Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.9. 21—25 бет.
  • Құдай беретін білім бәрінен де жоғары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай беретін білім бәрінен де жоғары
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдан білім алу — мәртебе
  • Өмірді өзгерте алатын күш
  • Болашаққа дайындалу
  • Өз мүддемізден бас тартсақ та, батаға кенелеміз
  • Мектеп бітірген соң не істейсің?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Өмірге жетелейтін білім
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
  • “Ехобаға құл іспетті қызмет етіңдер”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ең жақсы білімнің пайдасын көріңіз
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.9. 21—25 бет.

Құдай беретін білім бәрінен де жоғары

“Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары” (ФІЛІП. 3:8).

1, 2. Кейбір мәсіхшілер қандай таңдау жасады және неліктен?

РОБЕРТ мектепке барғаннан-ақ зеректігімен көзге түсті. Сегіз жасында бір мұғалім үйлеріне арнайы келіп ата-анасымен сөйлескенде, Роберттің болашақта қалаған мақсатына қол жеткізуге қабілеті бар екенін айтады. Бұған қоса баладан келешекте жақсы дәрігер шығады деген ойымен бөліседі. Кейін Роберт мектепті үздік оқып бітіргендіктен, сол елдегі ең жақсы университеттердің кез келгеніне түсу мүмкіндігіне ие болды. Алайда ол жалпы ізашар ретінде қызмет ету үшін, көпшілік өмірде бір-ақ рет беріледі деп есептейтін бұл мүмкіндіктен бас тартты.

2 Роберт сияқты көптеген мәсіхшілердің — жастардың да, үлкендердің де — осы дүниеде табысты болуға мүмкіндіктері бар. Бірақ кейбіреулері мұндай мүмкіндіктерді толық қолданбауды шешіп, рухани мақсаттарға ұмтылуда (Қор. 1-х. 7:29—31). Робертті және басқа мәсіхшілерді өздерін қызметке арнауға не талпындырды? Ең басты себеп — Ехобаға деген сүйіспеншіліктері, бұған қоса одан алған білімдері бәрінен де жоғары екенін түсінді. Ойланып көрдің бе: шындықты білмегенде қазір өмірің қандай болар еді? Ехоба берген білімнің арқасында алып отырған керемет баталар жайлы ой жүгірткеніміз ізгі хабарды бағалай түсуге және оны құлшына уағыздауға көмектеседі.

Құдайдан білім алу — мәртебе

3. Ехоба кемелсіз адамдарға білім беруді қалайтынына неге сенімдіміз?

3 Ехоба ізгі Құдай болғандықтан, кемелсіз адамдарға білім беруді қалайды. Майланған мәсіхшілер жайлы Ишая 54:13-те мынадай пайғамбарлық айтылған: “Балаларыңның бәрі Тәңір Иеңнен тәлім алып, керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек”. Осы сөздер “басқа қойларға” жататын мәсіхшілерге де қатысты (Жох. 10:16). Бұл қазіргі кезде орындалып жатқан пайғамбарлықтан көрінеді. Ишая алған аянда барлық ұлттан шыққан адамдар шынайы ғибадатқа ағылып келе жатқаны суреттелген. Олар бір-біріне былай дейді: “Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің, Жақыптың халқы сиынған Құдайдың, Сион тауындағы киелі үйіне Өрлеп барайық барлығымыз, кәне! Сол жерде Тәңір Иеміз біздерге Ақ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік!” (Ишая 2:1—3). Құдайдан білім алу неткен зор мәртебе!

4. Құдайдан білім алу үшін біз қандай болуымыз керек?

4 Құдайдан білім алу үшін бізге не қажет? Ең бастысы — кішіпейіл және үйренуге дайын болуымыз қажет. “Жаратқан Ие ізгі де әділетті... Кішіпейілдіні әділдікке бағыттайды”,— деп жырлады Дәуіт (Заб. 24:8, 9). Ал Иса: “Көк пен жердің Иесі — Әке! Осы жайларды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды нәресте іспетті қарапайымдарға ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін”,— деген (Лұқа 10:21 сілт.). ‘Кішіпейілділерге рақымын шашатын’ осындай Құдайға жақындағың келмей ме?! (Пет. 1-х. 5:5).

5. Құдай туралы білімге қай кезде ғана ие бола аламыз?

5 Ехобаның қызметшілері шындықты өз қабілеттерінің арқасында тапты ма? Жоқ. Ехоба өзі жайлы шындықты өзі ашпаса, біз оны ешқашан біле алмас едік. Иса: “Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады”,— деді (Жох. 6:44). Ехоба қойға теңелген адамдарды, яғни ‘барлық халықтан келген қалаулыларды’, уағыздау ісі мен киелі рухы арқылы өзіне жақындатып тартуда (Нағ. 2:7 ЖД). Ехоба өзінің Ұлына жақындатқан адамдардың бірі болғаныңа риза шығарсың (Еремия 9:23, 24 оқыa).

Өмірді өзгерте алатын күш

6. ‘Жаратқан Иені жақыннан таныған’ адамдар қалай өзгеруде?

6 Ишая пайғамбар көркем сөздермен қазіргі кезде орын алып жатқан адам болмысындағы өзгерісті бейнелеген. Бұрын қатыгез болғандар татулық сүйгіш адамдарға айналды (Ишая 11:6—9 оқы). Ал нәсілдік, ұлттық, мәдениеттік өзгешеліктерге бола жауласқан адамдар бір-бірімен ынтымақта өмір сүруді үйренді. Бейнелеп айтқанда олар ‘қылышын соқаға айналдырды’ (Ишая 2:4). Олар мұндай керемет өзгерісті ‘Жаратқан Иені жақыннан танудың’ және алған білімдерін өмірде қолданудың арқасында жасай алды. Құдайдың қызметшілері кемелсіздікке қарамастан, халықаралық бауырластық болып бірікті. Түрлі ортадан шыққан адамдардың ізгі хабарды ұнатып қабыл алғаны және жақсы өзгерістер жасағаны Құдай берген білімнің бәрінен де жоғары екенін дәлелдейді (Мат. 11:19).

7, 8. а) Құдай беретін білім талқандайтын “бекіністерге” не жатады? ә) Ехоба беретін білім оған мадақ әкелетінін неден көреміз?

7 Елші Пауыл Құдай қызметшілерінің уағыздау ісін рухани соғыспен салыстырып: ‘Қолданып жүрген қаруларымыз осы дүниелік емес, оларда Құдайдың құдіреті бар. Солармен жау бекіністерін талқандаймыз; оның дәлелдемелерінің қате екенін әшкерелеп, адамдардың Құдайды тануларына бөгет болатын тәкаппарлық атаулыны құртамыз’,— деді (Қор. 2-х. 10:4, 5). Құдайдан келген білім қандай “бекіністерді” талқандап, адамдарды азат етуде? Кейбірін ғана атап өтсек — жалған ілімдер, ырымшылдық пен адамдардың пәлсапалары (Қол. 2:8). Құдайдан алған білім адамдарға жаман әдеттерінен арылып, ұнамды қасиеттер дамытуға көмектеседі (Қор. 1-х. 6:9—11). Отбасындағы қарым-қатынасты жақсартады, әрі үміті үзілген адамдардың өмірін мағыналы етеді. Мұндай білім қазір барлық адамға қажет.

8 Ехобаның көмегімен адам дамыта алатын керемет қасиеттердің бірі — шыншылдық. Мұны келесі оқиғадан көреміз (Евр. 13:18). Үндістанда тұратын бір әйел Киелі кітапты зерттеп, уақыт өте келе шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болады. Бір күні Патшалық сарайын соғу жұмысына қатысып, үйіне қайтып келе жатқанда аялдаманың жанынан құны сегіз жүз долларлық (АҚШ) алтын әшекей тауып алады. Тұрмысы қарапайым болса да, ол әшекейді полиция бөлімшесіне апарып береді. Бұған полиция офицері өз көзіне өзі сенбей қатты таңғалады. Кейінірек басқа бір офицер: “Әшекейді неге өзіңе алып қалмадың?”— деп сұрады әйелден. Сонда ол: “Киелі кітап ілімдері мені өзгертті, қазір мен шыншыл адаммын”,— деп түсіндірді. Қатты әсер алған әлгі офицер бауырласпен келген мәсіхші ақсақалға бұрылып: “Штатымызда отыз сегіз миллион адам тұрады. Егер сіз он адамды осы әйел сияқты өзгерте алсаңыз, бұл зор жетістік болар еді”,— деді. Осы уақытқа дейін миллиондаған адам өз өмірінде өзгеріс жасағанын ойласақ, Ехобаны мадақтауға себеп жетіп артылады емес пе?!

9. Қалайша адам өз өмірінде түбегейлі өзгерістер жасай алады?

9 Ехобаның киелі рухының көмегімен қатар, оның Сөзінің күші адамдардың өмірін түбегейлі өзгертуде (Рим. 12:2; Ғал. 5:22, 23). Қолостықтарға 3:10-да былай делінген: “Тура білімнің арқасында Жаратушының кейпіне ұқсас болып өзгеретін жаңа болмысқа бөленіңдер” (ЖД). Киелі кітаптағы хабар адамның шын болмысын әшкерелейтін, оның ойы мен сезімдерін өзгертетін күшке ие (Еврейлерге 4:12 оқы). Жазбалардан тура білім алып, өмірін Ехобаның әділ нормаларына сай өзгерткендер Құдайдың досына айналады және мәңгі өмір сүру үмітіне ие болады.

Болашаққа дайындалу

10. а) Неге Ехоба ғана болашаққа дайындалуға көмектесе алады? ә) Жақында жер бетінде қандай үлкен өзгеріс орын алмақ?

10 Болашаққа дайындалуға Ехоба ғана көмектесе алады. Себебі ол жақында қандай оқиғалар орын алатынын жақсы біледі, әрі бүкіл адамзаттың болашағын белгілеп қойған (Ишая 46:9, 10). Киелі кітап пайғамбарлығынан “Ехобаның ұлы күні жақын” екенін білеміз (Соф. 1:14 ЖД). Сол күні Нақыл сөздер 11:4-тегі: “Қаһарлы күнде байлықтан пайда болмас, Ал әділдік өлімнен аман сақтар”,— деген сөздер рас болып шығады. Ехобаның Шайтан дүниесіне шығарған үкімі жүзеге асатын уақыт келгенде, Құдайдың жағында тұрудың ғана пайдасы болады. Ал ақшаның құны кетіп, құр қағазға айналады. Езекиел 7:19-да айтылғандай, адамдар “күмістерін көшеге лақтырып тастайды және де олардың алтындары елеусіз дүниеге айналатын болады”. Мұны алдын ала білгеніміз қазір даналықпен әрекет етуге көмектеседі.

11. Құдай білімінің бізді болашаққа дайындауының бір жолы қандай?

11 Құдай беретін білімнің бізді жақындап келе жатқан Ехобаның күніне дайындауының бір жолы — ол маңызды істерді басты орынға қоюға көмектеседі. Елші Пауыл Тімотеге: “Осы дүниелік мал-мүлікке бай [адамдарға] ескерт: олар менмен болмасын; сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын!”— деп жазды. Бай болмасақ та, Құдайдың бұл кеңесі біз үшін де пайдалы. Қалайша? Дүние-мүлік жинауға тырысқаннан гөрі, “жақсылық жасауға” және “игі істерге бай” болуға ұмтылған жөн. Рухани істерді өмірде басты орынға қою арқылы ‘келешек заман үшін игілікті негіз болатын рухани қазына жинаймыз’ (Тім. 1-х. 6:17—19). Осындай жанқиярлық рух танытып өмір сүру парасаттылықтың белгісі. Себебі Иса былай деген: “Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда?” (Мат. 16:26, 27). Ехобаның күні жақын екенін ескерсек, әрқайсымыз өзімізге келесі сұрақтарды қойып, ойланғанымыз жөн: Мен байлықты қай жерде жинап жүрмін? Кімнің құлымын: Құдайдың ба, әлде байлықтың ба? (Мат. 6:19, 20, 24).

12. Кейбіреулер уағыздау ісін түкке тұрғысыз деп есептесе де, неге оны тоқтатпауымыз керек?

12 Құдай Сөзінде ерекше атап өтілген ‘игі істердің’ ең бастысы — Патшалық туралы хабарды уағыздау мен шәкірт дайындау ісі. Бұл өмірлік маңызды іс болып табылады (Мат. 24:14; 28:19, 20). Бірінші ғасырдағыдай, қазір де кейбір адамдар уағыздау ісін түкке тұрғысыз деп қарастырады (Қорынттықтарға 1-хат 1:18—21 оқы). Бірақ бұдан хабарымыздың құндылығы төмендемейді немесе уақыт пен мүмкіндік барда барлық адамның сенім дамыта алуларына көмектесудің маңыздылығы әлсіремейді (Рим. 10:13, 14). Адамдарға Құдай берген білімнің пайдасын көруге көмектесуден өзіміз де мол батаға кенелеміз.

Өз мүддемізден бас тартсақ та, батаға кенелеміз

13. Ізгі хабарды уағыздау үшін елші Пауыл неден бас тартты?

13 Елші Пауылдың жастайынан алған тәлім-тәрбиесі оны яһуди жүйесінде жетістіктерге жетуге дайындаған еді. Шамамен он үш жасында ол туған қаласы Тарстан кетіп, атақты Гамалиелден дәріс алу үшін Иерусалимге көшті (Ел. іс. 22:3). Уақыт өте келе Пауыл елінің алдыңғы қатарлы азаматына айналды, әрі алған бетінен қайтпағанда, иудаизмнің беделді тұлғаларының бірі болар еді (Ғал. 1:13, 14). Бірақ ол ізгі хабарды қабыл алды да, мұның бәрінен бас тартып, уағыздау ісіне кірісті. Мұндай жолды таңдағанына Пауыл кейін өкінді ме? Жоқ. Ол былай деп жазды: “Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды санаймын да” (Філіп. 3:8).

14, 15. “Құдаймен бірге еңбектенушілер” ретінде қандай баталарды көріп жүрміз?

14 Пауыл сияқты бүгінде көптеген мәсіхші ізгі хабарды уағыздау үшін өз мүдделерінен бас тартуда (Мар. 10:29, 30). Бұдан олар өздерін бірдеңеден құр қалғандай сезіне ме? Жоғарыда айтылған Роберт көпшілікке ортақ ойды білдіріп, былай дейді: “Мен ештеңеге өкінбеймін. Толық уақытты қызметтің арқасында қуаныш пен қанағат сезінудемін, әрі Ехобаның ‘ізгілігіне көзім жетуде’. Рухани мақсаттарға жету үшін қандай материалдық игіліктерден бас тартсам да, Ехоба батасын еселеп беруде. Сондықтан мен өзімді бірдеңеден айырылғандай емес, тек қана алып отырғандай сезінемін” (Заб. 33:9; Нақ. с. 10:22).

15 Уағыздау және білім беру ісіне біраз уақыттан бері қатысып жүрсің бе? Онда Ехобаның ізгілігіне көз жеткізуге мүмкіндік берген жағдайларды сен де бастан кешіргенің анық. Бәлкім, адамдармен ізгі хабар жайлы сөйлесіп жатқанда, киелі рухтың көмегін талай рет сезінген боларсың. Ехоба адамдардың жүректерін жібітіп ізгі хабарға құлақ түргізгенде, қуаныштан жайнаған көздерін көрген шығарсың (Ел. іс. 16:14). Ехоба саған кедергіні жеңуге көмектесіп, қызмет аясын кеңейтуге жол ашқан ба? Қиыншылық әбден қажытқандай сезінген сәттері қызметіңді жалғастыруға Ехоба саған күш-қуат берген бе? (Філіп. 4:13). Біз Ехобаның жеке өзімізді қолымен сүйемелдегенін көргенде, оның тірі Құдай екеніне көзіміз жете түседі және оған бұрынғыдан бетер жақындағанымызды сеземіз (Ишая 41:10). Адамдарға Құдайдың білімін беру — ауқымды әрі маңызды іс. Осы істе Құдаймен бірге еңбектенуші болу зор бата емес пе?! (Қор. 1-х. 3:9).

16. Құдай туралы білім беру ісі үшін күш жұмсап, өз мүддеңнен бас тартып жатқаныңа қалай қарайсың?

16 Көп адам өзінен кейін мәңгі өшпес із қалсын деп, пайдалы нәрсе жасауға тырысады. Бірақ осы дүниеде адамдар қол жеткізген керемет жетістіктердің өзі жиі ұмытылып жатқанына куәміз. Алайда Ехобаның өз есімін ақтау үшін қазіргі уақытта атқарып жатқан ісі теократияның тарихында мәңгі қалады. Мұны Құдай халқы ешқашан ұмытпайды (Нақ. с. 10:7; Евр. 6:10). Олай болса, адамдарға Құдай туралы білім беру ісіне қатысу мәртебесін жоғары бағалайық.

[Сілтеме]

a Еремия 9:23, 24: “Жаратушы Ие былай дейді: кемеңгер өзінің кемеңгерлігін айтып мақтанбайды, қуатты адам өзінің күшін айтып та мақтана қоймайды, бай адам өзінің дәулетін сөз етіп мақтанбайды. Алайда мақтанғың келсе, жер бетіндегі қайырымдылықты, әділдік пен ақиқатты дүниеге келтіруші Мен — Жаратушы Ие екендігімді, Мені танығаныңды және білетіндігіңді айтып мақтанатын бол”.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Құдайдан білім алу үшін бізге не қажет?

• Құдайдан алған білім адамдардың өмірін қалай жақсартады?

• Адамдарға Құдайдан білім алуға көмектесудің арқасында қандай баталарға ие болудамыз?

[23-беттегі сурет]

Ехобадан білім алғандар халықаралық бауырластықты құрайды

[24-беттегі сурет]

“Құдаймен бірге еңбектенуші” болу зор бата емес пе?!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу