Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rj 3-бөл., 8—9 бет.
  • Жаралы сезім. “Ренжуге себеп болғанда”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жаралы сезім. “Ренжуге себеп болғанда”
  • Ехобаға қайта орал
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ешкім бізді “Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды!”
  • “Маған мұны Ехобаның өзі айтып жатқандай болды”
  • Кеңпейілмен кешіре білу
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қайта қауышқан апалы-сіңлілі
    2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ехобаның кешірімділігіне еліктеңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Ехоба кешірімді жандарға батасын төгеді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Ехобаға қайта орал
rj 3-бөл., 8—9 бет.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Жаралы сезім. “Ренжуге себеп болғанда”

Қауымдағы бір бауырлас ақшамды жымқырдың деп айыптады. Мұны естігенде, қауымдағылар екі жақ болып бөліне бастады. Кейінірек әлгі бауырлас менің кінәлі емес екенімді дәлелдейтін мәлімет алғанын айтты. Ол кешірім сұрағанымен, осындай жағдайға ұшыратқаны үшін оны ешқашан кешіре алмайтындай сезімде болдым (Линда).

БАУЫРЛАСЫНА қатты ренжіген Линданың сезімі саған таныс па? Өкінішке қарай, кей бауырластар біреудің істеген әрекеті қатты жанына батқандықтан, рухани істерге енжар қарай бастаған. Сен де сондай күйдесің бе?

Ешкім бізді “Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды!”

Шыны керек, өзімізді ренжіткен бауырласты кешіру қиынның қиыны болуы мүмкін. Өйткені мәсіхшілер бірін-бірі сүю керек қой (Жохан 13:34, 35). Бауырласымыздан жапа шексек, қатты көңіліміз қалып, жанымыз ауырады (Зәбүр 55:12).

Киелі кітаптан білетініміздей, кейде мәсіхшілер бір-біріне “ренжуге себеп” болатын бірдеңе істеп қояды, әрине (Қолостықтарға 3:13). Бірақ өзіміз сондай жағдайға тап болғанда, бейжай қалу оңай емес. Осындай кездерде не көмектеседі? Жазбалардағы үш принципті қарастырып көрейік.

Көктегі Әкемізге бәрі мәлім. Ехобаның назарынан еш нәрсе шет қалмайды. Ол біздің қандай әділетсіздікке ұшырап, одан қандай қасірет шегіп жатқанымызды да біледі (Еврейлерге 4:13). Ал азап шексек, бізге жаны ашиды (Ишая 63:9). Ол қиыншылықтың да, азаптың да, тіпті бауырласымыздың да бізді өзінің “сүйіспеншілігінен айыруына” жол бермейді (Римдіктерге 8:35, 38, 39). Олай болса, біз де Ехобаға еліктеп, ешкімнің не ештеңенің бізді одан айыруына жол бермейік.

Кешіру — көз жұму емес. Өзімізді ренжіткен адамды кешіру оны ақтау не қылығына көз жұму дегенді білдірмейді. Есіңде болсын, Ехоба күнә жасайтындарды ешқашан қолдамайды, сөйтсе де негіз бар болса — кешіреді (Зәбүр 103:12, 13; Абақұқ 1:13). Бізді өзгелерді кешіруге талпындырғанда, Ехоба өзіне еліктеуді өтінеді. Өйткені оның өзі “мәңгі ашулана бермейді” (Зәбүр 103:9; Матай 6:14).

Ашу-ызадан арылғанымыз өзіміз үшін пайдалы. Қай жағынан? Мынадай мысалды қарастырайықшы: сен жерден үлкендеу бір тас алып, қолыңды созған күйі ұстап тұрсың делік. Оны біраз уақыт солай ұстап тұруға қиналмайтын шығарсың. Ал ұзағырақ ұстап тұруға шамаң келе ме? Бірнеше минут, бір сағат не одан да ұзағырақ ұстап тұруға әлің жете ме? Қолың талып кетері сөзсіз. Негізінде, тастың салмағы өзгермейді, бірақ ұзақ ұстап тұра берген сайын, оның салмағы ауырлап бара жатқандай көрінеді. Ашу-ыза да солай: тіпті болар-болмас ренішті көңілімізде қаншалықты ұзақ сақтасақ, өзімізге соншалықты ауыр тиеді. Ендеше Ехобаның ашу-ызадан арылуға шақырғанына таңғалудың қажеті бар ма? Расында да, одан арылғанымыз өзіміз үшін пайдалы (Нақыл сөздер 11:17).

Патшалық сарайында бір бауырлас өзге біреуіне ренжулі сыңаймен қарап тұр

Ашу-ызадан арылғанымыз өзіміз үшін пайдалы

“Маған мұны Ехобаның өзі айтып жатқандай болды”

Бауырласы ренжіткен Линданың ашу-ызадан арылуына не көмектесті? Басқа жайттармен қатар, оған кешірімді болуға қатысты тармақтар жөнінде ой жүгірткені де көмектесіпті (Зәбүр 130:3, 4). Кешірімді болсақ, Ехобаның да бізді кешіретіні Линдаға әсіресе қатты әсер еткен екен (Ефестіктерге 4:32—5:2). Осы ойға қатысты ол: “Маған мұны Ехобаның өзі айтып жатқандай болды”,— дейді.

Уақыт өте келе Линда ашу-ызадан арылды. Ол бауырласын кеңпейілмен кешіріп, қазір екеуі жақсы дос. Линда Ехобаға қызмет етуді доғармады. Ехоба саған да көмектескісі келеді.

“Ехобаға жақында” кітабының мұқабасы

Мари былай дейді: “Шындықтан кеткенде, мен өзімді жаман сезіндім. Бірақ Ехобаның қаншалықты ізгі, сүйіспеншілікке толы Құдай екенін “Ехобаға жақында” кітабы есіме салды. Кітапты оқи түскен сайын, Ехобаға деген сүйіспеншілігім де жандана түсті”. Осы кітаптың 26 және 30-тарауында Ехобаның не себепті және қалай кешіретіні, сондай-ақ оған қалай еліктеуімізге болатыны талқыланады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу