Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.6. 4—7 бет.
  • Жақсы басшы қандай болу керек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақсы басшы қандай болу керек?
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Уәде етілген Көсемнің келуі
  • Мәсіх — Көсем әрі ең жақсы басшы
  • Біз не істеуіміз керек?
  • “Көсемдерің біреу-ақ. Ол — Мәсіх”
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхті Көсемдерің ретінде мойындайсыңдар ма?
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехоба өз халқын жетелейді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Мәсіх өзінің қауымына басшылық етуде
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.6. 4—7 бет.

Жақсы басшы қандай болу керек?

КИЕЛІ КІТАПТА: “Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің де Жаратушысы — Құдай”,— делінген (Еврейлерге 3:4; Аян 4:11). Бізді шынайы Құдай Ехоба жаратқандықтан, ‘неден жаратылғанымызды біледі’ (Забур 102:14). Сондай-ақ кемшіліктеріміз бен қажеттіліктеріміз де оған аян. Сүюші Құдай болғандықтан, ол біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырғысы келеді (Забур 144:16; 1 Жохан 4:8). Жақсы басшылыққа қатысты қажеттілігіміз де сырт қалмайды.

Ишая пайғамбар арқылы Ехоба былай деген: “Еске алыңдар, Мен Дәуіттің ұрпағы арқылы халықтарға құдіретімді паш еттім, Дәуіттің ұрпағын соларға көсем әрі билеуші болуға тағайындадым” (Ишая 55:4, сілтемені қара). Бүгінгі күні дүние жүзі жақсы басшылыққа мұқтаж болып отырғанда, Жаратқан Иенің өзі тағайындаған Көсемнің кім екенін біліп алып, соның басшылығына мойынсұну керек. Алдын ала пайғамбарлық етілген “көсем әрі билеуші” кім болды екен? Оның Көсем екенін білдіретін қандай дәлелдер бар? Ол бізді қандай өмірге жеткізеді? Оның басшылығының пайдасын көру үшін не істеуіміз керек?

Уәде етілген Көсемнің келуі

Шамамен 2 500 жыл бұрын Жәбірейіл періште Даниял пайғамбарға көрініп, былай деген: “Біл де, ұғып ал: Иерусалимді қалпына келтіру туралы жарлық шыққаннан бастап Құдіретті Мәсіхке дейін жеті апта және алпыс екі апта; сонда халық қайта оралып, көшелер мен қабырғалар қайта тұрғызылады, бірақ бұл қиын кезеңде болады” (Даниял 9:25, СА).

Періштенің Даниялға Ехоба таңдаған Көсемнің нақты келетін уақытын айтқаны анық. “Құдіретті Мәсіх”, немесе Көсем, 69 аптаның соңында, немесе б. з. б. 455 жылы Иерусалимді қалпына келтіру жайлы жарлық шыққан соң, 483 жыл өткеннен кейін, келу керек едіa (Нехемия 2:1—8). Осы уақыт өткен соң не болды екен? Ізгі хабардың жазушысы Лұқа былай деп әңгімелейді: “Рим патшасы Тіберидің билік құрғаннан кейінгі он бесінші жылында, Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод Антипас [б. з. 29 жылы] — Ғалилея аймағының әкімі... болып тұрды. Сол кезде айдалада Зәкәрияның ұлы Жақияға Жаратқан Ие аян беріп, оны пайғамбарлық міндетіне кірістірді. Содан бастап, Жақия Иордан бойындағы барлық өңірді аралап, былай деп уағыз айтты: “Күнәларының кешірілуі үшін теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер!” Ол уақытта халық Кұдіретті Мәсіхтің, немесе Көсемнің, “келуін күтіп” жүрген болатын (Лұқа 3:1—3, 15). Жақияға адамдар ағылып келіп жатқанмен, ол Көсем емес еді.

Шамамен б. з. 29 жылының қазан айында назареттік Иса Жақияға келіп, суға шомылдыру рәсімінен өтеді. Сонда Жақия куәлік етіп, былай дейді: “Мен Киелі Рухтың көгершін бейнесінде көктен түсіп, Исаға қонғанын көрдім. Исаны бұрын шынымен танымайтын едім; бірақ мені шомылдыру рәсімін орындауға жіберген Құдай маған: “Киелі Рухтың Біреуге қонғанын көргенде, Киелі Рухқа Шомылдырушының Соның Өзі екенін білесің”,— деген болатын. Мен Киелі Рухтың Исаға қонғанын көріп, Оның Құдайдың рухани Ұлы екеніне куәгер болдым” (Жохан 1:32—34). Суға шомылдыру рәсімінен өткенде, Иса тағайындалған Көсем — Мәсіх болды.

Иә, уәде етілген ‘халықтарға көсем әрі билеуші’ болатын Иса Мәсіх екені дәлелденді. Исаның қасиеттерін қарастыру арқылы біз оның Көсем ретінде адамның түсінігіндегі керемет басшы деген басшыдан анағұрлым жоғары екенін лезде байқаймыз.

Мәсіх — Көсем әрі ең жақсы басшы

Жақсы басшы анық нұсқаулар береді және қол астындағылардың проблемаларға төтеп бере алулары үшін, жігерлі әрі батыл болуларына көмектеседі. “Бұл — ХХІ ғасырдың көсемінің жақсы басшы болуы үшін қойылатын талап”,— делінген “ХХІ ғасырдың көсемдері. Алдыңғы қатарлы жүз басшымен әңгіме” кітабында (21st Century Leadership: Dialogues With 100 Top Leaders). Адамдардың қиыншылықтарға төтеп беруіне көмектесу үшін, Исаның керемет дайындығы бар! Оның көпшілікке кеңінен мәлім Таудағы уағызына көңіл аударып көрелік. Матайдың ізгі хабарының 5-тен 7-ге дейінгі тарауларында керемет кеңестер жазылған.

Мысалы, Исаның адамдар арасындағы келіспеушілікке қатысты берген кеңесін қарастырып көрейік. Ол былай деді: “Сонымен сен Құдайға арнаған сый-тартуыңды құрбандық үстеліне алып барғанда, егер бауырласыңның өзіңе өкпелеп жүргені сол жерде есіңе түсіп кетсе, алып келгеніңді сонда қалдыр да, бауырласыңа барып, онымен татулас! Бұдан кейін қайтып келіп, сый-тартуыңды Құдайға бағышта” (Матай 5:23, 24). Өзгелермен татулықты сақтау үшін бірінші болып ынта көрсету — Мұсаның заңының талап етуі бойынша Иерусалим ғибадатханасындағы құрбандық шалатын орынға тарту әкелу сияқты, діни міндетті орындаудан да маңызды. Олай болмаса адамның ғибадаты Құдайға ұнамсыз болар еді. Исаның кеңесі ғасырлар бұрын қалайша пайдалы болған болса, бүгін де солай.

Сонымен қатар Иса өзінің тыңдаушыларына азғындықтың тұзағына түсіп қалмауды үйреткен. Ол былай деп өсиет етті: “Неке адалдығын бұзба!” деген өсиетті де естідіңдер. Ал мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны” (Матай 5:27, 28). Қандай орынды ескерту! Зинақорлыққа апаратын ойға берілудің қажеті не? Иса айтқандай, азғындық пен зинақорлық жүректен шығады ғой (Матай 15:18, 19). Сондықтан жүрегімізді сақтағанымыз даналыққа жатады (Нақыл сөздер 4:23, СА).

Сонымен қатар Таудағы уағызда жауларымызды жақсы көру, мейірімділік көрсету, дүние-мүлік пен рухани нәрселерге дұрыс көзқараста болу және тағы сол сияқты нәрселерге қатысты дана кеңестер бар (Матай 5:43—47; 6:1—4, 19—21, 24—34). Иса дұға етуді үйретіп, сол арқылы Құдайдан қалай көмек сұрау керек екендігін де көрсеткен (Матай 6:9—13). Көсем Мәсіх ізбасарларын жігерлендіріп, бүкіл адамзаттың басына түсіп отырған қиыншылықтарға төтеп беруге даярлаған.

Иса Таудағы уағызында “деп бұйырылғанын естідіңдер” немесе “деген бұйрық та берілген” деген сияқты сөйлемшелерді алты рет қолданған, бірақ содан кейін: “Ал Мен сендерге былай деймін”,— деп, жаңа түсінік беріп отырған (Матай 5:21, 22, 27, 28, 31—34, 38, 39, 43, 44). Бұл оның тыңдаушылары үшін парызшылдардың ауызша әдет-ғұрыптарына сәйкес әрекет ету үйреншікті нәрсе екендігіне нұсқайды. Ал Иса болса басқа нәрсені, яғни Мұсаның заңының астарында не жатқанын, көрсеткен болатын. Осылайша Иса ізбасарларының қай жағынан өзгерулері керек екенін, әрі мұны оңай қабылдауға болатындай етіп айтқан. Иса адамдарды рухани және құлықтылық жағынан түбегейлі өзгерістер жасауға талпындырды. Ал бұл болса, шынайы көсемді ерекшелендіретін белгі.

Өндірісті басқаруға қатысты бір оқулықта адамдарды осындай өзгерістер жасауға талпындырудың өте ауыр екендігі ескерілген. Онда былай делінген: “Өзгеруге талпындырып жатқан [басшыға] әлеуметтік қызметтер саласында істейтін адамдікіндей сезімталдық, психологтікіндей түйсіну қабілеті, марафон жүгірушісінікіндей қайсарлық.., тақуа адамдікіндей тоқмейілділік және әулие адамдікіндей шыдамдылық қажет. [Оның] бойында осындай қасиеттердің барлығы бар болған күннің өзінде табысты болатындығына кепілдік жоқ”.

“Басшылық. Мінез-құлықтың қандай екені маңызды ма?” деген мақалада: “Басшылардың өздері де ізбасарларына қоятын талаптарына сай әрекет етулері керек”,— деп ескерілген (Leadership: Do Traits Matter?). Жақсы басшы өз уағызына сәйкес өмір сүреді емес пе?! Иса Мәсіх тап солай еткен! Ол кішіпейіл болуды үйретіп қана қойған жоқ, шәкірттерінің аяғын жуып шығып, іс жүзінде кішіпейілділік танытқан (Жохан 13:5—15). Ол шәкірттерін Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды уағыздауға жіберіп қана қойған жоқ, өзі де сол іске бар күшін салған (Матай 4:18—25; Лұқа 8:1—3; 9:1—6; 10:1—24; Жохан 10:40—42). Сонымен қатар Иса басшылыққа мойынсұнуға қатысты да үлгі көрсеткен. Иса өзі жөнінде: “Әкесінің істегенін көрмесе, Оның рухани Ұлы өздігінен ештеңе істей алмайды”,— деген (Жохан 5:19).

Жоғарыда қарастырғанымыздай, Исаның не айтып, қалай әрекет еткендігінен оның ең жақсы Көсем екендігі анық көрінеді. Расында да ол адамдардың түсінігіндегі керемет басшыдан әлдеқайда артық. Иса кемелді. Өліп қайта тірілгеннен кейін, ол мәңгі өмірге ие болды, енді ешқашан өлмейді (1 Петір 3:18; Аян 1:13—18). Адами басшылардың қайсысы оған тең келе алады?

Біз не істеуіміз керек?

Құдай Патшалығының тақта отырған Патшасы ретінде “Көсем Мәсіх” тілалғыш адамзатқа батасын төгеді. Жазбаларда былай уәде етілген: “Судың теңізді толтырғанындай, жер беті Тәңірдің біліміне толады” (Ишая 11:9, СА). “Момындар жерді мұра етіп, бейбітшіліктің көптігімен рақаттанады” (Забур 36:11, СА). “Әркім өз жүзімдігі мен інжір ағашының астында отыратын болады, әрі оларды ешкім қорқытпайды” (Миха 4:4, СА). “Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды” (Аян 21:3, 4).

Бүгінгі күні дүние жүзі жақсы басшылыққа мұқтаж болып отыр. Ал Иса Мәсіх болса, кішіпейіл адамдарға Ехоба Құдайға бірігіп ғибадат ететін және кемелділікке жеткізетін бейбіт жаңа дүниеге жол нұсқап отыр. Біз үшін шынайы Құдай мен оның тағайындаған Көсемі туралы білім алып, соған сәйкес өмір сүрудің маңызы қаншалықты зор десеңші! (Жохан 17:3).

Біреуді сыйлайтындығымызды көрсетудің ең жақсы жолы — оған еліктеу. Адамзат тарихындағы ең керемет Көсем — Иса Мәсіх еліктеуге тұрады емес пе?! Оған қалай еліктеуге болады? Оның басшылығын мойындағанымыз өмірімізге қалай әсер етеді? Келесі екі мақалада осы және басқа да сұрақтар талқыланады.

[Сілтеме]

a Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Даниялдың пайғамбарлығына көңіл қойыңдар!” (ор.) кітабының 186—192 беттерін қараңдар.

[4-беттегі сурет]

Даниял Құдай тағайындаған Көсемнің келетінін алдын ала айтқан

[7-беттегі суреттер]

Исаның ілімі адамдарды қиыншылықтармен күресуге үйреткен

[7-беттегі сурет]

Иса тілалғыш адамзатты бейбіт жаңа дүниеге алып кіреді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу