79-ән
Мейірімділіктің зор күші
1. Білдік Сөзінен Құдай болмысын,
Алғысымыз тасып.
Шексіз болса да қуат-қайраты,
Мейірім төгуге асық.
2. Ерсек Исаға, сергіп жанымыз,
Артта қалар бар мұң.
Қанат бітірер жігер сөздері,
Ауыр емес жүгі оның.
3. Ізгі болудың асқақ үлгісін
Көріп Әкемізден,
Шексіз мейірім табар көрініс
Біздің де әр ісімізден.
(Миха 6:8; Мат. 11:28—30; Қол. 3:12; Пет. 1-х. 2:3 қараңыз.)