Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.11. 24—28 бет.
  • Ехобаның Сөзі әрқашан орындалады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның Сөзі әрқашан орындалады
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның өз халқын азат етуі
  • Ехобаның өз халқын қорғауы
  • Ехобаның өз халқына қамқорлық етуі
  • Қазіргі таңда Ехобаның өз халқын азат етуі
  • Ехобаның бүгінде өз халқын қорғауы
  • Ехоба бүгінде өз халқына қамқорлық етуде
  • Ол әрқашан уәделерін орындайды
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ешуа кітабының көңіл бұрарлық тұстары
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаны ешқашан ұмытпа
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба Ешуаны таңдады
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
Көбірек мәлімет
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.11. 24—28 бет.

Ехобаның Сөзі әрқашан орындалады

‘Өз Құдайларың — Жаратушы Ие сендер туралы айтқан ізгі сөздердің бірде-біреуі бос кетпеген; сендер үшін бәрі орындалды’ (ЕШУА 23:14).

1. Ешуа деген кім және ол өмірінің соңына таман не істеді?

ОЛ БАТЫЛ әскербасы, жігерлі, сенімі зор әрі мінсіз адам болатын. Ол Мұсаның жанында жүретін, сондай-ақ Исраил халқын қорқынышты шөл даладан сүт пен бал ағып жатқан жерге апару үшін оны Ехобаның өзі таңдап алған. Өмірінің соңына таман осы аса қадірлі кісі Ешуа Исраилдің ақсақалдарына жан тебірентерлік қоштасу сөздерін айтады. Оның айтқандары тыңдаушыларының сенімін нығайтқаны сөзсіз, олар біздің де сенімімізді нығайта алады.

2, 3. Ешуа ақсақалдарға сөз сөйлегенде, Исраил халқының ахуалы қандай еді және ол не деді?

2 Киелі кітапта баяндалған мына жағдайды көз алдыңа елестетіп көрші: “Жаратушы Ие Исраилді оның айналасындағы барлық дұшпандарынан тыныштандырған соң көп уақыт өткенде [Ешуа] қартайып, шау тартты. Содан [Ешуа] Исраилдің барлық ұлдарын, олардың үлкендерін, олардың бастықтарын, олардың қазылары мен қадағалаушыларын шақырып алып, оларға былай деді: Мен қартайдым, жасарымды жасадым” (Ешуа 23:1, 2).

3 Ешуаның жасы 110-ға таяп қалған еді, әрі ол Құдай халқының тарихындағы ең қызықты кезеңдердің бірінде өмір сүрді. Ешуа Құдайдың құдіретті істерінің куәсі болды, сондай-ақ Ехобаның көптеген уәделерінің орындалғанын көрді. Сондықтан да ол: “Ал сендер болсаңдар өз Құдайларың — Жаратушы Ие сендер туралы айтқан ізгі сөздердің бірде-біреуі бос кетпегенін бүкіл жан-жүректеріңмен сезесіңдер; сендер үшін бәрі орындалды, бірде-бір сөз іске аспай қалған жоқ”,— деп кәміл сеніммен айта алды (Ешуа 23:14).

4. Ехоба исраилдіктерге нені уәде етті?

4 Ешуаның күндерінде Ехобаның қандай сөздері орындалды? Ехобаның исраилдіктерге берген үш уәдесін қарастырайық. Құдай оларға 1) құлдықтан азат етуді, 2) қорғауды және 3) қамқорлық етуді уәде етті. Ехоба бүгін де халқына осындай уәделер беріп отыр, әрі біз олардың орындалып жатқанының куәсі болып жүрміз. Ехоба бүгінде халқы үшін не істеп отырғанын қарастырмас бұрын, Ешуаның заманында қалай әрекет еткеніне көңіл бөлейік.

Ехобаның өз халқын азат етуі

5, 6. Ехоба исраилдіктерді Мысырдан қалай азат етті және бұл нені көрсетті?

5 Мысыр құлдығындағы исраилдіктер зарлап жылағанда, Құдай оларға назар аударады (Мысырдан шығу 2:23—25). Жанып тұрған бұтаның жанында ол Мұсаға: “Мен халқымды мысырлықтардың қол астынан азат ету үшін көктен түстім. Оларды сол елден алып шығып... жері шұрайлы, кең-байтақ, ағы мен балы ағыл-тегіл елге бастап алып барамын”,— деді (Мысырдан шығу 3:8). Ехобаның мұны жүзеге асырғанын көру жан тебірентерлік жайт болған болса керек! Перғауын исраилдіктерді Мысырдан жібермей қойғанда, Мұса оған Құдайдың Ніл суын қанға айналдыратынын мәлімдеді. Ехобаның сөзі орындалды: Ніл суы қанға айналды; ондағы балықтар қырылып, өзеннің суы ішуге жарамсыз болып қалды (Мысырдан шығу 7:14—21). Бірақ перғауын қасарысып тұрып алады. Сондықтан Ехоба тағы тоғыз жаза жібереді және әр жазаның алдында не істейтінін ескертіп отырады (Мысырдан шығу 8—12 тараулар). Мысырлықтардың тұңғыштары өлген оныншы жазадан соң, перғауын исраилдіктерге кетуді бұйырады, олар солай етеді де (Мысырдан шығу 12:29—32).

6 Ехоба Исраилді құлдықтан азат етіп, оларды өз халқы етіп таңдап алады. Бұл оның әрқашан өз уәдесін орындайтын Құдай екенін паш етті. Сондай-ақ Ехобаның басқа халықтардың тәңірлерінен үстем екенін көрсетті. Халқын осылай азат еткені жайлы оқығанымыз біздің сенімімізді нығайтады. Сол кезде исраилдіктердің не сезінгенін ойлап көрші! Ешуаға Ехобаның “бүкіл жер бетіндегілердің барлығынан Ең Жоғарғы” Құдай екені айқын болды (Забур 83:18, ЖД; [82:19]).

Ехобаның өз халқын қорғауы

7. Ехоба исраилдіктерді перғауынның жасағынан қалай қорғады?

7 Ехобаның өз халқын қорғауға қатысты берген екінші уәдесі жайлы не деуге болады? Бұл уәде оның өз халқын Мысырдан құтқарып, Уәде етілген жерге апарамын деген сөздерінің астарында жатқан еді. Есіңде болса, ашуға мінген перғауын жүздеген күймесі бар қуатты жасағымен исраилдіктердің соңына түскен болатын. Әсіресе исраилдіктер тау мен теңіздің арасында қалып, тұзаққа түсіп қалғандай көрінгенде, сол менмен кісі өзіне өте сенімді болған болса керек. Алайда халқын азат ету үшін Құдайдың өзі іске араласып, екі көштің арасын бұлтпен бөліп тастайды. Сонда мысырлықтар жақта қараңғылық, ал исраилдіктер жақта жарық орнайды. Бұлт мысырлықтардың жолын бөгеп тұрған кезде, Мұса таяғын көтереді де, Қызыл теңіздің суы қақ бөлініп, жол ашылады. Ол исраилдіктердің қашуына мүмкіндік береді, ал мысырлықтар қақпанға түседі. Осылайша Ехоба перғауынның қуатты жасағын тып-типыл етіп жойып, халқын қорғап қалды, әйтпегенде олар міндетті түрде жеңілер еді (Мысырдан шығу 14:19—28).

8. Құдай исраилдіктерді а) шөл далада, ә) Уәде етілген жерге кіргенде, қалай қорғады?

8 Қызыл теңізден өткен соң, исраилдіктер ‘төсінде жыландар, үйелменді кесірткелер, шаяндар өріп жүрген және қойнауында суы жоқ мекиен жерлер’ деп сипатталған жерді кезіп жүрді (Заңды қайталау 8:15). Ехоба сол жерде де халқын қорғады. Ал олар Уәде етілген жерге кіргенде ше? Оларға қанахандық күшті әскерлер қарсылық көрсетті. Бірақ Ехоба Ешуаға: “Тұр, сен және мынау барлық халық мына Иорданнан өтіп, Мен оларға, Исраилдің ұлдарына, берген жерге барыңдар. Ғұмырыңның барлық күндерінде сенің алдыңда ешкім шыдап тұра алмас; Мен Мұсаға қалай болсам, саған да солай боламын: сенен айнымаспын әрі сені тастамаспын”,— деді (Ешуа 1:2, 5). Ехобаның бұл сөздері орындалмай қалмады. Алты жылдай уақыттың ішінде Ешуа 31 патшаны жеңіп, Уәде етілген жердің көп бөлігін басып алды (Ешуа 12:7—24). Ехоба қорғамағанда, бұл мүмкін болмас еді.

Ехобаның өз халқына қамқорлық етуі

9, 10. Қалай Ехоба шөл далада халқына қамқорлық етті?

9 Ал Ехобаның үшінші уәдесі — өз халқына қамқорлық ету. Мысырдан азат етілгеннен кейін көп ұзамай, Құдай исраилдіктерге былай деп уәде етті: “Біліп қойыңдар, Мен сендерге аспаннан нан жаудырамын. Күн сайын халық далаға шығып, бір күндік тамағын жинап алсын”. Айтқандай-ақ, Құдай оларға “аспаннан нан” берді. ‘Исраилдіктер мұны көргенде, оның не екенін білмей, бір-бірінен: “Бұл не?”— деп сұрасты’. Бұл манна, яғни Ехоба оларға уәде еткен нан, еді (Мысырдан шығу 16:4, 13—15).

10 Шөл далада 40 жыл бойы Ехоба исраилдіктерді ас-сумен қамтамасыз етті. Ол тіпті олардың киімдерін тозбайтындай, аяқтарын ісінбейтіндей етті (Заңды қайталау 8:3, 4). Ешуа осының бәрін өз көзімен көрді. Иә, Ехоба өзі уәде еткендей, халқын азат етті, қорғады және оларға қамқорлық етті.

Қазіргі таңда Ехобаның өз халқын азат етуі

11. 1914 жылы Бруклин Бетелінде (Нью-Йорк) не хабарланды және сол кезде қандай уақыт келген еді?

11 Біздің уақытымыз жайлы не деуге болады? Бірде жұма күні таңертең, 1914 жылдың 2 қазанында, сол кездегі Киелі кітап зерттеушілерінің жетекшісі Чарлз Тейз Расселл Бруклиндегі (Нью-Йорк) Бетелдің асханасына кіреді де, жүзі жайнап: “Қайырлы таң!”— деп бәріне сәлем береді. Сосын, отырмай тұрып, қуанышпен: “Басқа ұлттар дәурені аяқталды; олардың патшаларының күні соңына жетті”,— деп жариялады. Тағы да Әлемнің Әміршісі Ехобаның өз халқы үшін әрекет ететін уақыты келген еді, әрі ол әрекет етті де!

12. 1919 жылы Ехоба халқын неден азат етті және мұның нәтижесі қандай болды?

12 Осыдан небары бес жыл өткен соң, Ехоба халқын “Ұлы Бабылдан”, қуатты дүниежүзілік жалған діндер империясынан, азат етті (Аян 18:2). Біздің арамызда көңіл толқытатын сол жайтты көргендер көп емес. Алайда біз оның нәтижесін айқын көріп жүрміз. Ехоба шынайы ғибадатты қайта орнатып, өзіне ғибадат еткісі келетіндерді біріктірді. Бұл туралы Ишая пайғамбар алдын ала айтқан болатын: “Кейінгі заманда Жаратқан Иенің Киелі үйі тұрған Сион тауы Бастысы болады бар тау-төбелердің. Бәрінен де оның атақ-даңқы Әлдеқайда жоғары боп қалады. Барлық халықтардың адамдары Соған қарай ағылатын болады” (Ишая 2:2).

13. Сен Ехобаның халқының қандай өсімін көрдің?

13 Ишая арқылы айтылған сөздер орындалды. 1919 жылы майланғандар тамтығы дүниежүзі бойынша батылдықпен куәлік ете бастап, шынайы Құдайға деген ғибадатты асқақтатты. Ал 1930 жылдары таза ғибадатқа “басқа қойлардың” жиналып жатқаны айқын болды (Жохан 10:16). Алғашқыда оған мыңдаған, сосын, жүз мыңдаған адамдар келсе, қазір олардың саны бірнеше миллионға жетеді! Елші Жоханға берілген аянда олар ‘әрбір ұлттан, халықтан, тілден шыққан’, ‘ешбір адам баласы санай алмайтындай өте үлкен тобыр’ ретінде сипатталған (Аян 7:9). Ал сен өміріңде қандай жайттардың куәсі болдың? Шындықты білген кезіңде, дүниежүзінде қанша Ехоба куәгері бар еді? Бүгінде олардың саны 6 700 000-нан асады. Ехоба халқын Ұлы Бабылдан азат ету арқылы қазір өзіміз куә болып отырған шартараптағы көңіл толқытатын өсімге жол ашты.

14. Алда қандай құтқарылу күтіп тұр?

14 Алда тағы бір құтқарылу күтіп тұр, әрі оның жер бетіндегі адамдардың бәріне қатысы бар. Ехоба құдіретін ғаламат түрде паш ете отырып, өзіне қарсы шыққандардың бәрін жояды, ал өз халқын әділдік орнаған жаңа дүниеде өмір сүру үшін аман алып қалады. Зұлымдық атаулы жойылып, адамзат тарихындағы ең ғажайып дәуірдің басталғанын көру неткен бақыт! (Аян 21:1—4)

Ехобаның бүгінде өз халқын қорғауы

15. Неге біздің уақытымызда Ехобаның халқы оның қорғауына мұқтаж болды?

15 Жоғарыда көргеніміздей, Ешуаның заманындағы исраилдіктер Ехобаның өздерін қорғағанына мұқтаж болған. Оның бүгінгі халқы туралы да осылай деуге бола ма? Әлбетте. Иса ізбасарларына: “Сол кезде жұрт сендерді азаптап, өлтіру үшін ұстап береді. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендерді жек көретін болады”,— деп ескерткен (Матай 24:9). Көп жылдар бойы Ехоба куәгерлері көптеген елде қатты қарсылықтар мен аяусыз қудалауларға кезікті. Алайда Ехоба өз халқына жар болуда (Римдіктерге 8:31). Оның Сөзі бізді мынаған сендіреді: еш нәрсе — бізге қарсы жасалған ешбір қару-жарақ — Патшалықты уағыздау мен тәлім беру ісін тоқтата алмайды (Ишая 54:17).

16. Ехобаның өз халқын қорғайтындығының қандай дәлелін көрдің?

16 Осы дүниенің жек көретініне қарамастан, Құдай халқы өркендеуде. Расында да, Ехоба куәгерлерінің 236 ел мен аймақта өркендеп жатқаны — көзімізді құртқысы немесе аузымызға қақпақ болғысы келгендерден қорғау үшін Ехобаның бізбен бірге екендігінің бұлтартпас дәлелі. Сенің уақытыңда Құдай халқын қатты қанаған құдіретті саяси не діни басшылар болды ма? Олардың есімдерін есіңе түсіре аласың ба? Қазір олар қайда қалды? Мұса мен Ешуаның күніндегі перғауын секілді, олардың да басым көпшілігі құрып кетті. Ал өле-өлгенше адалдығын сақтап қалған Құдайдың қызметшілері жайлы не деуге болады? Олар Құдайдың жадында, яғни ең қауіпсіз жерде. Шындығында да, Ехоба қорғаймын деген уәдесін орындап отыр.

Ехоба бүгінде өз халқына қамқорлық етуде

17. Ехоба рухани ас-суға қатысты қандай уәде берген?

17 Ехоба шөл далада халқын қамқорлаған, бүгінгі күні де ол осылай етуде. “Адал да ақылды құл” бізді рухани ас-сумен қамтамасыз етіп отыр (Матай 24:45, ЖД). Осының арқасында бізге ғасырлар бойы құпия болып келген рухани шындықтар ашылуда. Бір періште Даниялға былай деген: “Осы сөздерді бекітіп, осы кітабыңды соңғы мерзімге дейін сақтап қой; оны көп адам оқиды да, мәнісін білетіндер көбейеді” (Даниял 12:4).

18. Неге шынайы білім бүгінде мол деуге болады?

18 Біз ‘соңғы мерзімде’, яғни соңғы күндерде, өмір сүрудеміз, әрі қазір шынайы білім, шынында да, мол. Киелі рух дүниежүзіндегі шындықты аңсаған адамдарға шынайы Құдай мен оның ниеттерін түсінуге көмектесуде. Бүгінде Киелі кітап та, ондағы құнды шындықтарды түсіндіретін басылымдар да көптеп басылуда. Мысалы, “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?”a деген зерттеуге арналған басылымның мазмұнын қарашы. Онда мынадай тараулар бар: “Құдай туралы шындық қандай?”, “Өлген адамдар қайда болады?”, “Құдай Патшалығы деген не?” және “Неге Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?” Осындай сұрақтар адамзатты мыңдаған жылдар бойы толғандырған. Ал қазір олардың жауаптарын табу оңай. Адамдардың ғасырлар бойы Киелі кітапты білмегеніне және мәсіхшілер әлемінің жалған ілімдерге үйреткеніне қарамастан, бүгінде Құдай Сөзі Ехобаға қызмет еткісі келетіндердің бәріне нәр беріп, құдіреті артып отыр.

19. Сен Құдайдың қандай уәделерінің орындалғанын көрдің және бұдан қандай түйін жасадың?

19 Өз көзімізбен көрген Ехобаның істеріне қарап: “Жаратушы Ие сендер туралы айтқан ізгі сөздердің бірде-біреуі бос кетпегенін бүкіл жан-жүректеріңмен сезесіңдер; сендер үшін бәрі орындалды, бірде-бір сөз іске аспай қалған жоқ”,— деп сенімді түрде айта аламыз (Ешуа 23:14). Ехоба өз қызметшілерін азат етіп, құтқарады, қорғайды және оларға қамқорлық етеді. Құдайдың өз уақытында орындамай қойған уәдесі бар ма? Ешқайсымыз да олай дей алмаспыз. Біз даналық танытып, Құдай Сөзіне сенім артамыз.

20. Неге болашаққа сеніммен қарауымызға болады?

20 Болашақ жайлы не деуге болады? Ехоба басым көпшілігіміздің жұмаққа айналған жер бетінде өмір сүруге үміттене алатынымызды айтқан. Ал арамыздағы азғана адамның Мәсіхпен бірге көкте билік етуге үміті бар. Үмітіміз қандай болмасын, бәріміздің де Құдайға Ешуа сияқты адал болып қалуға келелі себебіміз бар. Үмітіміз орындалатын күн де келеді. Сонда Ехобаның берген уәделерін еске алып, біз де: “Бәрі орындалды”,— дейтін боламыз.

[Сілтеме]

a Ехоба куәгерлері басып шығарған.

Түсіндіріп бере аласыңдар ма?

• Ешуа Ехобаның қандай уәделерінің орындалғанын көрді?

• Сен Құдайдың қандай уәделерінің орындалғанын көрдің?

• Құдайдың сөзіне қатысты не нәрсеге сенімді бола аламыз?

[25-беттегі сурет]

Ехоба халқын өзі азат етті

[25-беттегі сурет]

Ехоба Қызыл теңізде халқын қалай қорғады?

[26-беттегі сурет]

Ехоба бүгінде халқының қамын жасайды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу