116-ән
Таң шапағы жарқырай түсуде
1. Ерте кезде пайғамбарлар аңсаған
Үміт көзі болған Мәсіхті.
Уәде етілген Мәсіх келді жерге,
Азат етуге бар халықты.
Міне, Иса да отыр өз тағында,
Пайғамбарлық сөзді растап.
Мәртебе неткен алу бұл білімді,
Періштелер де жүрген қалап.
Қайырмасы:
Біздің жолымыз жарқырайды
Таңның нұрындай арайлы.
Құдай ашады даналығын,
Әр кез бағыттап қадамды.
2. Адал құлын қолданады Иеміз,
Өз уағында беріп ас-суды.
Шындық шашуда жақұтты сәулесін,
Жаулап жүрек пен ақыл-ойды.
Енді нығайып, жарқырай түседі
Нұрдай сәулелі жолымыз.
Ехоба Құдай — шындықтың қайнары,
Жарық жолы үшін ризамыз.
Қайырмасы:
Біздің жолымыз жарқырайды
Таңның нұрындай арайлы.
Құдай ашады даналығын,
Әр кез бағыттап қадамды.
(Рим. 8:22; Қор. 1-х. 2:10; Пет. 1-х. 1:12 қараңыз.)