Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.3. 29—31 бет.
  • Қызметте қалай табанды болуыңа болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызметте қалай табанды болуыңа болады?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Пайғамбарларға елікте
  • Сен жалғыз емессің
  • Қажеттіліктеріңе мұқият бол
  • Қызметімізді толықтай атқарып жүрміз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ехоба қызметімізді атқаруға көмектеседі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Қызметке деген құлшынысыңды бәсеңдетпе
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ізгі хабарды бар ынталарыңмен жариялаңдар
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.3. 29—31 бет.

Қызметте қалай табанды болуыңа болады?

ӘБДЕН қалжырап, уағызға қатысуды мүлдем доғарғың келген кезің болған ба? Қатты қарсылық, уайым, денсаулықтың нашарлауы, құрдастардың қысымы не адамдардың немқұрайдылығы сияқты қиындықтардың салдарынан шыдамдылығымыз сыналуы мүмкін. Алайда Иса жайлы ойлап көрші. Ол “Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін” аса ауыр сынақтарға төтеп берген (Евр. 12:2). Иса Ехобаға жабылған жаланың еш негізсіз екенін дәлелдеуімен Оның жүрегін қуантатынын білген (Нақ. с. 27:11).

Қызметте табанды болсаң, сен де Ехобаның жүрегін қуанта аласың. Алайда қандай да бір қиындықтар бізді рухани күштен айыратындай болып көрінсе ше? Егде тартып, денсаулығы нашарлаған Кристина деген бауырлас: “Шаршау мен жабырқау — мен үшін кәдуілгі нәрсе. Жас келген сайын денсаулықтың нашарлауы, тіршілік қамын ойлап уайымдау сияқты қиындықтар кейде құлшынысымнан айырады”,— деп мойындады. Осындай қиындықтарға қарамастан, қызметте қалай табанды болуыңа болады?

Пайғамбарларға елікте

Қиындықтарға мойымау үшін ертедегі пайғамбарлардікі сияқты ой қалпын танытуға тырысуымызға болады. Мысалға Еремияны алайық. Пайғамбар болып тағайындалғанда, ол мұны қуана қабылдамады. Алайда Еремия Ехобаға толық арқа сүйеуді үйреніп, осы қиын тапсырмасын 40 жылдан аса уақыт бойы табандылықпен атқарды (Ерм. 1:6; 20:7—11).

Хенрикке Еремияның үлгісі жігер береді. Ол былай дейді: “70 жылдан аса қызметімде адамдардың жеккөрушілігі мен немқұрайдылығына қарап, көңілім түскен кездерім болған. Мұндайда мен Еремияның үлгісін еске аламын. Ехобаға деген сүйіспеншілігі мен берік сенімі оны пайғамбарлық етуді тоқтатпауға талпындырған” (Ерм. 1:17). Еремияның үлгісі Рафалға да күш-жігер береді. Ол былай дейді: “Еремия өзіне және сезімдеріне тым көп көңіл аудармаған, қайта, Құдайға арқа сүйеген. Ол халықтың қарсылық көрсеткеніне қарамастан, қызметін жалғастыра берген. Мен осыны есте ұстауға тырысамын”.

Ишаяның да үлгісі көп бауырласқа қызметте табанды болуға көмектеседі. Ехоба отандастарының оған құлақ аспайтынын айтты. Ол: “Осы халықтың жүректерін қасарысқан сезімсіз, құлақтарын керең... қыл!”— деді. Сонда Ишаяның қызметі бекер болғаны ма? Жоқ, Ехоба олай деп есептеген жоқ. Ишая пайғамбар болып тағайындалғанда: “Мен бармын, Ием. Мені жібере гөр”,— деген (Ишая 6:8—10). Ол тапсырмасын орындауда табанды болды. Ізгі хабарды уағыздау тапсырмасына сен де солай қарайсың ба?

Ишая сияқты, қызметте табанды болу үшін адамдардың хабарымызды тыңдаудан бас тартқаны жайлы ойлай бермегеніміз дұрыс. Рафал ұнжырғасы түскенде не істейтіні туралы былай дейді: “Мен адамдардың дөрекі сөздеріне мән бермеуге тырысамын. Учаскемдегі адамдар қалай жауап берем десе де өз еріктері ғой”. Ал Анна былай дейді: “Жағымсыз, ұнжырғаны түсіретін ойды санама ұялатпауға тырысамын. Бұл үшін мен қызметке барар алдында дұға етемін және сол күнге арналған тармақты оқимын. Сонда жағымсыз ойлар бірден сейіледі”.

Езекиел пайғамбар Бабыл тұтқындығында жүрген қыңыр яһудилердің арасында қызмет еткен (Езек. 2:6). Құдайдан алған хабарын халыққа айтпаса және қандай да бір зұлым адам ескертуді естімей өліп кетсе, бұған Езекиелдің өзі жауапты болар еді. Ехоба оған: “Мен оның қанын сенің қолыңнан өндіріп алатын боламын”,— деді (Езек. 3:17, 18).

Хенрик Езекиелдікі сияқты көзқараста болуға тырысады: “Мен ешкімнің қанын мойныма жүктегім келмейді. Адамдардың құнды өміріне қауіп төніп тұр ғой” (Ел. іс. 20:26, 27). Збигнев те сондай көзқарас ұстанады: “Езекиел өзгелердің не ойлағанына қарамай, берілместен қызметін жалғастыра беруі керек болған. Бұл маған уағыз ісіне Жаратушымыз сияқты қарауға көмектеседі”.

Сен жалғыз емессің

Уағыздау ісін біз жалғыз атқармаймыз. Елші Пауыл іспетті, біз де: “Құдаймен бірге еңбектенушіміз”,— дей аламыз (Қор. 1-х. 3:9). Кейде еңсесі түсетінін айтқан Кристина: “Мен Ехобадан күш сұрап жалбарынудан талмаймын. Ол мені ешқашан жалғыз қалдырған емес”,— деді. Иә, біз Құдайдың киелі рухының көмегіне мұқтажбыз! (Зәк. 4:6).

Сонымен қатар Құдай рухы қызметте киелі рухтың “жемісін” құрайтын қасиеттер танытуға көмектеседі (Ғал. 5:22, 23). Осының арқасында уағызда қандай жағдайға кезіксек те, табанды бола аламыз. Хенрик: “Уағыздау қызметіне қатысу маған жаңа болмысқа ие болуға көмектеседі. Мен шыдамды болуды, өзгелердің сезімін ескеруді және мойымауды үйрендім”,— деді. Қиындықтарға қарамастан, қызметте табанды болғаның киелі рухтың “жемісін” одан сайын дамыта түсуіңе көмектеседі.

Ехоба осы ерекше істі періштелері арқылы басқарып отыр (Аян 14:6). Киелі кітапта осындай рухани жаратылыстардың саны “мыңдаған, миллиондаған” екені айтылған (Аян 5:11). Исаның қол астындағы осы періштелер Құдайдың жердегі қызметшілеріне бағыт-бағдар беріп отырады. Қызметке шыққанда, сен осы жайтты есіңде ұстайсың ба?

“Қызметте періштелердің бізбен бірге болатыны жайлы ойланғаным маған жігер береді,— дейді Анна. — Мен олардың Ехоба мен Исаның басшылығымен беретін көмегін қатты бағалаймын”. Адал періштелермен бірге қызмет ету — неткен мәртебе!

Ал бауырластар жөнінде не деуге болады? Біз ізгі хабарды адалдықпен жариялап жүрген көптеген Куәгерлермен таныспыз. Сенің: “Темір темірді қайрайды, адам адамды қайрайды”,— деген сөздердің растығына көз жеткізгеніңде күмән жоқ (Нақ. с. 27:17).

Уағызда өзгелермен қызметтес болғанымыз өзіміз білмеген тиімді тәсілдерді үйренуге керемет мүмкіндік береді. Эльжбета былай дейді: “Әртүрлі жариялаушылармен қызметке шыққанымның арқасында бауырластарыма да, кездестірген адамдарға да сүйіспеншілік танытудың мүмкіндіктері туады”. Уағызға әртүрлі жариялаушылармен шығуға тырыс. Сонда қызметіңді қызықты етесің.

Қажеттіліктеріңе мұқият бол

Қызметте құлшынысымызды жоғалтпау үшін жақсы жоспар құру, жүйелі түрде жеке зерттеу жүргізу және демалуға жеткілікті уақыт бөлу керек. Басқаша айтқанда, рухани және тәндік қажеттіліктерімізді қанағаттандыруымыз қажет.

Киелі кітапта: “Ынталының жоспарлары оны жетістікке жеткізеді”,— делінген (Нақ. с. 21:5 ЖД). Бүгінде 88 жасқа келген Зигмунт былай дейді: “Қызметке үзбей қатысқаным, оны тиімді атқаруыма көмектеседі. Уағызға жеткілікті уақыт бөлу үшін істерімді мұқият жоспарлаймын”.

Жазбаларды жақсы білгеніміз бізге күш береді әрі қызметке дайын болуға көмектеседі. Тіршілік ету үшін тәндік ас қаншалықты маңызды болса, уағызға үзбей қатысу үшін жүйелі түрде рухани ас-су қабылдағанымыз да соншалықты маңызды. Құдай Сөзінен күнделікті нәр алғанымыз және уақтылы беріліп отырған рухани ас-суды қабылдағанымыз қызметке қатысуға күш-жігер береді (Мат. 24:45—47).

Эльжбета қызметінің сапасын жақсарту үшін өмір салтында үлкен өзгерістер жасады. Ол былай дейді: “Қызметке дайындалуға көбірек уақыт бөлу үшін, теледидарды анағұрлым аз көретін болдым. Күнде кешке Киелі кітапты оқығанда, учаскемде кездестірген адамдар жайлы ойланамын. Мен оларға пайдалы болады-ау деген тармақтар мен мақалаларды іздестіремін”.

Жақсы тынығып демалғаның күшіңе күш қосады, соның арқасында қызметке толық атсалыса аласың. Бірақ демалуға тым көп уақыт бөлсең, бұл қызметіңнің сапасына әсер етеді. Анджей деген құлшынысты жариялаушы былай дейді: “Тынығып демалмасаң, әбден қалжырайсың, ал мұндайда ұнжырғаның түсуі де оп-оңай. Мұндай күйге түспес үшін мен қолдан келгеннің бәрін істеймін” (Екк. 4:6).

Қаншама күш салып жатқанымызға қарамастан, ізгі хабарды қабылдайтындар көп емес. Алайда Ехоба біздің еңбегімізді ешқашан ұмытпайды (Евр. 6:10). Көп адам бізбен сөйлескісі келмегенмен, артынан біздің келгенімізді әңгіме етуі мүмкін. Сонда Езекиел кітабында жазылғандай жайт орын алуы ықтимал: адамдар араларында пайғамбардың болғанын білетін болады (Езек. 2:5). Әрине, біздің атқарып жүрген қызметіміз оңай емес, бірақ оның пайдасын өзіміз де, ізгі хабарға құлақ асқандар да көреді.

Зигмунт: “Қызметке қатысқанымыз болмысымызды өзгертуге, сондай-ақ Құдайға және өзгелерге сүйіспеншілік танытуға көмектеседі”,— деді. Анджей былай деп қосты: “Өмірді сақтайтын осындай іске қатысу — зор мәртебе! Бұл іс осындай көлемде не осындай жағдайларда енді қайтып қайталанбайды”. Бүгінде уағыз қызметінде табанды болсаң, сен де мол батаға ие боласың (Қор. 2-х. 4:1, 2).

[31-беттегі суреттер]

Рухани және тәндік қажеттіліктерімізді қанағаттандырғанымыз қызметте мойымауға көмектеседі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу