Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.8. 3—4 бет.
  • Жағымсыз сезіммен күресіп жүрсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жағымсыз сезіммен күресіп жүрсіз бе?
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап қуаныш табуға көмектесе алады
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жабырқау көңіліңізге Ехоба демеу болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Сіз жалғыз емессіз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
  • Адамның өз-өзіне деген сый-құрметі қайда қалды?
    Ояныңдар! 2024
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.8. 3—4 бет.

Жағымсыз сезіммен күресіп жүрсіз бе?

ЛИНА өмірінің көбінде өзін түкке тұрғысыз сезіну сияқты жағымсыз сезіммен күресті. “Балалық шағымдағы арым тапталған жылдар қадір-қасиетімді сезінуіме қатты зиян тигізгені сонша, өзімді ештеңеге жарамсызбын деп сезіне бастадым”,— деді ол. Симон да жастық шағын еске алып: “Жан дүнием қаңырап, әрі түкке тұрғысызбын деп ойлайтынмын”,— деді. Осындай сезімнен туатын бақытсыздық бүгінде кең етек алып отырғанға ұқсайды. Бір жасөспірімдерге телефонмен кеңес беру қызметінің мәлімдеуінше, телефон шалушылардың жартысы дерлік “өздерін үнемі төмен санайтынын” айтады екен.

Кейбір мамандардың айтуынша, адамның өзін түкке тұрғысыз сезінуіне басқалар әсер етеді. Мұндай сезім тудыратын ой-қалып үнемі ұрыс-керіс естігеннен, шектен тыс әрі қатыгездікпен сынап-мінегеннен немесе өздерін қорлап пайдаланғаннан қалыптасуы мүмкін. Себебі қандай болған күнде де, мұның кесірінен адам ерік-жігерден айырылып, тіпті опат болуы да мүмкін. Таяуда бір медициналық зерттеу өзін төмен санайтындар өзіне де, өзгеге де сенбей, осылайша еріксіз өзгелермен достығын және қарым-қатынасын жоғалтатынын анықтаған. Ол зерттеуде: “Олар, қандай да бір мағынада, қатты шошынатын жағдайларды өздеріне өздері ‘жасап’ алады”,— деп мәлімденеді.

Өздерін осылай сезінетіндер жиі Киелі кітапта айтылған ‘мазасыз ойлардың’ құрбаны болып жатады (Забур 94:19, ЖД [93:19]). Олардың ешқашан өздеріне көңілі толмайды. Егер бірдеңе дұрыс емес бола қалса, бірден өздерін кінәлап шыға келеді. Өзгелер жеткен жетістіктері үшін мақтап жатса, олар іштей өздерін бұған лайықсыз сезініп, ерте ме, кеш пе, беті ашылып қалатындай көрінеді. Сондай-ақ бақытты болуға лайықсызбын дегенге иланып, көпшілігі өміріне зиянды қылықтар жасап, әрі оларды түзетуге шамам жетпейді деп ойлайды. Жоғарыда айтылған Лина өзін түкке тұрғысыз санағанның кесірінен тамақтанудың бұзылуына шалдыққан болатын. Ол: “Бірдеңені өзгертуге шамам келмейді деп сезіндім”,— деп мойындайды.

‘Мазасыз ойлармен’ күрес өмір бойы жалғаса бере ме? Мұндай сезімдерді жеңу үшін не істеуге болады? Киелі кітапта көп адамға осындай күресте жеңіп шығуларына көмектескен принциптер мен іс жүзінде қолданарлық кеңестер бар. Сол принциптердің кейбірі қандай және олар қиналып жүргендерге өмірден қуаныш табуларына қалай көмектеседі? Бұл келесі мақалада қарастырылады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу