Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.3. 24—29 бет.
  • Ехобаның ескертулерін қатты ұнатасыңдар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның ескертулерін қатты ұнатасыңдар ма?
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның ескертулерін берік ұстаныңдар
  • Құдайдың ескертулеріне мұқтаж болуымыздың себебі
  • Қауым кездесулерінің маңызды рөлі
  • Ехобаның ескертулері арқылы бөлініп алыну
  • Ехобаның ескертулерін ұстану өмір сүруді білдіреді!
  • Ехобаның ескертулері сенімді
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Ескертулеріңді ұнатамын”
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның ескертулері жүрегіңді қуанышқа кенелтсін
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай сөзінің жолдарыңа нұрын шашуына мүмкіндік беріңдер
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.3. 24—29 бет.

Ехобаның ескертулерін қатты ұнатасыңдар ма?

“Ережелеріңді [“ескертулеріңді”, ЖД] шын жүректен ұстанамын, өйткені оларды сондай қатты ұнатамын” (ЗАБУР 118:167).

1. Ехобаның ескертулері турасында әсіресе қай жерде жиі айтылады?

ЕХОБА өзінің халқының бақытты болғанын қалайды. Нағыз бақытқа қол жеткізу үшін, әрине, біз Құдайдың заңына сай жүріп, оның бұйрықтарын орындауымыз керек. Мұны жүзеге асыруға бізге Ехобаның ескертулері көмектеседі. Олар жөнінде Киелі жазбаларда, әсіресе Забурдың 118-ші жырында, жиі айтылады; сірә, бұл жырды яһуди тағының жас мұрагері Езекия жазған болса керек. Бұл әдемі ән мынадай сөздермен басталады: “Пәк таза да тура жолмен жүріп, Жаратқан Иенің Таурат заңына сай жүретіндер бақытты! Иеміздің ережелерін [“ескертулерін”, ЖД] ұстанып, шын жүректен Оған бет бұрғандар бақытты!” (Забур 118:1, 2, сілтемені қара.)

2. Біздің бақытты болуымыз бен Құдайдың ескертулерінің арасында қандай байланыс бар?

2 Ехобаның Сөзінен тура білім алып, оны өмірімізде қолдану арқылы біз Оның ‘заңына сай жүреміз’. Алайда біз кемелсізбіз, сол себепті ескертулерге мұқтажбыз. Еврейдің “ескертулер” деп аударылған сөзі біздің жадымыздан Құдайдың өз заңын, бұйрықтарын, жарғылары мен өсиеттерін “шақырып” алатындығына нұсқайды (Матай 10:18—20). Біз әрі қарай да Ехобаның ескертулеріне сәйкес әрекет етер болсақ қана бақытты болып қала аламыз, өйткені олар қайғыға ұшыратып, қапаландыратын рухани күйімізге қауіп төндіретін торлардан аулақ болуымызға көмектеседі.

Ехобаның ескертулерін берік ұстаныңдар

3. Забур 118:60, 61-ге негізделе отырып біз не нәрсеге сенімді бола аламыз?

3 “Өсиеттеріңді тез орындап, кешеуілдеткен жоқпын жалтақтап. Зұлымдар шырмады айналамды, ал мен ұмытпадым тәліміңді”,— деп жырлаған Забур жыршысы үшін Құдайдың ескертулері қымбат болған (Забур 118:60, 61). Ехобаның ескертулері қуғын-сүргінге төтеп беруге көмектеседі. Себебі жауларымыздың шырмаған торларын көктегі Әкеміздің үзіп тастай алатындығына біз сенімдіміз ғой, солай емес пе?! Патшалық туралы хабарды жариялай алуымыз үшін, уақыты келгенде, ол біздің алдымыздағы тосқауылдарды жояды (Марқа 13:10).

4. Құдайдың ескертулерін біз қалай қабылдауымыз керек?

4 Кейде Ехобаның ескертулері бізді түзетіп отырады. Забур жыршысы сияқты, осындай түзетулерді әрдайым ризашылықпен қабылдап отыралық. Ол Құдайға арнаған дұғасында былай деген: “Ережелеріңнен [“ескертулеріңнен”, ЖД] рақат табамын... Мен ережелеріңді [“ескертулеріңді”, ЖД] ұнатамын” (Забур 118:24, 119). Жыршыға қарағанда, бізде Құдайдың ескертулері әлдеқайда көп. Еврей Жазбаларынан келтірілген Грек Жазбаларындағы жүздеген үзінділер Ехобаның Таурат заңына бағынышты халқына айтқан өсиеттерін ғана емес, Оның мәсіхшілер қауымына қатысты ниетін де есімізге салады. Өзінің заңына қатысты қандай да бір нәрсені ескертуді Құдай дұрыс деп тапса, біз мұны ризашылықпен қабылдаймыз. Ал Ехобаның “ескертулерін” берік ұстанар болсақ, Жаратушымызға да ұнамайтын, өзімізді де қуаныштан айыратын күнәкар құмарлықтардан аулақ боламыз (Забур 118:31, ЖД).

5. Ехобаның ескертулерін қалайша біз қатты ұнататын боламыз?

5 Ехобаның ескертулерін біз қалай жақсы көруіміз керек? “Ережелеріңді [“ескертулеріңді”, ЖД] шын жүректен ұстанамын, өйткені оларды сондай қатты ұнатамын” (Забур 118:167). Егер Ехобаның ескертулерін нағыз қамқор Әкенің өсиеті ретінде қарастырып, солай қабылдайтын болсақ, біз оларды қатты ұнататын боламыз (1 Петір 5:6, 7). Біз оның ескертулеріне мұқтажбыз, әрі олардың пайдамызға асқанын көрген сайын, оларға деген сүйіспеншілігіміз де арта түседі.

Құдайдың ескертулеріне мұқтаж болуымыздың себебі

6. Ехобаның ескертулеріне мұқтаж болуымыздың бір себебі неде және оларды есімізге түсіруге не нәрсе көмектеседі?

6 Ехобаның ескертулеріне мұқтаж болуымыздың бір себебі — ұмытшақтығымыз. “Уорлд бук” энциклопедиясында былай делінген: “Әдетте адамдар уақыт өткен сайын ұмытқан үстіне ұмыта түседі... Бәлкім, сіздің жақында ғана есіңізде болған есімді немесе басқа бір мәліметті еске түсіре алмай қойған кездеріңіз болған шығар... Жиі кездесіп тұратын мұндай жағдайды жадтың уақытша бұзылуы деп атауға болады. Ғалымдар мұны астан-кестен болып жатқан бөлмеден қандай да бір затты іздеп табуға тырысуға теңейді... Қандай да бір мәліметті мықтап есте сақтап қалудың ең сенімді жолы — онымен жақсылап танысып алдым-ау дегеннен кейін, оны ұзақ уақыт бойы зерттеу” (World Book Encyclopedia). Ықылас қойып зерттеу мен қайталау Құдайдың ескертулерін есімізге түсіруге және соған сәйкес әрекет етуімізге көмектеседі, ал бұл болса біздің игілігіміз үшін қажет.

7. Неге Құдайдың ескертулері ешқашан бүгінгідей қажет болмаған?

7 Бүгінгі күні біз Ехобаның ескертулеріне бұрын-соңды болмаған дәрежеде мұқтажбыз, өйткені жер бетінде азғындық ешқашан тап қазіргі кездегідей кеңінен етек алған емес. Ехобаның ескертулеріне құлақ түрер болсақ, осы зұлым дүниенің алдап-арбауына иланып, оның жолына түсіп кетпеу үшін қажетті даналыққа ие боламыз. “Ұстаздарымнан да данышпан болып алдым,— деді жыршы,— себебі жарлықтарың [“ескертулерің”, ЖД] туралы толғандым. Мен ақсақалдардан да бетер білгірмін, себебі бұйрықтарыңа бағынып келемін. Сөзіңе Сенің мен бас иемін, сол үшін теріс жолдан аулақ жүремін” (Забур 118:99—101). Құдайдың ескертулеріне құлақ асар болсақ, біз “теріс жолдан” аулақ болып, “санасын қараңғылық басып... Құдай беретін шынайы өмірден құр қалған” қалың бұқараға ұқсамайтын боламыз (Ефестіктерге 4:17—19).

8. Сеніміміз сыналғанда төтеп беруге не нәрсе көмектеседі?

8 Қазір, осы “заманның ақырында”, біз әрқилы сынақтарға кезігеміз. Соларға төтеп беру үшін де бізге Құдайдың ескертулері қажет (Даниел 12:4). Мұндай ескертулерсіз біз “ұмытшақ тыңдаушы” ғана болып қаламыз (Жақып 1:25). Алайда “адал да саналы қызметші” дайындайтын басылымдардың көмегімен Киелі кітапты жеке және қауыммен бірге ықылас қойып зерттеу сеніміміз сыналғанда төтеп беруге көмектеседі (Матай 24:45—47). Осындай рухани сыйлар арқылы біз қиын жағдайларға тап болғанда Ехобаға ұнамды болу үшін қалай әрекет етуіміз керек екендігін көреміз.

Қауым кездесулерінің маңызды рөлі

9. “Адам кейпіндегі тартулар” деген кімдер және олар бауырластарына қалай көмектесуде?

9 Құдайдың ескертулеріне деген қажеттілігіміз жартылай мәсіхшілердің кездесулерінің арқасында қанағаттандырылады, онда біз тағайындалған бауырластардан нұсқаулар аламыз. Елші Пауыл Исаның ‘жоғарыға көтеріліп, тұтқындарды алып кетіп, адам кейпінде тартулар жасағанын’ (ЖД) жазған. Сосын ол былай деп қосты: “Ол [Мәсіх] рухани дарындар сыйлап, сенушілердің біреулерін елші, біреулерін пайғамбар, тағы басқаларын Ізгі хабарды таратушы, енді біреулерін қауымның рухани бағушысы немесе тәлімгері етіп тағайындады. Олар Құдайдың адамдарын өз қызметтерін атқаруға дайындауға тиіс. Соның нәтижесінде Мәсіхтің рухани денесі өсіп, күшейе бермек” (Ефестіктерге 4:8, 11, 12). Біз мінажат ету үшін кездескенде осы ‘адам кейпіндегі тартулардың’, яғни тағайындалған қариялардың, біздің көңілімізді Ехобаның ескертулеріне аударатынына дән ризамыз!

10. Еврейлерге 10:24, 25-тегі сөздердің түпкі мағынасы неде?

10 Құдайдың игі істеріне деген ризашылығымыз апта сайын болатын бес кездесудің бәріне баруға талпындырады. Пауыл кездесулерге үзбей қатысу керек екендігін ерекше атап өткен. Ол былай деген: “Өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салудың қамын ойлайық. Кейбіреулер сенушілердің жиналысына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал біздер солай істемей, бір-бірімізді одан бетер жігерлендірейік. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой” (Еврейлерге 10:24, 25).

11. Апта сайынғы кездесулеріміздің әрқайсысы бізге қандай көмек береді?

11 Қауым кездесулерінің беретін нәрселерін сендер бағалайсыңдар ма? Апта сайынғы “Күзет мұнарасын” талқылау біздің сенімімізді нығайтады, Ехобаның ескертулеріне сәйкес әрекет етуге көмектесіп, ‘осы дүниелік рухқа’ қарсы тұруға күш береді (1 Қорынттықтарға 2:12; Елшілердің істері 15:31). Бұқаралық кездесуде баяндамашылар Құдай Сөзінен нұсқаулар береді, ал бұл нұсқаулар Ехобаның ескертулері мен Исаның керемет айтылған ‘мәңгілік өмірге жеткізетін сөздерінен’ тұрады (Жохан 6:68; 7:46; Матай 5:1—7:29). Теократиялық қызмет мектебінде оқытушы ретіндегі шеберлігімізді арттыра түсеміз. Қызмет кездесуі — үйме-үй жүргенде, қайта барғанда, үй жағдайында Киелі кітапты зерттегенде, сондай-ақ қызметіміздің басқа да салаларында ізгі хабарды өзгелерге барынша жақсы жеткізуге үлкен көмек болады. Ал кітап оқу сабағының шағын топтан тұратындығы көбірек түсініктеме беруге мүмкіндік береді, бұл түсініктемелер жиі Құдайдың ескертулерінен тұрады.

12, 13. Азия елдерінің біріндегі Ехобаның халқы мәсіхшілердің кездесулеріне деген ризашылықтарын қалай білдіруде?

12 Егер қауым кездесулеріне үзбей қатысатын болсақ, біз Құдайдың өсиеттері жөнінде ескертулер аламыз және болып жатқан соғыс әрекеттеріне, экономикалық қиындықтарға, сондай-ақ сеніміміздің басқалай да сыналуына қарамастан, рухани берік болып қалу үшін көмек аламыз. Азия елдерінің бірінде өз үйлерінен безіп, ит тұмсығы өтпейтін тропиктік орманда өмір сүруге мәжбүр болған жетпіс мәсіхші қауым кездесулерінің өте маңызды екенін ерекше сезінген болатын. Олар үзбей кездесіп тұруға белдерін бекем буып, соғыс жүріп жатқан қалаға қайта келеді де, қираған Патшалық Сарайының қалдығын джунглиге алып кетіп, сонда Сарай тұрғызып алады.

13 Осы елдің басқа бір бұрышында көптеген жылдар бойы соғыс жағдайына төтеп беріп келе жатқан Ехобаның қызметшілері әлі де жан тәнімен Құдайға қызмет етуде. Сол ауданның бір қариясынан: “Бауырластардың бірге болуына ең алдымен не көмектесті?” — деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: “Он тоғыз жыл аралығында біздің бірде-бір кездесуіміз болмай қалған емес. Бомбалаудың немесе басқа қиындықтардың салдарынан кейде кейбір бауырластарымыз кездесу болатын жерге жете алмай қалатын, бірақ біз бәрібір кездесуді үзбестен өткізетінбіз”. ‘Жиналысқа бармай қалуға’ болмайтындығының қаншалықты маңызды екенін бұл қымбатты аға-әпкелеріміздің жақсы түсінетіні сөзсіз.

14. Егде жастағы Аннаның үлгісі бізді не нәрсеге үйретеді?

14 Сексен төрт жастағы жесір Анна “ғибадатханадан шықпайтын”. Сондықтан енді ғана туылған Исаны ғибататханаға әкелгенде ол сонда болатын (Лұқа 2:36—38). Сендердің де үзбестен кездесулерге барып жүруге деген мақсаттарың бар ма? Конгрестеріміздің әрбір бөліміне қатысу үшін бар күштеріңді салып жүрсіңдер ме? Осы кездесулерден алып жүрген рухани жағынан пайдалы өсиеттер — көктегі Әкеміздің өз халқының қамын ойлайтындығының бұлтартпайтын дәлелі (Ишая 40:11). Мұндай кездесулер қуанышқа бөлейді, әрі оларға қатысуымызбен біз Ехобаның ескертулерін бағалайтынымызды көрсетеміз (Еремия 8:5—8, 12).

Ехобаның ескертулері арқылы бөлініп алыну

15, 16. Біздің жүріс-тұрысымыздан Ехобаның ескертулерін ұстанатынымыз қалай көрінеді?

15 Ехобаның ескертулерін ұстану бізге осы әділетсіз дүниеден бөлек болуға көмектеседі. Мысалы, Ехобаның ескертулерін ұстанар болсақ, азғындыққа салынбаймыз (Заңды қайталау 5:18; Нақыл сөздер 6:29—35; Еврейлерге 13:4). Құдайдың ескертулеріне сәйкес әрекет ету арқылы өтірік айту, алдау немесе ұрлау сияқты қылықтардан аулақ болуға болады (Мысырдан көшу 20:15, 16; Леуі 19:11; Нақыл сөздер 30:7—9; Ефестіктерге 4:25, 28; Еврейлерге 13:18). Сондай-ақ Ехобаның ескертулерін ұстану бізді өш алудан немесе кек сақтаудан, қауесет сөз таратудан аулақ етеді (Леуі 19:16, 18; Забур 14:1, 3).

16 Ехобаның ескертулеріне құлақ салу арқылы біз Оған қызмет ету үшін бағышталған, немесе бөлініп алынған, күйімізде қаламыз. Зұлым дүниеден аулақ жүрудің маңызы қаншалықты зор десеңші! Жер бетіндегі өмірінің соңғы күні түнде Иса Ехобаға дұға ете отырып, өзінің ізбасарлары жөнінде былай деп сұрайды: “Бұларға Сенің хабарыңды [“сөзіңді”, ЖД] білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес. Сенен оларды осы дүниеден әкет деп емес, шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын. Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес. Оларды шындығың арқылы Өзіңе бағыштап, таза жүргізе гөр. Сенің сөзің — шындық” (Жохан 17:14—17). Құдайға қасиетті қызмет атқаруымыз үшін осы зұлым дүниеден бөлек болуымызға көмектесетін Құдай Сөзін әрі қарай да бағалай берелік.

17. Егер біз Құдайдың ескертулеріне көңіл қоймасақ не нәрсеге ұшырап қалуымыз мүмкін, сондықтан біз не істеуіміз керек?

17 Біздер, Ехобаның қызметшілері, Оған қызмет атқаруға бұдан бұлай да лайық болғымыз келеді. Алайда егер біз Құдайдың ескертулеріне көңіл қоймасақ, сөйлеу мәнері мен жүріс-тұрысынан, әдебиетінен және қалай көңіл көтеретіндерінен көрінетін осы дүниелік рух біздің бойымызды билеп алуы мүмкін. Сондай-ақ, әлбетте, біз ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, алғысты білмейтін, қасиеттіні танымайтын, қатыгез, ақылсыз қызба, кеуде көтерген, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретіндердің қатарында болғымыз келмейді. Бұлар Құдайдан тым алыс адамдардың танытатын қасиеттерінің кейбіреулері ғана (2 Тімотеге 3:1—5). Біз осы зұлым заманның ақырғы күндеріне таяп қалдық, сондықтан әрі қарай да Ехобаның ескертулеріне сәйкес әрекет ете беруді дұғада сұрап, өзімізді Оның ‘сөзіне бағыну’ арқылы сақтайық (Забур 118:9).

18. Ехобаның ескертулерін ұстанатын болсақ, олар бізді қандай әрекеттерге талпындыратын болады?

18 Ехобаның ескертулері бізге не істемеу керек екендігін айтып қана қоймайды. Егер біз Оның ескертулеріне құлақ асар болсақ, ол бізді әрекет етуге — Ехобаға толығымен арқа сүйеп, оны шын жүректен, жан-тәнімізбен, бар ойымызбен және бар күшімізбен жақсы көруге талпындырады (Заңды қайталау 6:5; Забур 4:6; Нақыл сөздер 3:5, 6; Матай 22:37; Марқа 12:30). Сонымен қатар Құдайдың ескертулері маңайымыздағыларды, немесе жақынымызды, жақсы көруге де талпындырады (Леуі 19:18; Матай 22:39). Құдайға және жақынымызға деген сүйіспеншілігіміз әсіресе Ехобаның еркін орындап, өмір беретін “Құдай туралы білімді” өзгелермен бөлісіп жүргендігімізден байқалатын болады (Нақыл сөздер 2:1—5).

Ехобаның ескертулерін ұстану өмір сүруді білдіреді!

19. Ехобаның ескертулеріне құлақ асудың тиімді әрі пайдалы екендігін біз басқаларға қалай көрсете аламыз?

19 Егер біз Ехобаның ескертулерін ұстанып, өзгелерге де солай етуге көмектесе беретін болсақ, өзімізді де, тыңдаушыларымызды да құтқарамыз (1 Тімотеге 4:16). Ехобаның ескертулеріне құлақ асу тиімді әрі пайдалы екендігін біз басқаларға қалай көрсете аламыз? Біз мұны Киелі кітаптың принциптерін өмірімізде қолдану арқылы көрсете аламыз. Бұлай етуіміз Құдай Сөзінде көрсетілген жолмен жүрудің ең абзалы екендігіне ‘мәңгі өмір сүруге ыңғай танытатындардың’ сенімдерін арттыра түседі (Елшілердің істері 13:48, ЖД). Сондай-ақ олар ‘шынымен арамызда Құдай бар’ екендігін көреді, ал бұл оларды Әлемнің Әміршісі Ехобаға бізбен бірге мінажат етуге талпындырады (1 Қорынттықтарға 14:24, 25).

20, 21. Ехобаның ескертулерінің және оның киелі рухының арқасында біз не істей аламыз?

20 Киелі жазбаларды зерттеуді, үйренген нәрселеріміздің бәрін іс жүзінде қолдануды және Ехобаның рухани сыйларын барынша пайдаға асыруды жалғастыра беретін болсақ, біз оның ескертулерін қатты ұнататын боламыз. Оларға құлақ асатын болсақ, олар бізге ‘Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа, шынымен әділетті де қасиетті адам болуға’ көмектеседі (Ефестіктерге 4:20—24). Ехобаның ескертулері мен оның киелі рухының арқасында біз сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кең пейілділік, сенімділік, мейірбандық, ұстамдылық — яғни, Шайтан билеп отырған осы дүниеге тән қасиеттерге мүлдем ұқсамайтын қасиеттер танытатын боламыз! (Ғалаттықтарға 5:22, 23; 1 Жохан 5:19). Сол себепті Киелі кітапты зерттеу, тағайындалған қариялар, сондай-ақ қауым кездесулері мен конгрестер арқылы Ехобаның талаптары жөнінде ескертулер алғанда біздің ризашылық танытуымызға негіз бар.

21 Ехобаның ескертулерін ұстанатын болғандықтан, әділдік үшін жапа шегіп жүрсек те қуанышты бола аламыз (Лұқа 6:22, 23). Аса қауіпті жағдайға тап болып қалғанның өзінде біз Құдайдың құтқарып алатынына үміттенеміз. Қазіргі уақытта, барлық халықтар Һар-Магедонға — “Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы соты күнінің шайқасына” — жиналып жатқанда, осылай етудің маңызы ерекше зор (Аян 16:14—16).

22. Ехобаның ескертулеріне қатысты біз не нәрсеге бел бууымыз керек?

22 Ехоба лайық еместігімізге қарамастан ұсынып отырған мәңгілік өмірді сыйға алу үшін, біз оның ескертулерін қатты ұнатып, оларды бар ықыласымызбен ұстануымыз керек. Бізде де жыршының рухындай рух болғай, ол былай деп жырлаған: “Мәңгілік әділетті ережелерің [“ескертулерің”, ЖД] Сенің, түсінік сыйлай гөр шын өмір сүруім үшін” (Забур 118:144). Сонымен қатар жыршының: “Мені құтқара гөр деп Саған [Ехобаға] жалынамын, ережелеріңді [“ескертулеріңді”, ЖД] ұстанатын боламын”,— деген сөздерінен байқалатын табандылығын біз де танытайық (Забур 118:146). Сөзімізбен де, ісімізбен де Ехобаның ескертулерін қатты ұнататынымызды дәлелдей берейік!

Сендер қалай жауап берер едіңдер?

• Забур жыршысының Ехобаның ескертулеріне деген көзқарасы қандай болған?

• Неге біз Ехобаның ескертулеріне мұқтажбыз?

• Ехобаның ескертулеріне қатысты біздің кездесулеріміздің атқаратын рөлі қандай?

• Ехобаның ескертулері біздің осы дүниеден бөлек болуымызға қалайша көмектеседі?

[25-беттегі сурет]

Забур жыршысы Ехобаның ескертулерін қатты ұнатқан

[26, 27-беттердегі суреттер]

Аннаның үлгісіне еліктеп қауым кездесулеріне үзбей барып жүруге деген мақсаттарың бар ма?

[28-беттегі сурет]

Ехобаның ескертулеріне құлақ асу арқылы біз осы дүниеден бөлек болып, таза, Құдайға қызмет етуге лайықты күйімізде қаламыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу