51-ән
Біз Ехобаға адалмыз
1. Ехоба Иеміз лайық зор мәртебеге.
Әділ заңының құны кетпес қай кезде де.
Оның ешбір сөзі босқа ұшпас желге.
Адал боп Құдайға, жүрелік етене,
Билігін қолдаған басар ылғи өрге.
2. Шындық пен әділдік нық негіз боп тағына,
Көктегі тұрағы бөленді даңқ нұрына.
Шақырса, ағылар ақжүректі халық.
Адал боп Құдайға, билігін қолдайық,
Әлемнің Иесі мадақтауға лайық.
3. Әлем кең болса да, оны сыйдыра алмайды.
Сұсты қас жаулары қастық жасай алмайды.
Барлық уәделерін орындайтыны хақ.
Адал боп Құдайға, жүрейік дәйім сақ,
Даңқталсын Ехоба мәртебесі асқақ.
(Мұс. 5-ж. 4:4; 30:20; Пат. 2-ж. 18:6; Зәб. 89:14 қараңыз.)