108-ән
Ехобаны Патшалығы үшін мадақтаңдар!
(Аян 21:2)
1. Ехоба Ұлын майлады,
Мәсіх — кемелді Патша!
Енді жер беті гүл жамылмақ
Құдай ниеті бойынша.
Қайырмасы:
Күллі адал азаматтары,
Патшалықтың еш мызғымас!
Ехобаны бөлеңдер мадаққа,
Жаусын алғыс сарқылмас.
Міне, майланған Ұлы Оның
Жерде әділдік орнатпақ.
Әділ Патшамыз Құдай есімін
Мәңгі киелі тұтпақ.
2. Бір күн ішінде туылған
Халық қызметке даяр.
Иса мен оның бауырлары
Жерді күнәдан арылтар.
Қайырмасы:
Күллі адал азаматтары,
Патшалықтың еш мызғымас!
Ехобаны бөлеңдер мадаққа,
Жаусын алғыс сарқылмас.
Міне, майланған Ұлы Оның
Жерде әділдік орнатпақ.
Әділ Патшамыз Құдай есімін
Мәңгі киелі тұтпақ.
(Нақ. с. 29:4; Ишая 66:7, 8; Жох. 10:4; Аян 5:9, 10 қараңыз.)