Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.12. 30—32 бет.
  • Ақиқатты сүйетін жастар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ақиқатты сүйетін жастар
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Олар ата-аналарының өсиетін бағалайды
  • Қауым кездесулері үшін ризашылық
  • Өз шешімі
  • Жиналыстың рөлі
  • Ехобаның бізді жетелеуі
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Дінді мен үшін кім таңдайды — өзім бе, ата-анам ба?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Толық уақыт қызмет етіп жүргендерді ұмытпайық
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.12. 30—32 бет.

Ақиқатты сүйетін жастар

БҰДАН 2 400 жылдай уақыт бұрын Забур жыршысы “Жас жігіт қалай таза жолмен жүре алады?” деп сұраған болатын (Забур 118:9). Бұл сұрақ қазіргі кезде де өте маңызды, өйткені бүгінгі жастар әлемде болып жатқан көптеген проблемалармен бетпе-бет ұшырасуда. Көптеген жастар әдепсіз жыныстық қатынастарға барып, өздеріне СПИД ауруын жұқтыру қаупін тудыруда. Жалпы бұл ауруды жұқтырғандардың жартысына жуығы 15 пен 24 жас аралығындағылар. Жастардың ерте өлімге ұшырауының тағы бір себебі — нашақорлық. Олардың сана-сезіміне әдепсіз музыка, зорлық пен азғындыққа толы бейнефильмдер, телешоулар және сол сияқты интернеттегі порнография қатты әсер етеді. Сондықтан забур жыршысының қойған бұл сұрағы бүгінгі күні көптеген ата-аналар мен жастардың өзін де қатты ойландыратыны таңғаларлық емес.

Өз сұрағына өзі жауап бере отырып, Забур жыршысы былай дейді: “Сөзіңе бағынып соны істей алады”. Иә, Құдайдың Сөзі Киелі кітапта көптеген жас жігіттер мен қыздар, ұстанатын болса, өмірлерінде жетістіктерге жетуге болатын тамаша ақыл-кеңестер жазылған (Забур 118:105). Барлығы дерлік тек ләззат пен байлықты ойлайтын осы әлемдегі рухани жағынан берік болып қалуға тырысып жүрген, Құдайды сүйетін жастардың бірнеше мысалдарын қарастырайық.

Олар ата-аналарының өсиетін бағалайды

Хакоб Эммануэль Ехоба Куәгерлерінің Мексикадағы филиалына тағайындалғанға дейін толық уақытты ізашар болып қызмет етті. Құдайға қызмет етуге деген сүйіспеншілігі қалай артқанын ол қуана есіне алады: “Менің негізгі беделім ата-анам еді, дегенмен өзім жақын араласып жүрген, рухани толысқан бауырластарым да маған көп әсер етті. Солардың арқасында уағыздау қызметін жан-тәніммен жақсы көретін болдым. Олар менің дұрыс жолмен жүруіме мәжбүрлеп емес, жылы сөзбен бағыт беріп отырды”.

Бірнеше жыл толық уақытты қызмет еткен Дэвид, ағасы екеуінің жас болғандарына қарамастан әке-шешелерінің арнайы ізашарлық қызметке кіріскендері өзіне терең әсер қалдырғанын айтып, есіне алды. Дэвидтің әкесі қайтыс болғаннан кейін де, анасы арнайы ізашарлық қызметін тастаған жоқ. Ол ізгі хабарды жариялай отырып, балаларына қамқоршы болды. “Әке-шешем маған ешқашан ізашар бол деп айтқан емес,— дейді Дэвид,— бірақ біздің бүкіл отбасымыз қызметтің бұл түрін өте жақсы көретін. Осындай ортада өскендігімнің арқасында менде де ізашар болсам деген ниет пайда болды”. Ата-ананың өсиеті мен қамқорлығының маңыздылығын айта келіп, Дэвид былай деп толықтырды: “Анам бізге әр күні кешке “Жоғалып, қайта табылған жұмаққа дейін” атты кітаптан әңгімелер оқып беретін.a Анам бұл кітапты қызықты етіп оқығанынан біздің рухани тағамға деген тәбетіміз ашылатын”.

Қауым кездесулері үшін ризашылық

Кейбір жастардың мәсіхшілердің қауым кездесуіне барғысы келмейді. Бірақ олар әке-шешелері ерткендіктен ғана барады. Әйтсе де, олар жиналыстарға үзбей қатыса отырып, уақыт өте келе мұндай кездесулерді бағалай бастаулары мүмкін. Толық уақытты қызметті 11 жасынан бастаған Альфредомен де осылай болған еді. Ол, “бес жасымда ұйқым келетін болғандықтан, кездесулерге барғым келмейтін және әке-шешем бағдарлама жүріп жатқан уақытта ұйықтауыма жол бермейтін” деп мойындайды. “Өсе келе, кездесулер маған қызық болып көріне бастады. Менің қызығушылығым әсіресе оқып-жазуды үйренген кезімде арта түсті, әрі түсініктемелерді де өз сөзіммен айта бастадым” деп есіне алады ол.

Толық уақытты ізашар болып қызмет ететін Синтия деген 17 жасар қыз Құдайға қызмет етуге деген сүйіспеншілігіне жақсы араласатын ортасы қандай күшті әсер еткенін айтады: “Жиналысымдағы бауырластармен достық қарым-қатынаста болып, кездесулерге үзбей қатысуымның арқасында осы өмірлік достарым мен дискотека сияқты жастардың арасында әдетке айналған көңіл көтерулер мені тіпті қызықтырмайтын болды. Кездесулерде айтылған түсініктемелер мен болған оқиғалар өзімде бардың барлығын Ехобаға беруге деген ниетімді оятты. Менің қазір бере алатын ең жақсы нәрсем — менің жастық шағым екеніне сенімдімін. Сондықтан өзімнің жастық шағымды Құдайға қызмет етуге арнауға шешім қабылдадым”.

Дегенмен ол: “Шомылдыру рәсімінен өтпес бұрын, әр түрлі себептермен — мысалы, үйге берілген тапсырманы әлі орындамағанымды немесе мектепте болатын кездесулерді сылтауратып — қауым кездесулеріне бармай қалатын кездерім болатын. Мен бірнеше кездесулерге бармай қалдым, бұл менің рухани денсаулығыма әсер етті. Киелі кітапқа қызықпайтын жас жігітпен достаса бастадым. Барлығын қалпына келтіруіме көмектескені үшін Ехобаға рахмет”,— деп мойындайды.

Өз шешімі

Тағы бір Пабло есімді Ехобаға толық уақытты қызмет етіп жүрген жас жігіттен Құдайға деген сүйіспеншілік қайтсе тереңдей түседі деп сұрағанда, ол: “Менің ойымша, ондай жағдай екеу: жүйелі түрде жеке зерттеу және уағыздауға құлшына атсалысу. Ехоба туралы ақиқатты үйреткендері үшін ата-анама ризамын. Бұл — олардың тарапынан жасалған ең жақсы сыйлық. Бірақ, Ехобаны мен не үшін сүйемін? — деген сұраққа өзім жауап беруім керек. Ол үшін Киелі кітаптағы ақиқаттың “қаншалықты кең де... терең” екенін білу керек. Сонда ғана біз шындық туралы өзгелерге айтуға ынталандыратын, жүрегімізде “жанып жатқан от секілді” Ехобаның Сөзіне құштар боламыз. Құлшына атқарып жүрген қызметіміз ақиқатқа деген сүйіспеншілігіміздің сөнуіне жол бермейді” (Ефестіктерге 3:18; Еремия 20:9).

Жоғарыда айтып кеткен Хакоб Эммануэль де Ехобаға қызмет етуді әркім өзі шешу керек дейді. Ата-анасы оны ешқашан шомылдыру рәсімінен өтуге мәжбүрлемеген. “Олардың шешімі өте дұрыс болғандығын уақыт көрсетті. Мысалы, менің кейбір жақын достарым шомылдыру рәсімінен бәріміз бір күнде өтеміз деп шешті. Әрине мұнда тұрған еш нәрсе жоқ, бірақ мен кейбіреулерінің көпшіліктің сезіміне еліктеп, шомылдыру рәсімінен өтіп жатқандарын түсіндім. Олар уақыт өте келе Патшалықтың ісіне құлшына атсалысуды қойды. Ал менің әке-шешем өзімді Ехобаға арнауыма ешқашан қысым жасаған емес. Бұл шешімді өз еркіммен қабылдадым”.

Жиналыстың рөлі

Кейбір жастар Құдай Сөзіндегі шындықты әке-шешесінен емес, өзге біреулерден естіген. Әсіресе оларға дұрыс шешім қабылдауды үйреніп, өздері таңдаған жолмен жүру оңайға соқпайды.

Ноэ өзіне ақиқаттың қалай жақсы әсер еткенін айтып, есіне алады. Ол бала кезінде ашушаң және қатыгез болған. 14 жасында Киелі кітапты зерттеуді бастаған соң, оның мінезінде жағымды өзгерістер пайда бола бастайды. Ол кезде оның әке-шешесі Киелі кітапқа қызықпаса да, мұндай өзгеріске қуанады. Ноэ рухани жағынан өскен сайын, оның Құдайға көбірек қызмет етсем деген ниеті пайда бола бастайды. Ол қазір толық уақытты қызмет етеді.

Сол сияқты Алехандро да әке-шешесінің ақиқатқа немқұрайды қарайтынына қарамастан, өте жас кезінен бастап, Киелі кітапқа қызыға бастайды. Ол ақиқатты өте жоғары бағалайды. Ол былай дейді: “Мен католиктердің отбасында өстім. Кішкентай кезімнен бері өзімді мазалаған сұрақтарыма шіркеуден жауап таба алмағандықтан, коммунистер насихаттаған атеизмге көбірек көңіл бөле бастаған едім. Ехобаның ұйымы Құдай туралы білім алуыма жәрдем берді, ол білім мені өлімнен құтқарып қалды. Өйткені, Киелі кітапты зерттеуді бастамағанда, мен азғындыққа, маскүнемдікке немесе нашақорлыққа беріліп кетуім мүмкін еді. Менің қандай да бір революцияшыл топқа қосылып кетуім де мүмкін еді, ал оның ақыры немен тынарын ойлаудың өзі мен үшін қорқынышты”.

Ата-анасының тарапынан көмек көрсетілмейтін жастар қалайша ақиқатты іздеп тауып, одан айырылмауы мүмкін? Ақсақалдар мен қауымның басқа мүшелерінің тарапынан көрсетілетін жәрдемнің маңызы зор. “Мен өзімді ешқашан жалғыз қалғандай сезінбедім, өйткені Ехоба әрқашан қасымда болды. Одан басқа менің рухани әкелерім, аналарым және ағаларым болған сүйіспеншілігі мол бауырластарым маған сүйеніш болды”,— деп есіне алды Ноэ. Қазір ол өзінің уақытын Құдайға қызмет етуге арнап, Бетелде жұмыс істейді. Ал Алехандро былай деп есіне алады: “Мен қауымдағы ақсақалдардың сүйіспеншілікпен көрсеткен қамқорлықтары мен маған деген жеке ықыластарын ешқашан ұмытпаймын. Киелі кітапты енді зерттеп оқи бастаған кезімде мұндай қамқорлық маған өте қажет еді. Менің жасым 16-да еді, көптеген құрбы-құрдастарым сияқты мен де өмірден өз орнымды таба алмай жүргенмін. Қауымдағы отбасылары, ағалар, әпкелер әрқайсысы жеке-жеке қонақжайлылықтарымен, үйлерімен және ас-ауқатымен ғана емес, жүректерімен де бөлісе отырып, маған қолдау көрсетіп отыратын”. Алехандро бүгінгі күнге дейін 13 жылдан аса уақыт толық уақытты қызмет етуде.

Кейбіреулер дінді қариялардың ісі дейді. Бірақ Киелі кітаптағы ақиқатпен жастайынан таныс көптеген жас жігіттер мен қыздар Ехобаны сүйіп, оған адал қызмет етіп келеді. Осы жастар жайлы айтқанда Забур 109:3-тегі сөздерді қолдануға болады: “Сен патшалық құрған күні бағынады халқың. Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың, күн сайын таң ата жаңаратын шық іспетті сен де ұдайы жасара түсетін боласың [“шық іспетті жастарыңмен бірге боласың”, ЖД]”.

Жастардың ақиқатты біліп, таңдаған жолдарымен әрі қарай жүрулері тіпті де оңай емес. Көптеген жас жігіт-қыздардың Ехобаның ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болуының, кездесулерге үзбей қатысып және Киелі кітапты бар ынтасымен зерттеуінің арқасында Құдай Сөзі мен қасиетті қызметті шындап сүйгендері қандай қуанышты! (Забур 118:15, 16).

[Сілтеме]

a 1958 жылы Ехоба Куәгерлері басып шығарған, қазір басылмайды.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу