Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.10. 15-б.
  • Кеңпейілмен кешіре білу

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кеңпейілмен кешіре білу
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Бір-біріңді кеңпейілмен кешіріңдер
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Кешірімді болу деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Шын көңілден кешір
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехоба бізді кеңпейілмен кешіреді
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.10. 15-б.

КӨНЕНІҢ СӨЗІ — АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

Кеңпейілмен кешіре білу

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ДАНАЛЫҚ: “Әлдекімнің біреуге ренжуге себебі болса да,.. бір-біріңді кеңпейілмен кешіріңдер. Ехобаның өздеріңді кеңпейілмен кешіргеніндей, сендер де солай етіңдер” (Қолостықтарға 3:13).

Қасындағы әйелге қолын бір сілтеп, кетіп бара жатқан әйел

Бұл нені білдіреді? Киелі кітапта күнә қарызға, ал күнәні кешу қарызды кешіруге теңеледі (Лұқа 11:4). Бір еңбекте жазылғандай, Киелі жазбаларда кездесетін “кешіру” деп аударылған грек сөзі “қарызды талап етпей, ұмыту” дегенді білдіреді. Демек, бізді ренжіткен адамды кешіруді шешсек, оның есесіне сол адамнан ештеңені талап етпейміз. Бірақ біреуді кешіру деген оның бұрыс қылығын мақұлдайтынымызды немесе сезіміміз жараланбағандай сыңай танытуды білдірмейді. Керісінше, бұл ренжуге келелі себеп болғанның өзінде, ішіміздегі өкпе-реніштен арылуды білдіреді.

Бүгінде қандай пайдасы бар? Кемелсіз болғандықтан, бәріміз де күнә жасаймыз (Римдіктерге 3:23). Олай болса, басқаларға кешірімшіл болғанымыз абзал, өйткені ертелі-кеш өзіміз де біреудің кешіріміне мұқтаж боламыз. Өзгені кешу өзіміз үшін де жақсы. Қай жағынан?

Бір-бірін құшағына алып жатқан екі әйел

Қателік жасаған адамды кешірмей, көңілімізде ашу-ренішті сақтау өзіміз үшін зиян. Себебі мұның кесірінен қуанышымыздан айырыламыз, өміріміз қиындайды және бейшара күйге түсеміз. Денсаулығымыз да кәдімгідей нашарлауы мүмкін. Кардиология туралы бір журналда дәрігер Йоичи Чида мен психология профессоры Эндрю Степто келесідей тұжырым жасаған: “Қазіргі зерттеулер ашу мен өшпенділіктің және жүректің ишемиялық ауруының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетіп отыр” (“Journal of the American College of Cardiology”).

Ал кешірімді болу көп жағынан пайдалы. Әлдекімді кеңпейілмен кешсек, біз арадағы татулығымызды сақтаймыз, осылайша қарым-қатынасымызды бұзып алмаймыз. Ал одан да маңыздысы, тәубеге келген күнәкарларды кешіріп, өзіне осы жағынан еліктеуге шақыратын Құдайымыз сияқты әрекет ететін боламыз (Марқа 11:25; Ефестіктерге 4:32; 5:1).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу