Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.5. 17—21 бет.
  • Жас шағыңда Ехобаға қызмет етуді таңда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жас шағыңда Ехобаға қызмет етуді таңда
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаға қызмет ету — дұрыс шешім
  • Өзгелер сұрақ қойғанда не қарсылық көрсеткенде
  • Қызмет етуіңе “есік айқара ашық”
  • “Дәмін татыңдар да, Жаратушының қандай мейірімді екендігін көріңдер!”
  • Ехобаның Сөзі әрқашан орындалады
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жастар, Ехобаға қызмет етуді таңдаңдар!
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ол әрқашан уәделерін орындайды
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайға мәңгілік қызмет етуді мақсат ет
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.5. 17—21 бет.

Жас шағыңда Ехобаға қызмет етуді таңда

“Үйреніп, берік сенгендеріңе адал болып қала бер” (ТІМ. 2-Х. 3:14).

1. Ехоба жастардың қызметіне қалай қарайды?

ЖАСТАРДЫҢ қасиетті қызмет атқарып жүргенін Ехоба өте маңызды санайды. Ол тіпті олар туралы пайғамбарлық жаздырған. Забур жыршысы былай деген: “Шайқасқа шыққан күніңде әскерің саған еруге дайын тұр. Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың, Күн сайын таң ата жаңаратын шық іспетті Жас жігіттерің қасыңа жиналады” (Заб. 109:3, сілт.). Расында да, өзіне қызмет етуге дайын жастарды Ехоба жоғары бағалайды.

2. Осы дүниедегілер жастардың болашаққа қатысты көзқарастарына қалай әсер етеді?

2 Мәсіхшілер қауымындағы жастар, сендер Ехобаға бағышталдыңдар ма? Көп жастарға шынайы Құдайға қызмет етуді шешу оңай болмауы мүмкін. Табысты кәсіпкерлер, ұстаздар, сондай-ақ кейде отбасындағылары мен достары жастарды осы дүниелік мақсаттар қоюға талпындырады. Ал рухани мақсаттарға ұмтылса, оларды сынап-мінейді. Бірақ, біле білсеңдер, сендер үшін ең жақсы өмір жолы — шынайы Құдайға қызмет ету (Заб. 26:4). Осы орайда мынадай үш сұрақты қарастырып көрейік: Не себепті сен Құдайға қызмет етуің керек? Өзгелер не айтып, не істемесін, қалай Құдайға бағышталғаныңа сай өмір сүре аласың? Қасиетті қызметіңді кеңейтудің сен үшін қандай керемет мүмкіндіктері бар?

Ехобаға қызмет ету — дұрыс шешім

3. Ехобаның жаратылыстары бізді не істеуге талпындырады?

3 Не себепті сен тірі әрі шынайы Құдайға қызмет етуің керек? Аян 4:11-де мұның басты себебі келтірілген: “Құдай Иеміз! Сен ұлылық, құрмет пен билікке лайықсың. Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді”. Ехоба — барлық нәрсені жаратқан керемет Жаратушы. Мысалы, біздің Жеріміз неткен әсем! Ағаштар мен гүлдер, жануарлар, таулар, мұхиттар мен сарқырамалар — осының бәрін Ехоба жаратқан. Забур 103:24-те: ‘Жер [Құдайдың] туындыларына лықып тұр’,— делінген. Сүйіспеншілігі мол Ехоба бізге тән мен ми берген. Осының арқасында жер мен ондағы бар игіліктің рақатын көре алатынымыз қандай ғажап! Құдайдың осындай керемет жаратылыстарына деген терең ризашылық бізді оған қызмет етуге талпындыру керек емес пе?

4, 5. Ехобаның қандай істері Ешуаны оған жақындатты?

4 Ехобаға қызмет етудің тағы бір себебін Исраилдің көсемі болған Ешуаның сөздерінен көреміз. Өмірінің соңына таман ол Құдай халқына: “Сендер болсаңдар өз Құдайларың — Жаратушы Ие сендер туралы айтқан ізгі сөздердің бірде-біреуі бос кетпегенін бүкіл жан-жүректеріңмен сезесіңдер; сендер үшін бәрі орындалды”,— деген. Ешуаның бұлай деуіне қандай негіз болды? (Ешуа 23:14).

5 Мысырда өскен Ешуа Ехобаның Исраил халқына иелікке жер беруді уәде еткенін бала кезінен білген болса керек (Жар. 12:7; 50:24, 25; Мыс. ш. 3:8). Сосын, ол осы уәденің орындала бастағанының — Ехоба Мысырға он жаза жіберіп, қыңыр перғауынды исраилдіктерді босатуға мәжбүр еткенінің — куәсі болды. Ешуа Қызыл теңіз арқылы өтіп, перғауын мен оның жасағының су астында қалғанын көргендердің бірі болған. Сондай-ақ ол “алапат әрі аса қауіпті” Синай шөліндегі ұзақ сапар кезінде исраилдіктердің мұқтаждықтарын Ехобаның қалай қамтамасыз еткенін көрді. Олардың бірде-бірі аштықтан не су тапшылығынан өлген жоқ (Заң. қ. 8:3—5, 14—16; Ешуа 24:5—7). Ал исраилдіктер Уәде етілген жерді иемденетін уақыт келгенде, Ешуа Қанаханның мықты халықтарын жаулап алуда Құдайдың өздеріне қалай жар болғанын көрді (Ешуа 10:14, 42).

6. Бойыңда Құдайға қызмет етуге деген ықылас оятуға саған не көмектеседі?

6 Ешуа Ехобаның өз уәделерін орындағанын білетін. Сондықтан ол: “Мен және менің әулетім Жаратушы Иеге құлшылық жасайтын боламыз”,— деген (Ешуа 24:15). Ал сен ше, орындаған және әлі де орындайтын уәделері туралы ойланғанда, шынайы Құдайға Ешуа сияқты қызмет еткің келе ме?

7. Неге шомылдыру рәсімі жасалуы керек маңызды қадам?

7 Ехобаның жаратылыстары және оның керемет әрі толық сенім артуға болатын уәделері туралы ой жүгірткенің сені Оған бағышталуға ғана емес, мұны шомылдыру рәсімінен өту арқылы көрсетуге талпындыру керек. Құдайға қызмет еткісі келетіндер осы маңызды қадамды жасайды. Бұл Исаның үлгісінен айқын көрінеді. Мәсіх ретіндегі қызметіне кіріспес бұрын, ол шомылдыру рәсімін жасаушы Жақияға барып, осы рәсімнен өтті. Иса бұл қадамды не үшін жасады? Кейінірек ол: “Көктен өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін келдім”,— деді (Жох. 6:38). Шомылдыру рәсімінен өтуімен Иса өзін Әкесінің еркін орындауға арнағанын көрсетті (Мат. 3:13—17).

8. Неге Тімоте Құдайға қызмет етуді шешкен және саған не істеу керек болуы мүмкін?

8 Ехоба көп міндет жүктеген және арнайы тапсырмалар берген жас мәсіхші Тімотенің мысалын да қарастырып көрейік. Неге ол шынайы Құдайға қызмет етуді шешкен? Киелі кітапта оның шындықты ‘үйреніп, берік сенгені’ туралы айтылған (Тім. 2-х. 3:14). Егер сен Құдай Сөзін зерттеп, ондағы ілімдердің шындық екеніне көз жеткізіп, берік сенген болсаң, сенің жағдайың Тімотенікіне ұқсайды. Енді саған шешім қабылдау керек. Өз ықыласың жөнінде неге ата-анаңмен сөйлесіп көрмеске? Олар қауым ақсақалдарымен бірге шомылдыру рәсімінен өтушілерге қойылатын Жазбалардағы талаптарды түсінуіңе көмектеседі (Елшілердің істері 8:12 оқы).

9. Шомылдыру рәсімінен өткенің өзгелерге қалай әсер етуі мүмкін?

9 Шомылдыру рәсімінен өту — шынайы Құдайға қызмет етудің керемет бастамасы. Осы қадамды жасау арқылы сен, былайша айтқанда, ұзақ қашықтыққа жүгіруді бастайсың. Бұл үшін алатын жүлдең — мәңгілік өмір. Ал бүгіндегі сыйың — Құдайдың еркін орындаудан келетін қуаныш (Евр. 12:2, 3). Сонымен қатар сен “жүгіруді” өзіңнен бұрын бастаған отбасы мүшелерін және қауымдағы достарыңды қуантасың. Ал ең бастысы — Ехобаның жүрегін қуанышқа бөлейсің (Нақыл сөздер 23:15 оқы). Рас, өзгелер неге Ехобаға қызмет етуді шешкеніңді түсінбей, жаңсақ шешім қабылдады деп ойлауы мүмкін. Олар тіпті қарсылық көрсететін шығар. Бірақ сен мұндай қиыншылықтарға төтеп бере аласың.

Өзгелер сұрақ қойғанда не қарсылық көрсеткенде

10, 11. а) Құдайға қызмет етуге деген шешіміңе қатысты адамдар не сұрауы мүмкін? ә) Исаның шынайы ғибадатқа қатысты сұрақтарға қалай жауап бергенінен не нәрсеге үйрене аласың?

10 Ехобаға қызмет етуге деген шешіміңді сыныптастарың, көршілерің мен туыстарың түсінбеуі мүмкін. Олар мұның себебін және нанымдарың жайлы сұрайтын шығар. Мұндайда не істеуің керек? Неге мұндай шешім қабылдағаныңды түсіндіріп бере алуың үшін, ойың мен сезімдеріңді таразылап, алдымен оларды өзің түсініп алуың қажет. Ал нанымдарыңа қатысты сұрақтарға жауап бергенде, Исаға еліктеуден артығы жоқ шығар.

11 Яһуди дінбасылары қайта тірілуге қатысты сұрақтар қойып, Исаны сөзден ұстағысы келгенде, ол олар ескермеген Жазба орнына назар аударған (Мыс. ш. 3:6; Мат. 22:23, 31—33). Ал бір дін мұғалімі ең басты өсиеттің қандай екенін сұрағанда, Иса тағы да Жазба орындарын келтірген. Әлгі кісі оның жауабына риза болған (Леуі. 19:18; Заң. қ. 6:5; Мар. 12:28—34). Исаның Жазбаларды қолданғаны және қалай сөйлегені ‘ел арасында [ол] туралы араздық тудырғандықтан’, қарсыластары оған зияндық жасай алмады (Жох. 7:32—46). Сеніміңе қатысты сұрақтарға жауап бергенде, Киелі кітапты қолдан және ‘ілтипат, құрмет танытып сөйле’ (Пет. 1-х. 3:15). Ал сұрақтың жауабын білмесең, мұны мойындап, ізденіп көретініңді айт. Сосын, өзің түсінетін тілде бар болса, “Күзет мұнарасы басылымдарының индексін” немесе компакт-дискідегі “Күзет мұнарасының кітапханасын” қолданып, аталмыш тақырыпты зерттеп көр. Жақсы дайындалар болсаң, ‘қалай жауап беру керек екенін білесің’ (Қол. 4:6).

12. Неге қудалаудың ұнжырғаңды түсіруіне жол бермеуің керек?

12 Адамдар шешімің мен нанымдарыңа қатысты сұрақтар қоюмен ғана шектелмеуі мүмкін. Осы дүниені Құдайдың жауы Шайтан Ібіліс билеп отырғанын білеміз емес пе? (Жоханның 1-хаты 5:19 оқы). Сондықтан жұрттың бәрі сені мақтайды не қошеметтейді деп күту қисынды болмас, керісінше, қарсылыққа кезігетін шығарсың. Кейбіреулер сені ‘жамандауы’ және мұнысын қоймауы мүмкін (Пет. 1-х. 4:4). Бірақ мұндай күйді басқалар да бастан кешкен. Иса да қудаланған. Қуғынға елші Петір де ұшыраған. Сондықтан ол: “Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің “от кешіп” ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар. Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар”,— деп жазған (Пет. 1-х. 4:12, 13).

13. Неге қуғынға ұшырағанда, мәсіхшілер қуанады?

13 Мәсіхші болғаның үшін қудаланып не қарсылыққа кезігіп жүрсең, қуануыңа себеп бар. Неге? Өйткені осы дүниенің мақұлдауына ие болғаның Құдайға емес, Шайтанға ұнайтындай өмір сүріп жатқаныңды көрсетер еді. Иса былай деп ескерткен: “Егер барлық жұрттан мақтау естіп жүрсеңдер, қасіретке қаласыңдар: олардың ата-бабалары жалған пайғамбарларға да солай істеген” (Лұқа 6:26). Қуғын — Ехобаға қызмет етіп жүргенің үшін Шайтан мен оның дүниесінің саған ашулы екендігінің белгісі (Матай 5:11, 12 оқы). Ал ‘Мәсіхтің атына бола қорлық көру’ — қуануға тұрарлық нәрсе (Пет. 1-х. 4:14).

14. Мәсіхшінің қарсылыққа қарамай, Ехобаға адал болғанының нәтижесі қандай болады?

14 Қарсылыққа қарамай, Ехобаға адал болып қалғаныңның, кем дегенде, төрт пайдасы бар. Сен Құдай мен оның Ұлы туралы куәлік бересің. Қарсылыққа адалдықпен төтеп бергенің бауырластарыңды жігерлендіреді. Табандылығыңды көргенде, Ехобаны білмейтіндердің кейбірі ол туралы білім алуға ықылас білдіруі мүмкін (Філіпіліктерге 1:12—14 оқы). Сондай-ақ сынақтарда Ехобаның күш бергенін сезгенде, оған деген сүйіспеншілігің арта түседі.

Қызмет етуіңе “есік айқара ашық”

15. Елші Пауыл үшін қандай ‘есік айқара ашылды’?

15 Ефестегі қызметі турасында елші Пауыл: “Өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық”,— деп жазған (Қор. 1-х. 16:8, 9). Пауыл үшін сол қалада ізгі хабарды уағыздау мен шәкірт дайындаудың зор мүмкіндігі туды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ол көп адамның Ехоба туралы білім алып, оған ғибадат етуіне көмектесті.

16. Қалай майланған тамтық 1919 жылы ашық тұрған ‘есіктен’ кірді?

16 Ұлылыққа бөленген Иса Мәсіх 1919 жылы майланған тамтықтың алдынан ‘есікті ашып қойды’ (Аян 3:8). Олар осы есіктен кіріп, бұрынғыдан да зор құлшыныспен ізгі хабарды уағыздап, Киелі кітаптағы шындықты үйрете бастады. Мұның нәтижесі қандай болды? Ізгі хабар бүгінде жердің төрт бұрышына тарап, жеті миллионға жуық адам Құдайдың жаңа дүниесінде мәңгі өмір сүру үмітіне ие болып отыр.

17. Қалай сен айқара ашық тұрған есіктен кіре аласың?

17 Ехобаның қызметшілеріне өнімді еңбек ету үшін әлі де “есік айқара ашық” тұр. Осы мүмкіндікті қолданып, уағыздау ісіне көбірек атсалысып жүргендер қуаныш пен қанағат сезінуде. Ехобаның жас қызметшілері, өзгелерге ‘Ізгі хабарға сенуге’ көмектесу теңдесі жоқ артықшылық емес пе!? Сендер оны қаншалықты жоғары бағалайсыңдар? (Мар. 1:14, 15). Жалпы не қосалқы ізашар болып қызмет ете алар ма едіңдер? Көпшілігің үшін Патшалық сарайларын соғу бағдарламасына қатысу, Бетелде қызмет ету, миссионер не арнайы ізашар болу сияқты мүмкіндіктер бар. Шайтанның зұлым дүниесінің ақыры таяп келе жатқандықтан, қызметтің осындай түрлеріне атсалысудың күн санап маңыздылығы артуда. Әлі уақыт барда сен осы ‘айқара ашық’ тұрған есіктен кіресің бе?

“Дәмін татыңдар да, Жаратушының қандай мейірімді екендігін көріңдер!”

18, 19. а) Дәуіттің Ехобаға қызмет етуге деген ықыласы арта түсуіне не ықпал еткен? ә) Дәуіттің Құдайға қызмет етуді таңдағанына ешқашан өкінбегені неден көрінеді?

18 Дәуіт рухтың жетелеуімен өзгелерді ‘дәмін татып, Жаратушының қандай мейірімді екендігін көруге’ шақырған (Заб. 33:9). Бала күнінде қой бағып жүргенде, Ехоба оны жыртқыш аңдардан қорғаған. Ғолиятпен шайқасқанда да қолдаған. Сондай-ақ басқа да бақытсыздықтарға ұшырағанда, талай рет аман алып қалған (Пат. 1-ж. 17:32—51; Заб. 17:1 [18-тарау кіріспе сөзі, ЖД]). Құдайдың зор мейірімін сезінгені Дәуітті былай деп жазуға талпындырған: ‘Жаратушы Ие, Құдайым менің, Сенің жасағандарыңда шек жоқ: Сенің бізге арнап істеген кереметтерің мен таңғажайыптарың; Саған кім тең келе алсын!’ (Заб. 39:6).

19 Дәуіттің Ехобаға деген сүйіспеншілігі барынша арта түсіп, оны шын жүректен, бар ақыл-ойымен мадақтағысы келген. Ол: “Мен Сенің құзырыңды орындамақпын, Құдайым менің, Сенің заңдарың да жүрек түкпірімде сақтаулы тұр. Мен ұлы жиында Сенің есіміңді марапаттадым; мен өз аузыма тыйым салған жоқпын”,— деген (Забур 40:9,  10а). Дәуіт нешеме жылдар өтсе де, өмірін шынайы Құдайға ғибадат етуге арнағанына еш өкінбеген. Құдайға шын берілгендік таныту ол үшін зор қазына, теңдесі жоқ бақыттың көзі, болған. Қартайған шағында ол: “Жаратушы Ием, менің үмітімсің, жас кезімнен бастап Өзіңе сенгенмін... Қартайғанға дейін және шашым ағарғанша, Құдай, мені жалғыз қалдырма”,— деген (Заб. 70:5, 18). Дәуіттің күш-қуаты қайтқанмен, Ехобаға деген сенімділігі артып, достығы нығая түскен.

20. Неге Құдайға қызмет ету — ең керемет өмір жолы?

20 Ешуа, Дәуіт және Тімотенің өмірі Ехобаға қызмет ету — ең керемет өмір жолы екеніне көзімізді жеткізе түсті. Осы дүниедегі жетістіктен келетін баянсыз байлық Ехобаға шын жүректен, бар жан-тәніңмен қызмет етуден келетін мәңгі баталармен салыстыруға да келмейді (Ешуа 22:5). Дұға етіп, Ехобаға бағышталмаған болсаң, өзіңнен: “Ехобаның куәгері болуға маған қандай тосқауыл бар?”— деп сұрап көр. Ал Ехобаның шомылдыру рәсімінен өткен қызметшісі болсаң, қуанышыңды арттыра түскің келе ме? Олай болса, қызметке көбірек атсалыс және рухани жетістіктерге жете беруге бел бу. Келесі мақаладан елші Пауылдың үлгісіне еліктей отырып, қалай рухани өсуге болатынын көресің.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Құдайға қызмет етуіміз керектігінің екі себебін атаңдар.

• Тімотенің Құдайға қызмет етуді шешуіне не көмектескен?

• Қудалауға кезіккенде, неге сеніміңнен таймауың керек?

• Сен үшін қызмет етудің қандай мүмкіндіктері бар?

[18-беттегі сурет]

Ехобаға қызмет ету — ең керемет өмір жолы

[19-беттегі сурет]

Сеніміңе қатысты сұрақтарға жауап бере аласың ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу