КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Біз Құдай туралы шындықты біле аламыз ба?
Неге Құдай шындықты білгенімізді қалайды? Жохан 17:3 оқыңыз
Құдай киелі рухын, яғни өзінің күшін қолданып, кейбір адамдардың санасына ой салып, Киелі кітапқа жаздырған (Петірдің 2-хаты 1:20, 21). Сондықтан Киелі кітапты оқу арқылы біз Құдай туралы шындықты біле аламыз (Жохан 17:17; Тімөтеге 2-хат 3:16 оқыңыз).
Киелі кітап арқылы Құдай бізді өзімен таныстырады. Ол адам баласын не үшін жаратқанын, болашақта біз үшін не істейтінін және өмір-салтымыз қандай болу керектігін білдіреді (Елшілердің істері 17:24—27). Иә, Ехоба Құдай өзі туралы шындықты білгенімізді қалайды (Тімөтеге 1-хат 2:3, 4 оқыңыз).
Неге Құдайға ақиқатты сүйетін жандар ұнайды?
Ехоба — шындықтың Құдайы. Ол өз Ұлы Исаны адамзатқа шындықты үйрету үшін жіберген. Исаның ілімі шындық сүйгіш жандарды баурап алатыны да содан (Жохан 18:37). Құдай осындай адамдардың өзіне ғибадат еткенін қалайды (Жохан 4:23, 24 оқыңыз).
Өкінішке қарай, Құдай туралы өтірік ілімдерді тарату арқылы Шайтан Ібіліс көп адамды Құдайдан бұрып әкеткен (Қорынттықтарға 2-хат 4:3, 4). Мұндай өтірік ілімдер шындықты сүймейтін адамдардың құлағына майдай жағады (Римдіктерге 1:25). Десе де миллиондаған ақжүрек адам Киелі кітапты оқып-білу арқылы Құдай туралы шындықты танып жатыр (Елшілердің істері 17:11 оқыңыз).