқарылғанымыз үшін ризашылық білдірейік
  • Құдайдың адамзатты құтқару үшін қолданған шарасы
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Күнәкар адамзатты құтқару үшін Ехоба шара жасады
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Ехобаға ұнамды мадақтау құрбандықтары
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.9. 25—29 бет.

Ехобаның құтқару шарасын бағалайсыңдар ма?

“Исраилдің сиынатын Құдайы мадақтала берсін: Жаратқан Иесі! Ол таңдап алған халқына келеді, Оны құтқарып ап азат етеді!” (ЛҰҚА 1:68).

1, 2. Қазіргі жағдайымыздың қауіптілігін немен салыстыруға болады және қандай сұрақтарды қарастырамыз?

АУРУХАНАДА төсек тартып жатқаныңды елестетіп көрші. Сен жатқан палатадағы адамдардың бәрі емі белгісіз қатерлі індетке шалдыққан. Бір дәрігер емін табу үшін көп күш салып жатқанын білгенде, көңіліңде үміт пайда болады. Содан бастап кез келген жаңалықты тағатсыздана күтесің. Бір күні саған індеттің емі табылды деген жақсы хабар жетеді. Сондай-ақ дәрігердің үлкен құрбандыққа барғанын білдің. Сонда сен қандай сезімде болар едің? Сені және қасыңдағыларды өлімнен аман алып қалатын ем тапқан дәрігерге зор ризашылық білдірерің әрі шын жүректен құрмет көрсетерің сөзсіз.

2 Бұл жағдай тым әсірелеп айтылғандай болып көрінгенімен, бәріміздің қазіргі күйімізді жақсы бейнелейді. Біз бұдан да қауіпті жағдайдамыз, әрі өмірімізді сақтап қалатын құтқарушыға аса мұқтажбыз (Римдіктерге 7:24 оқы). Аман қалуымыз үшін Ехоба үлкен құн төледі. Оның Ұлы да зор құрбандыққа барды. Сондықтан келесі төрт негізгі сұрақты қарастырайық: Бізді неліктен құтқару қажет? Құтқару үшін Иса қандай құн төледі? Ехоба қандай құн төледі? Құдайдың құтқару шарасын бағалайтынымызды қалай көрсете аламыз?

Бізді неліктен құтқару қажет?

3. Неге күнәні індетпен салыстыруға болады?

3 Соңғы есеп бойынша, адамзат тарихындағы ең жойқын індет — 1918 жылдары ондаған миллион адам өмірін жалмаған испан тұмауы. Өмірге әлдеқайда қауіпті басқа да жұқпалы аурулар бар. Олар көп адамға жұқпаса да, жұқтырғандардың басым көпшілігі аман қалмайдыa. Күнәні осындай індетпен салыстыруға болады. Римдіктерге 5:12-де: “Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді. Адамдардың бәрі де ажалды болды, өйткені барлығы күнә жасады”,— делінген. Күнә адамзаттың 100 пайызына жұққан, сондықтан кемелсіз адамдардың бәрі күнә жасайды (Римдіктерге 3:23 оқы). Сонда өлім қаупі қанша адамға төнді? Пауыл “адамдардың бәрі де” ажалды болды деді.

4. Ехобаның адам ғұмырына деген көзқарасы қандай және оның адамдардыкінен айырмашылығы неде?

4 Қазіргі кезде көп адам күнә мен өлімді қалыпты жағдай деп қарастырады. Олар мезгілсіз өлімнен қорқады, бірақ кәрілікпен біртіндеп келетін өлімді “табиғи” құбылыс деп, оған онша мән бермейді. Мұнысымен адамдар Құдайдың о бастағы ниетінен мүлдем бейхабар екенін көрсетеді. Қазіргі кезде адам ғұмырының Ехоба қалағаннан қысқалығы сонша, салыстыруға да келмейді. Шын мәнінде, Ехобаның көзқарасымен ешбір адам “бір күн” де өмір сүрген емес (Пет. 2-х. 3:8). Сол себепті Құдай Сөзінде адам ғұмырының бір мезгілге көктеп шығатын шөп немесе өкпеден шыққан дем сияқты өткінші екені жазылған (Заб. 38:6; Пет. 1-х. 1:24). Осы жайтты ұмытпағанымыз жөн. Неге? Бізге жұққан “індеттің” қандай зардап тигізгенін түсінсек, оның “емін”, яғни құтқару үшін жасалған шараны, бағалай түсеміз.

5. Күнә бізді неден айырды?

5 Күнә мен оның салдары қаншалықты жойқын екенін білу үшін, ол бізді неден айырғанын түсінуге тырысуымыз керек. Бұл, әрине, оңай емес, себебі айырылған игіліктерді біз осы күнге дейін көрген емеспіз. Адам мен Хауа о баста кемелді өмірдің рақатын көрген. Тәндері мен ой-саналары кемелді болғандықтан, олар өз ойларын, сезімдері мен іс-әрекеттерін қадағалай алған. Сондықтан Құдайдың қызметшілері ретінде рухани өсіп, ұнамды қасиеттер дамытуға мүмкіндіктері болды. Бірақ олар осы керемет сыйды ысырып тастады. Ехобаға қарсы әрекет етуді шешіп, нәтижесінде Құдай дайындаған өмірден өздері де айырылды, ұрпақтарын да айырды (Жар. 3:16—19). Басқаша айтқанда, бүкіл адамзат жоғарыда айтып кеткен қауіпті “індетке” шалдықты. Ақырында Ехоба екеуіне әділ үкім шығарды. Бірақ ұрпақтарына құтқарылуға үміт берді (Заб. 102:10).

Бізді құтқару үшін Иса қандай құн төледі?

6, 7. а) Бізді құтқару қымбатқа түсетінін Ехоба алғаш рет қалай білдірді? ә) Мұса Заңы берілмей тұрғанда шалынған құрбандықтардан не білеміз?

6 Ехоба Адам мен Хауаның ұрпағын күнәдан азат ету үшін үлкен құн төлеу керек болатынын білген. Бұған қатысты кейбір жайттарды Жаратылыс 3:15-тегі пайғамбарлықтан білеміз. Онда Ехоба Шайтанды біржола жоятын “ұрпақ”, яғни құтқарушы, жіберетіні айтылған. Бірақ құтқарушының бейнелі мағынада өкшесі шағылып, азап шегуіне де тура келеді. Өкшенің шағылғаны ауыртады және әлсіретеді. Алайда пайғамбарлықта бұл нені білдіреді? Ехоба таңдаған Құтқарушыға қандай қиындыққа төзуге тура келеді?

7 Адамзатты күнәдан азат ету үшін, құтқарушы лайықты құн төлеу керек. Бұл күнәнің салдарын жойып, адамдарды Құдаймен татуластыруға жол ашады. Мұның бәрі жүзеге асу үшін не қажет? Ерте кезде орын алған жайттардан біз құрбандық шалу талап етілетінін көреміз. Мысалы, алғашқы адал адам Әбілдің құрбандыққа мал шалғаны Ехобаға ұнаған. Кейінірек Құдайды қастерлеген Нұх, Ыбырайым, Жақып, Әйүп сияқты қызметшілердің де осындай құрбандықтарына Ехоба риза болған (Жар. 4:4; 8:20, 21; 22:13; 31:54; Әйүп 1:5). Мұса Заңы берілгенде, құрбандық шалуға қатысты жайттар ашыла түсті.

8. Жыл сайынғы Кешірім күні бас діни қызметкер қандай рәсімдер жасайтын болған?

8 Мұса заңы бойынша талап етілетін ең маңызды құрбандықтардың бірі жыл сайын өткізілетін Кешірім күнінде шалынатын. Сол күні бас діни қызметкер бейнелі мағынасы бар бірнеше рәсімдер жасаған. Ол алдымен дін қызметшілер тобының, кейін дін қызметшілеріне жатпайтын рулардың күнәсі кешірілу үшін, Ехобаның алдында құрбандық шалған. Сосын киелі шатырдың ең қасиетті бөлмесіне кіріп, ондағы келісім сандығының алдында шалынған құрбандықтың қанын бүркіп шашатын. Мұндай қызметті тек бас діни қызметкер, әрі жылына бір-ақ рет, яғни Кешірім күні ғана, атқаратын. Сондай-ақ келісім сандығының үстінде кейде жарық бұлт пайда болып, Ехоба Құдайдың сол жерде екенін бейнеледі (Мыс. ш. 25:22; Леуі. 16:1—30).

9. а) Кешірім күні бас діни қызметкер кімді, ал оның шалған құрбандықтары нені бейнелейді? ә) Бас діни қызметкердің ең қасиетті бөлмеге кіруі ненің көрінісі еді?

9 Киелі рухтың жетелеуімен елші Пауыл осы бейнелі рәсімдердің мәнін ашты. Ол Бас діни қызметкер Иса Мәсіхті, ал құрбандық шалу Мәсіхтің құрбандық өлімін бейнелейтінін түсіндірді (Евр. 9:11—14). Бұл кемелді құрбандық екі топ адамдарға күнәдан толық тазаруға жол ашады: біріншісі — Мәсіхтің 144 000 майланған бауырларынан тұратын діни қызметкерлер тобы, екіншісі — “басқа қойлар” (Жох. 10:16). Ал бас діни қызметкердің ең қасиетті бөлмеге кіруі Исаның көкке барып, Ехоба Құдайға өзінің төлем құрбандығының құнын ұсынғанын бейнелейді (Евр. 9:24, 25).

10. Пайғамбарлардың жазбаларынан Мәсіхке нені бастан кешіруге тура келетінін білеміз?

10 Сонымен, Адам мен Хауаның ұрпағын құтқарудың құны өте жоғары: Мәсіх өз өмірін құрбан етуі керек! Осы шындықты Еврей жазбаларындағы пайғамбарлар ашық айтқан. Мысалы, Даниял пайғамбар “қиянаттың бәрі кешірілу” үшін Әмірші Мәсіхтің өлімге кесілетінін нақты жазды (Дан. 9:24—26). Ишая пайғамбар болса Мәсіхті көпшілік қабылдамайтынын, қудалайтынын және ол кемелсіз адамдардың күнәсін өз мойнына алу үшін өлімге кесілетінін айқан (Ишая 53:4, 5, 7).

11. Біздің бостандығымыз үшін Құдай Ұлы өзін құрбан етуге дайын екенін қалай көрсетті?

11 Құдайдың жалғыз Ұлы біздің бостандығымыз үшін қандай құн төлеуіне тура келетінін, яғни азап шегетінін және өлтірілетінін, жерге келмес бұрын білген. Әкесі оған осы шындықтарды ашқанда, ол қарсылық білдірді ме? Жоқ. Керісінше, ол Әкесінің нұсқауын орындауға дайын болды (Ишая 50:4—6). Жерге келгенде де ол Әкесінің еркін мойынсұнушылықпен орындады. Неге? Мұның жауабын ‘Мен Әкемді сүйемін’ деген сөзінен табамыз. Бұған қоса ол: “Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі”,— деді (Жох. 14:31; 15:13). Сонымен біз, айтарлықтай шамада, Құдай Ұлының сүйіспеншілігінің арқасында құтқарылдық. Кемелді адам өмірін қиюға тура келсе де, ол біздің бостандығымыз үшін осындай құн төлеуге дайын болды.

Бізді құтқару үшін Ехоба қандай құн төледі?

12. Төлем құрбандығы кімнің еркімен берілді және неліктен?

12 Төлем құрбандығын беруді ниет еткен немесе шешкен — Иса емес. Құтқару шарасы Ехобаның еркінің маңызды бөлігі еді. Елші Пауыл ғибадатханадағы құрбандық орны Ехобаның еркін бейнелегенін түсіндірді (Евр. 10:10). Олай болса, Мәсіхтің құрбандығы арқылы құтқарылу ең алдымен және негізінен Ехобаның арқасында мүмкін болды (Лұқа 1:68). Бұл оның кемелді еркі мен адамзатқа деген зор сүйіспеншілігінің көрінісі болып табылады (Жохан 3:16 оқы).

13, 14. Ыбырайымның оқиғасы Ехобаның бізді құтқару үшін қандай құн төлегенін түсінуге қалай көмектеседі?

13 Ехоба бізге деген сүйіспеншілігін осындай жолмен көрсету үшін оған қандай құн төлеуге тура келді? Оның қаншалықты қымбатқа түскенін біз толық ұға алмаймыз. Бірақ Киелі кітапта жазылған бір оқиға мұны қандай да бір шамада түсінуге көмектеседі. Ехоба өзіне адал болған Ыбырайымнан өте қиын іс, яғни жалғыз ұлын Ысқақты құрбандыққа шалуды, өтінді. Ыбырайым баласын қатты жақсы көрген. Сондықтан Ехоба оған ‘жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты’ деп сөйлеген (Жар. 22:2). Сонымен Ыбырайым Ехобаның еркін орындауды Ысқаққа деген сүйіспеншілігінен әлдеқайда маңызды деп есептеді де, оны кідірместен орындауға кірісті. Алайда Ехоба өзі болашақта істегелі жатқандай істі Ыбырайымның істеуіне жол бермеді. Періштесін жіберіп, ұлын құрбандыққа шалуға шақ қалғанда, оны тоқтатты. Осындай қиын сынақтан Ыбырайым тайынбай, Құдайға мойынсұнуға бел буды. Сөйтіп жас жігітті қандай да бір жолмен қайта тірілтілгенде ғана көрем деп ойлады. Құдай Ысқақты өмірге қайтаратынына ол кәміл сенді. “Астарлап айтқанда”, Ыбырайым Ысқақты өлімнен қайтарып алды да (Евр. 11:19).

14 Ұлын құрбандыққа шалуға дайындап жатқанда Ыбырайымның жаны қаншалық ауырғанын елестетудің өзі қиын. Оның сезімі Ехобаның “сүйікті рухани Ұлым” деп атаған Мәсіхті құрбандыққа бергендегі сезімін қандай да бір шамада түсінуге көмектеседі (Мат. 3:17). Алайда Ехобаның жаны одан да қатты ауырған болу керек. Себебі оның Ұлы миллиондаған, тіпті миллиардтаған жылдар бойы қасында жүріп, Әкесінің сүйікті “шебер жұмысшысы” және Өкілі, яғни “Сөзі”, ретінде қуана еңбек еткен (Нақ. с. 8:22, 30, 31; Жох. 1:1). Енді осындай Ұлы азап шеккенде, келеке-мазақ болғанда, ақыр соңында қылмыскер ретінде өлтірілгенде, Ехобаның қандай жан азабына төзуге тура келгенін елестете де алмаймыз. Бізді құтқару Ехобаға қымбатқа түскені анық! Ендеше осындай жолмен ие болған бостандықты бағалайтынымызды қалай көрсетеміз?

Құтқарылғанымыз үшін ризашылық білдірейік

15. Иса адамзат күнәсі кешірілу үшін жасаған үлкен ісін қашан аяқтады және бұл қандай бата әкелді?

15 Иса күнәнің кешірілуі үшін жасалған үлкен істі көктегі өмірге қайта тірілгенде аяқтады. Ол сүйікті Әкесінің алдына барып, құрбандығының құнын ұсынды. Бұл зор бата алып келді. Алдымен Мәсіхтің майланған бауырластарының, кейін “бүкіл адамзаттың” күнәсі кешірілді. Осының арқасында күнәсіна шын жүректен өкініп, Исаның шынайы ізбасары болған адамдар Ехоба Құдайдың алдында таза ар-ұжданмен тұра алады (Жох. 1-х. 2:2). Бұл жайт саған қалай әсер етуі керек?

16. Құтқарғаны үшін Ехобаға ризашылық білдіру керектігін қандай мысалмен түсіндіруге болады?

16 Басында келтірілген мысалға оралайық. Індеттен құтылу жолын тапқан дәрігер палатаға кіріп, белгілі бір ем шараларды қабылдаған әрі емдәмді ұстанған адам ғана жазылып кететінін айтты делік. Аурулардың көпшілігі дәрі қабылдау немесе емдәмді ұстану тым қиын деп, дәрігердің нұсқауын орындаудан бас тартса, сен не істейсің? Ем шараның шын мәнінде пайдалы екенінің дәлелдерін біле тұра бас тартасың ба? Әрине, олай етпейсің! Қайта емнің табылғанына риза болып, дәрігердің нұсқауын мұқият орындайсың, тіпті басқаларды да осыған талпындырасың. Олай болса, Ехобаның өз Ұлын құрбандыққа беріп, бізді өлімнен құтқарғаны үшін ризашылығымызды көрсетуге әлдеқайда зор себеп бар емес пе?! (Римдіктерге 6:17, 18 оқы).

17. Ехобаға құтқару шарасы үшін ризашылығыңды қалай білдіре аласың?

17 Күнә мен өлімнен құтқарғаны үшін Ехобаға және оның Ұлына риза болсақ, мұны іс жүзінде танытамыз (Жох. 1-х. 5:3). Күнә жасау бейімділігімізбен күресеміз. Біле тұра күнә жасаудан, осының салдарынан екі жақты өмір сүруден аулақ боламыз. Себебі мұндай әрекет төлем құрбандығын бағаламауды немесе мүлдем елемеуді білдіреді. Керісінше, ризашылығымызды Құдаймен жақсы қарым-қатынас сақтауға барынша тырысуымызбен көрсетеміз (Пет. 2-х. 3:14). Сондай-ақ оны адамдармен осы тамаша үмітімізді бөлісумен де көрсетеміз. Сонда олар да Ехобаның алдында таза тұрып мәңгілік өмірге үміттене алады (Тім. 1-х. 4:16). Расында да, Ехоба мен оның Ұлы барынша уақыт пен күш жұмсап мадақтауымызға лайық! (Мар. 12:28—30). Ойлап қарашы: Бәріміз де күнәдан толық арылатын күнді аңсап күтудеміз. Әрі Құдай о баста ниет еткеніндей, кемелді әрі мәңгі өмір сүре аламыз. Осының бәрі Ехобаның құтқару үшін жасаған шарасының арқасында мүмкін болып отыр (Рим. 8:21).

[Сілтеме]

a Деректерге сай, індет кезінде испан тұмауын дүниежүзінің 20—50 пайызға жуық тұрғыны жұқтырған. Солардың шамамен 1—10 пайызы көз жұмды. Ал эбола вирусы кең тарамаса да, оны жұқтырғандардың 90 пайызы қаза болған.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Неге сен құтқарылуға аса мұқтажсың?

• Исаның жанқиярлық ісі саған қалай әсер етті?

• Ехобаның үлкен құн төлегені сенде қандай сезім оятады?

• Құтқару үшін Ехобаның қандай шара қолданғанын білгенің сені не істеуге талпындырады?

[27-беттегі сурет]

Кешірім күні Исраилдің бас діни қызметкері Мәсіхтің тірі бейнесі болатын

[28-беттегі сурет]

Ыбырайым ұлын құрбандыққа шалуға дайын болғанынан Ехобаның әлдеқайда зор құрбандығын жақсырақ түсінеміз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу