109-ән
Ехобаның Тұңғышын мадақтаңдар!
1. Бұл — Құдай Тұңғышы,
Патша болып майланды.
Әділ, шыншыл билігі
Жерге бата сыйлайды.
Ұлылық, салтанатпен
Құдай атын жақтап,
Ехобаның ол алмақ
Билік құқын ақтап.
Қайырмасы:
Бұл — Құдай Тұңғышы,
Оны біз мадақтайық.
Киелі тау Сионда
Құрды Мәсіх патшалық.
2. Бұл — Құдайдың Ұлы,
Жанын біз үшін қиған.
Содан Құдай кешірген
Күнәмізді жасаған.
Ақ зығырдан киінген
Қалыңдығы Ұлдың
Қабыл алуға дайын
Билігін Құдайдың.
Қайырмасы:
Бұл — Құдай Тұңғышы,
Оны біз мадақтайық.
Киелі тау Сионда
Құрды Мәсіх патшалық.