107-ән
Ехобаның тауына келіңдер!
1. Көз сал тау шыңына
Заңғар көкке ұмтылған.
Құдай тауы киелі
Биік асқақтаған.
Күллі халық тауға
Жол тартады ағылып,
“Кәне, келіңдер бәрің”,—
Деп, талмай шақырып.
Аз ғана халықтан
Тарады мықты халық енді.
Күн сайын көбейіп,
Құдай батасына кенелді.
Шындық жолын таңдап,
Сан мың жұрт ағылуда.
Мәңгі адал болар,
Берік боп тура жолда.
2. Кезек күттірмейді
Уағыздау ісі бүгін.
Ізгі хабар қамтуда
Жердің әр түкпірін.
Көктен жүргізуде
Билігін Иса Мәсіх.
Оған құлақ салыңдар,
Барлық кәрі-жасың.
Күн санап өсуде
Қатары ұлы жамағаттың.
Құдаймен достасу
Үміті бар бұл адамзаттың.
Бірге зор дауыспен
Талмайық шақырудан
Жұртты Құдай тауына
Түрлі ұлт пен рудан.
(Зәб. 43:3; 99:9; Ишая 60:22; Ел. іс. 16:5 қараңыз.)