78-ән
Шыдамдылық
1. Әміршіміз Ехоба
Аңсап келді ұзақ уақтан
Есімін қасиетті
Тазартуды қара дақтан.
Сан ғасыр өтсе дағы
Шыдамы еш сарқылмай,
Төзіп әр кез келеді,
Сабыр сақтап талмай.
Құтқармақ ниеті бар
Асылдарын әр халықтың.
Шыдамы Әкеміздің
Күл емес желге ұшатын.
2. Болса төзім, таймаймыз,
Түзу жолда тұрып берік.
Бастаймыз татулыққа,
Ашуға еш бермей ерік.
Өзгенің жақсылыққа
Ынтасын біз байқалық.
Сабырлық жөн сілтейді,
Қалсақ біз қиналып.
Рухтың әр қасиетін
Шыңдаймыз, жасап өзгеріс.
Шыдамы таусылмайтын
Әкемізден үйренеміз.
(Мұс. 2-ж. 34:14; Ишая 40:28; Қор. 1-х. 13:4, 7; Тім. 1-х. 2:4 қараңыз.)