52-ән
Жүрегіңді сақта
1. Таза сақта жүрегіңді,
Шын өмір бұлағын.
Құдай оған терең бойлап,
Ашады бар сырын.
Арамдық еніп жүрекке,
Адастырар жолдан.
Мұндайда санаңа жүгін
Түзу жолда тұрған.
2. Жүрегіңді Құдайға бұр,
Дұға етіп талмай.
Мадақтап, алғыс айт оған,
Тілеуіңді бұқпай.
Құдайдың сөзін орындау
Біз үшін зор парыз.
Сақта ендеше жүректі,
Болсын лайық әр іс.
3. Арамдық орнын жүректе
Жақсы ойлар бассын.
Құдай сөзі терең бойлап,
Оны бір жаңғыртсын.
Құдай адалды сүйеді,
Күмән жоқ бұл ретте.
Шын жүректен қызмет етіп,
Досы бол ендеше.
(Зәб. 34:1; Філіп. 4:8; Пет. 1-х. 3:4 қараңыз.)