Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.4. 8—12 бет.
  • ‘Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқар’

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқар’
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ертеде ізгі хабарды құлшына уағыздағандар
  • Ізгі хабарды бүгінгі күнде құлшына уағыздап жүргендер
  • Үйме-үй куәлік ету
  • Неге уағыздауды тоқтатпаймыз?
  • Ізгі хабарды уағыздау өзімізге де пайдалы
  • Байлықты көкте жинаңдар
  • Ізгі хабарды уағыздау қызметіңді толықтай атқар
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Шынайы мәсіхшілердің барлығы да ізгі хабарды уағыздаушылар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қызметімізді толықтай атқарып жүрміз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ізгі хабардың игіліктері
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.4. 8—12 бет.

‘Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқар’

‘Сен әрдайым қырағы бол; Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқара бер!’ (2 ТІМОТЕГЕ 4:5).

1. Иса ізбасарларына қандай тапсырма берді?

ЕХОБАНЫҢ есімі мен ниеттері жер жүзіне жариялануда. Өйткені Құдайға бағышталған халық Иса Мәсіхтің ізбасарларына: “Барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!” — деген тапсырмасын маңызды деп есептейді (Матай 28:19, 20).

2. Тімоте қандай нұсқау алды және мәсіхші бақылаушылар үшін қызметтерін орындаудың бір жолы қандай?

2 Исаның бірінші ғасырдағы шәкірттері бұл тапсырмаға аса мән берген. Мысалы, елші Пауыл бауырласын, бақылаушы Тімотені: “Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқарып, қызметіңді орындай бер!” — деп жігерлендірді (2 Тімотеге 4:5). Қазіргі кезде бақылаушылар үшін қызметтерін орындаудың бір жолы — Патшалықты құлшына уағыздап, үнемі танаптағы қызметке қатысу. Мысалы, қауымдағы кітап оқу тобы бақылаушыларының уағыздау ісінде жетекшілікті қолға алу мен басқаларға тәлім беру сияқты қуанышпен атқаратын міндеттері бар. Пауыл ізгі хабарды жариялау арқылы міндетін атқарды, сондай-ақ бауырластарына қызмет етуге де көмектесті (Елшілердің істері 20:20; 1 Қорынттықтарға 9:16, 17).

Ертеде ізгі хабарды құлшына уағыздағандар

3, 4. Ізгі хабарды уағыздаушы ретінде Філіп жайлы не деуге болады?

3 Ертедегі мәсіхшілер ізгі хабарды құлшыныспен уағыздаушылар ретінде танымал болған. Мысалы, Філіпті алайық. Ол Иерусалимдегі грекше сөйлейтін шетелдік яһуди мен жергілікті жесірлердің ешқайсысын алаламай, күнделікті тамақпен қамтамасыз ету үшін таңдап алынған “Киелі Рух пен даналыққа бөленген жеті жігіттің” бірі болған (Елшілердің істері 6:1—6). Арнайы тағайындалған осы қызметін аяқтап, қуғынның салдарынан елшілерден басқа мәсіхшілер бытырап кеткеннен кейін, Філіп Самарияға кетеді. Ол сол жерде де ізгі хабарды таратып, киелі рухтың күшімен адамдардан жындарды қуады және сал, мүгедек болғандарды сауықтырады. Самарияның көптеген тұрғындары Патшалық туралы хабарды қабыл алып, шомылдыру рәсімінен өтеді. Бұл жайтты Иерусалимдегі елшілер естіп, жаңадан шомылдыру рәсімінен өткендер киелі рухқа кенеле алулары үшін елші Петір мен Жоханды Самарияға аттандырады (Елшілердің істері 8:4—17).

4 Кейіннен Құдайдың рухы Філіпті эфиопиялыққа кездестіру үшін Газаға баратын жолға шығарады. Філіп “Эфиопияның әйел патшасы Қандақидың барлық қазынасын басқаратын уәзірі” болған эфиопиялыққа Ишая пайғамбарлығын жақсылап түсіндіріп берген соң, ол Иса Мәсіхке сеніп, шомылдыру рәсімінен өтеді (Елшілердің істері 8:26—38). Бұдан кейін Філіп Азотқа кетеді, одан әрі қарай Кесарияға жеткенше жол-жөнекей ‘Ізгі хабарды барлық қалаларға таратады’ (Елшілердің істері 8:39, 40). Бұл ізгі хабарды уағыздаудың неткен керемет үлгісі!

5. Філіптің төрт қызы әсіресе несімен танымал болды?

5 Філіп шамамен жиырма жылдан кейін де Кесарияда белсенді қызмет атқарып жатқан болатын. Пауыл мен Лұқа сол қалаға келіп, оның үйіне түскен кезде, оның ‘тұрмысқа шықпаған төрт қызы да пайғамбарлық сөз айтып’ жүрген болатын (Елшілердің істері 21:8—10). Сөзсіз бұл қыздар рухани жақсы тәлім алған және қызметтерінде құлшыныс танытқан, тіпті пайғамбарлық сөз айту құрметіне ие болған. Бүгінгі күні де ата-ананың қызметте көрсеткен құлшынысы ұлдары мен қыздарына әсер етіп, ізгі хабарды уағыздау ісін құлшына әрі өмір бойы атқаруға талпындырады.

Ізгі хабарды бүгінгі күнде құлшына уағыздап жүргендер

6. Бірінші ғасырда ізгі хабарды уағыздаушылар қандай жетістікке жетті?

6 Иса Мәсіх біздің күніміз бен соңғы күндерге қатысты ұлы пайғамбарлығында былай деген: “Осы заманның ақыры болмас бұрын Ізгі хабар барлық ұлттарға да уағыздалуға тиіс” (Марқа 13:10). Заманның ақыры келмес бұрын ізгі хабар “күллі әлемге” жариялану керек (Матай 24:14). Пауыл мен бірінші ғасырдағы басқа да уағыздаушылардың ізгі хабарды таратуларының арқасында көптеген адам сенуші болып, бүкіл Рим империясында қауымдар бірінен соң бірі ашылып жатты. Бұл қауымдарда тағайындалған ақсақалдар бауырластарымен бірге ізгі хабарды уағыздады және уағыздау ісінің көлемін кеңейте берді. Ехобаның сөзі сол кезде қалай кең тарап, құдіретін көрсетсе, қазіргі кезде де солай көрсетуде, себебі ізгі хабарды уағыздауға миллиондаған Ехоба Куәгерлері қатысуда (Елшілердің істері 19:20). Сен де Ехобаны мадақтап жүрген осы бақытты жандардың бірісің бе?

7. Патшалықты жариялаушылар бүгінде қандай іс атқаруда?

7 Бүгінде көптеген Патшалықтың жариялаушылары қызметтерінің аясын кеңейту үшін қолайлы мүмкіндіктерді қолдануда. Мыңдағандары миссионерлік қызметте болса, жүздеген мыңы қосалқы және толық уақытты ізашар ретінде қызмет етуде. Патшалықтың құлшына жариялап жүрген ерлер мен әйелдердің және балалардың атқарып жүрген қызметі қандай зор! Шын мәнінде, Ехобаның халқы ізгі хабарды таратуға бір кісідей қатысып, бәрі де соның мол батасын көріп жатқанына қуанышты (Софония 3:9).

8. Қазір белгі қоюмен байланысты қандай іс жүріп жатыр және оған кімдер қатысуда?

8 Құдай Исаның майланған ізбасарларына ізгі хабарды күллі әлемге уағыздау міндетін жүктеді. Бұл істе оларға Мәсіхтің күн санап өсіп жатқан ‘басқа қойлары’ қолдау көрсетуде (Жохан 10:16). Пайғамбарлық тілмен айтқанда, өмірлік маңызы зор осы іс арқылы қазіргі күнде орын алып жатқан сорақылықты көріп жаны күйзелгендер мен қасірет шеккендердің маңдайына белгі қойылуда. Жақында зұлымдар жойылады. Оған дейін жер бетіндегі барлық адамға өмір сақтайтын шындықты жеткізу біз үшін зор құрмет! (Езекиел 9:4—6, 11).

9. Қауымның жаңа мүшелеріне қызметтерінде қалай көмектесуге болады?

9 Ізгі хабардың уағыздаушысы болғанымызға біраз уақыт болған болса, қауымға жаңадан қосылған бауырластарға қандай да бір көмек бере аларымыз әбден мүмкін. Кейде олармен бірге қызметке шыға алатын шығармыз. Ақсақал ретінде қызмет ететіндер бауырластар рухани өсе беру үшін қолдарынан келгеннің бәрін істеуге тырысады. Кішіпейіл бақылаушылардың атқарған жақсы жұмыстары басқалардың ізгі хабардың құлшына және нәтижелі уағыздауына көп септігін тигізеді (2 Петір 1:5—8).

Үйме-үй куәлік ету

10. Мәсіх пен оның ертедегі ізбасарлары қызмет етуге қатысты қандай үлгі қалдырды?

10 Иса Мәсіх ізгі хабардың уағыздаушысы ретінде ізбасарларына керемет үлгі көрсетті. Мәсіх пен оның елшілерінің қызметі жайлы Құдай Сөзінде былай делінеді: ‘Иса қалалар мен ауылдарды аралап, уағыз айтып, Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды жариялады. Оған он екі елшісі еріп жүрді’ (Лұқа 8:1, 2). Ал Исаның елшілері ше? Олар б. з. 33 жылғы Алғашқы өнім мейрамында киелі рухқа кенеліп, “күн сайын ғибадатханада және үй-үйді аралап тәлім беріп, Исаның Мәсіх екендігін уағыздауларын тоқтатқан жоқ” (Елшілердің істері 5:42, сілтемені қара).

11. Елшілердің істері 20:20, 21 сәйкес, елші Пауыл қызметінде не істеді?

11 Елші Пауыл ізгі хабарды құлшына уағыздағандықтан, Ефестегі ақсақалдарға: “Ел алдында және жеке үйлерде уағыз айтып, тәлім беріп жүргенде сендерге пайдалы болатын еш нәрсені қалдырмай, бәрін түгел айттым”,— деп айта алды. Пауыл ‘жеке үйлерде уағыз айтып, тәлім беріп жүргенде’, бір сенімдегі бауырластардың үйлерін бақташылық сапармен аралады ма? Жоқ, бұны түсіндіру үшін ол: “Яһудилер мен гректерге: “Күнәларыңа өкініп, Құдайға бет бұрып, Иеміз Исаға сеніңдер!” — дегенін айтты (Елшілердің істері 20:20, 21). Өзін Ехобаға бағыштап қойғандарды ‘күнәларына өкініп, Құдайға бет бұрып, Иеміз Исаға сенуге’ шақырудың қажеті жоқ еді. Пауыл Ефестегі ақсақалдарды күнәға өкіну мен сенім жайлы сенбейтіндерге тәлім бере жүріп, үйме-үй қызмет етуге үйретті. Осылайша Пауыл Иса көрсеткен әдісті қолданды.

12, 13. Філіпіліктерге 1:7 сәйкес, Ехобаның халқы уағыздау құқығына байланысты қандай шаралар қолданды?

12 Үйме-үй уағыз айту үшін көптеген қиындықты жеңу керек. Мысалы, үйлеріне Киелі кітаптың хабарын айтуға келгенде, кейбір үй иелері ашуланады. Әрине, біз оларды ашуландырғымыз келмейді. Алайда үйме-үй жүріп қызмет етуіміз Киелі кітапқа негізделген және бізді осылай куәлік беруге Құдай мен жақынымызға деген сүйіспеншілік талпындырады (Марқа 12:28—31). Үйме-үй жүріп уағыздау құқымызды ‘қорғап және заңды түрде нығайту’ үшін соттарға жүгінген кездер болды, сондай соттың бірі — АҚШ-тың Жоғарғы соты (Філіпіліктерге 1:7, ЖД). Оның барлық дерлік қабылданған шешімі біздің пайдамызға болды. Оның бір мысылы келесі шешім:

13 “Діни әдебиеттерді тарату — кітап басып шығару сияқты миссионерлердің ежелден бері келе жатқан уағыздау тәсілі. Бұндай тәсілге түрлі діни ағымдар ұзақ жылдар бойы аса мән берген. Ал қазіргі кезде түрлі конфессия өкілдерінің мыңдаған үйді аралап, уағыз айтып, адамдармен тікелей сөйлесу арқылы жаңа мүшелер іздейтін жолы... [АҚШ Конституциясының] Бірінші түзету бойынша, бұндай діни істің статусы — шіркеуде Құдайға құлшылық ету және мінбеден уағыз айту сияқты жоғарғы статусқа тең” (“Мердок Пенсильвания штатына қарсы” ісі, 1943).

Неге уағыздауды тоқтатпаймыз?

14. Қызметіміздің нәтижесі қандай болуы мүмкін?

14 Үйме-үй уағыздауымызға көптеген себеп бар. Есік ашқан адамдармен сөйлескен сайын, біз Киелі кітаптың тұқымын егуге тырысамыз. Қайта оралып келген кезде, суаруға тырысамыз. Осындай еңбек нәтижелі болуы мүмкін, өйткені Пауыл: “Мен жүректеріңе сенімнің “тұқымын ектім”, ал Аполлос көбірек тәлім беріп “суарды”. Бірақ оны өсірген біз емес, Құдай”,— деген (1 Қорынттықтарға 3:6). Олай болса, Құдайдың өзі ‘өсіретініне’ сенімді болып, ‘тұқым егу’ мен ‘суаруды’ тоқтатпайық.

15, 16. Адамдардың үйлеріне неге қайта-қайта келеміз?

15 Ізгі хабарды өмірлік маңызды хабар болғандықтан уағыздаймыз. Сол арқылы біз өзімізді де, бізді тыңдаушыларды да құтқара аламыз (1 Тімотеге 4:16, ЖД). Егер біреудің өміріне қауіп төніп тұрғанын білсек, құтқару үшін бір-ақ рет әлсіз әрекет етіп қоя салар ма едік? Жоқ, әрине! Адамдардың өмірі осы хабарды қабыл алуына байланысты болғандықтан, біз оларға қайта-қайта келеміз. Жағдай өзгеріп тұрады. Кейбіреулер бір келгенде тыңдауға мүлдем уақыты болмаса, келесі жолы Киелі кітап хабарына ықыласпен құлақ түруі мүмкін. Немесе есікті отбасының басқа мүшесі ашып, Киелі кітап тақырыбына әңгіме басталуы мүмкін.

16 Адамдардың тек жағдайы ғана емес, ықыласы да өзгеріп жатады. Мысалы, Патшалық туралы хабарға құлақ түруге жақынынан айырылып, жанының қиналғаны себеп болуы мүмкін. Әкелген хабарымыздан олар жұбаныш тауып, рухани мұқтаждығын ұғынады, әрі оны қалай қанағаттандыруға болатынын түсінеді деп үміттенеміз (Матай 5:3, 4 ЖД).

17. Уағыздауымыздың басты себебі қандай?

17 Үйме-үй куәлік беруіміздің не мәсіхшілік қызметтің басқа да түрлеріне қатысуымыздың басты себебі біз Ехобаның есімінің жариялануына өз үлесімізді қосқымыз келеді (Мысырдан шығу 9:16; Забур 83:18, ЖД). Ізгі хабарды уағыздауымыздың арқасында шындық пен әділдікті сүйетін адамдардың Ехобаны мадақтай бастағанын көру біз үшін қандай қуаныш! Забур жыршысы: “Бозбалалар мен қыздар, қарттар мен балалар Тәңірдің есімін мадақтасын, себебі Оның бір өзінің ғана есімі дәріптеулі, Оның даңқы жер мен көкте”,— деп жырлаған (Забур 148:12, 13).

Ізгі хабарды уағыздау өзімізге де пайдалы

18. Уағыздау ісіне қатысудың біз үшін қандай пайдасы бар?

18 Уағыздау ісіне қатысқанымыздың өзіміз үшін де пайдалы жақтары көп. Үйме-үй ізгі хабарды жариялап жүріп, әсіресе, бізді қабақ шытып қарсы алған жағдайларда, кішіпейілділік дамытамыз. Уағыздау ісімізде жемісті болу үшін Пауыл сияқты ‘әр түрлі адамдар арасында, ең болмағанда, бірсыпырасын құтқару үшін оларға бейімделуіміз’ қажет (1 Қорынттықтарға 9:19—23). Қызметте кездесетін жағдайлар адамдарға ізет көрсетуге үйретеді. Ехобаның көмегіне арқа сүйеу және орынды сөздер таңдау арқылы Пауылдың келесі кеңесін қолданамыз: “Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер” (Қолостықтарға 4:6).

19. Ізгі хабарды уағыздаушыларға киелі рух қалай көмектеседі?

19 Сондай-ақ уағыздау ісі Құдайдың киелі рухына арқа сүйеуге талпындырады (Зәкәрия 4:6). Өз кезегінде киелі рухтың сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық сияқты “жемісі” қызметімізден айқын көріне бастайды (Ғалаттықтарға 5:22, 23). Киелі рух адамдармен қарым-қатынасымызға ықпал етеді, себебі оның әсеріне мойынсұнғанымыз ізгі хабарды жариялағанда, сүйіспеншілік көрсетуге, тыныштық сақтауға, қуанышты болуға, шыдамды әрі қайырымды болуға, кеңпейілділік пен сенімділік, ілтипат пен ұстамдылық танытуға көмектеседі.

20, 21. Уағыздау ісіне белсене қатысқандар қандай баталарға ие болады?

20 Уағыздау ісіне қатысудан алатын тағы бір бата жанашыр бола түсеміз. Адамдар ауру, жұмыссыздық, үй-ішіндегі берекесіздік сияқты қиыншылықтарын айтқанда, біз оларға ақыл беруші болмаймыз, қайта, жігерлендіретін және жұбататын Жазба орындарын оқып береміз. Рухани мағынада соқыр, бірақ әділдікті сүйетіні байқалған адамдардың қамын шын ықыласпен ойлаймыз (2 Қорынттықтарға 4:4). ‘Мәңгі өмір сүруге ыңғай танытқандарға’ рухани көмек көрсету біз үшін қандай қуаныш! (Елшілердің істері 13:48, ЖД).

21 Уағыздау ісіне үнемі қатысқанымыз ой-санамыздың әрдайым рухани бағытта болуына көмектеседі (Лұқа 11:34). Бұл сөзсіз пайдалы, себебі осы дүниеде кең тараған дүниеқоңыздықтың ықпалына беріліп қалу қаупі бар. Елші Жохан мәсіхшілерді: “Осы күнәкар дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы, мал-мүлікке мастануы Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған. Ал осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді”,— деп шақырды (1 Жохан 2:15—17). Иеміздің ісін әрдайым молынан істеп, уағыздауға белсене қатысқанымыз осы дүниені сүймеуге көмектеседі (1 Қорынттықтарға 15:58).

Байлықты көкте жинаңдар

22, 23. а) Мәсіхшілер уағыздау ісіне қатысу арқылы қандай байлық жинайды? ә) Келесі мақаланың бізге қандай көмегі болады?

22 Патшалықты уағыздау ісіне құлшына қатысу мәңгілік игіліктерге жеткізеді. Бұл жайлы Иса былай деп айтқан: “Жер бетінде өздеріңе дүние-байлық жинамаңдар, оларды күйе жеп, тот басады, немесе ұры бұзып кіріп, ұрлап кетеді. Қайта, өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны не күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді. Байлықтарың қайда болса, жүректерің де сонда” (Матай 6:19—21).

23 Әлемнің Әміршісі Ехобаның Куәгері болудан артық құрмет жоқ екенін ұғына отырып, байлықты көкте жинай берейік (Ишая 43:10—12, ЖД). Құдайдың қызметшісі ретінде міндетімізді атқарып, біз де Құдайға ұзақ жылғы қызметі жайлы айтқан тоқсан жастағы бауырласымыздың сезімінде болатын шығармыз: “Осыншама жыл Ехобаның маған шыдамды болғанына алғысым мол және мәңгі-бақи менің сүюші Әкем болып қала беруін шын ықыласпен сұрап дұға айтамын”. Біз де Ехобамен қарым-қатынасымызды осылай бағаласақ, ізгі хабарды уағыздау қызметімізді толықтай орындауды сөзсіз қалайтын боламыз. Келесі мақала қызметімізді қалайша толықтай орындауға болатынын көруімізге көмектеседі.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Неліктен ізгі хабарды уағыздауымыз керек?

• Ертедегі және бүгінгі уағыздаушылар жайлы не білеміз?

• Неліктен біз үйме-үй уағыздаймыз?

• Ізгі хабарды уағыздаудың жеке өзіңе қандай пайдасы бар?

[8-беттегі суреттер]

Бүгінгі күні де Філіп пен оның қыздары сияқты уағыздаушылар бар

[12-беттегі сурет]

Ізгі хабарды уағыздаудың жеке өзің үшін қандай пайдасы бар?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу