119-ән
Келіп, сергіп қалыңдар!
1. Өз бетімен кеткен бұл дүниеде
Жұрт ұмытқан Құдай барын.
Бағыт-бағдарсыз адамдар өздері
Түзей алмас қадамдарын.
Қауым кездесуі бізді сергітіп,
Үміт жағып, сенім берер.
Көңіл бөліп, сүюге талпындырар,
Жасау үшін игі істер.
Түйіп алып ойда Құдай заңдарын,
Орындаймыз оның еркін.
Кездесулер оң жолға бағыттайды,
Аша түсіп шындық көркін.
2. Мұқтаж күйімізден хабардар Құдай
Береді қажет кеңестер.
Қалған уақытты тиімді қолданып,
Құнды болсын кездесулер.
Адам кейпіндегі сыйлар арқылы
Бекіп қаламыз сенімде.
Ыстық бауырластықтың құшағында
Жалғыз қалмайды ешкім де.
Патшалық орнағанша бас қосайық
Бір сенімдегі жандармен.
Қауымда үйретер өмір сүруді
Даналықпен көктен келген.
(Зәб. 37:18; 140:1; Нақ. с. 18:1; Ефес. 5:16; Жақ. 3:17 қараңыз.)