Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.4. 32-б.
  • Маңызды хабарландыру

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Маңызды хабарландыру
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Басқарушы кеңес заңды тұлға болып табыла ма?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Адал да ақылды құл”
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Бүгінде Құдай халқын кім жетелеп келеді?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Мәсіхке және оның адал құлына адалдық танытайық
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.4. 32-б.

Маңызды хабарландыру

ПЕНСИЛЬВАНИЯ Күзет Мұнарасы, Киелі кітап және Трактаттар Қоғамының 2000 жылдың 7 қазанында өткен жыл сайынғы жиналысының төрағасы әрі Басқарушы кеңестің мүшесі Джон Барр маңызды хабарландыру жасады. Бұл хабарландыру сол күні Теодор Ярач пен Дэниел Сидлик айтқан баяндамалардағы ойды жалғастырды. (Осы журналдың 8—12 және 29—32 беттерін қараңдар.)

Бауырласымыз Барр өте маңызды нәрсеге көңіл аударды: “Қандай да бір заңды тұлғаға қарағанда, ‘адал және саналы қызметші’ мен Басқарушы кеңеске анағұрлым жоғары әрі ауқымды нәрсеге бас-көз болу сеніп тапсырылған. Заңды тұлғалардың барлығының жарғысында бұл органның атқаратын ісінің аясындағы мақсаттары көрсетіледі. Ал біздің Қожамыз Иса Мәсіх адал қызметшіні өзінің “бүкіл меншігінің”, немесе жер бетіндегі Патшалық мүдделерінің, қамын жеп, қадағалау үшін қойды” (Матай 24:45—47).

Пенсильвания корпорациясы жөнінде бауырласымыз Барр былай деді: “1884 жылы тіркеуге алынған уақыттан бері Пенсильвания Күзет Мұнарасы, Киелі кітап және Трактаттар Қоғамы ұйымымыздың бүгінгі күнгі тарихында елеулі орынға ие болып келеді. Десе де, бұл Қоғам “адал және саналы қызметші” қажет кезінде қолданып отыратын заңды құқықтарға ие құрал ғана болып табылады”.

Сидлик және Ярач бауырластарымыз өздерінің баяндамаларында айтып кеткендей, ‘адал және саналы қызметшіге’ Қожайынның бүкіл меншігіне бас-көз болу тапсырылғандығы “басқа қойлардың” қатарындағы жарамды адамдарға әкімшілік қажеттіліктерге бас-көз болуға мүмкіндік беруге болмайды дегенді білдірмейді (Жохан 10:16). Сондай-ақ, Ехоба Куәгерлерінің заңды органдарының директорлары майланған мәсіхшілер болуы керек деген тұжырым жасауға Киелі кітап ешқандай негіз бермейді.

Барр бауырласымыз, директорлар және ресми қызметтегі адамдар ретінде қызмет етіп жүрген Ехоба Куәгерлерінің Басқарушы кеңесінің мүшелерінің кейбіреулері “адал және саналы қызметші” Құрама Штаттарда қолданып жүрген барлық корпорациялардың директорлар кеңесінен жақында өз еріктерімен кеткенін мәлімдеді. Олардың орнына “басқа қойлардың” қатарынан іріктеп сенім артуға болатын бауырластарды тағайындады.

Бұл шешімнің берер пайдасы орасан зор. Өйткені осының арқасында Басқарушы кеңестің мүшелерінің рухани ас-су дайындауға және дүниежүзілік бауырластықтың қажеттіліктерінің қамын ойлауға қатысты басқа да істерге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндіктері болады.

Қуанып қалған тыңдаушыларына ақырында төраға былай деді: “Алуан түрлі заңға және әкімшілікке байланысты міндеттер тәжірибелі бауырластарға тапсырылғанымен... олардың барлығы Басқарушы кеңестің рухани басшылығымен қызмет етуде... Біз Ехобадан оның еркін орындап, оның есімін дәріптеп мадақтау үшін біріге отырып салған күшімізге батасын беруін сұраймыз”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу