118-ән
Бір-біріңді қабылдаңдар
1. Қабыл алайық бәрін қуана,
Жиналғанда тәлім алуға.
Алғысымыз зор жомарт Құдайға,
Ақиқаттың жолын ашты барлығына.
2. Бізді қабылдап бауырға басқан
Бауырластық — бата Құдайдан.
Қабыл алайық қарап құрметпен,
Бауырластарды да жетекшілік еткен.
3. Құдай шақырды барлық адамды
Естісін деп ізгі хабарды.
Қабыл алайық Құдай сияқты,
Ұлы арқылы ол бізді жақын тартты.
(Жох. 6:44; Філіп. 2:29; Аян 22:17 қараңыз.)