114-ән
Құдайдың берген қазынасы
1. Оқығанға бұл кітаптың сөздері
Солмас үміт, жұбаныш сыйлайды.
Ойларының
Жанды қозғар күші мол,
Көзді ашып, өмірге бастайды.
Баға жетпес сый — Киелі жазбалар,
Құдай оны
Көпке тарту етті.
Сөзін жазып, баршаға жеткізсін деп,
Пайғамбарларға өз рухын төкті.
2. Олар әлемнің қалай жаралғанын
Тізіп маржандай, ретімен жазды.
Алғашқы жұп мінсіз боп жаратылып,
Мекен етті гүл жамылған бақты.
Уақыт өте бір періште көктегі
Күмән сеуіп, Құдайды даттады.
Бұл күнә мен қасіретке соқтырып,
Момын жандар аңсауда ақ таңды.
3. Көріп Ехоба мүшкіл халімізді,
Нық орнатты көкте Патшалығын.
Иса Мәсіх — құдіретті Патшамыз,
Азат етпек ол Құдайдың халқын.
Лайым оқып бұл кітапты күн сайын,
Толық жеңісті есте ұстайық.
Ехобаның қабылдап тыныштығын,
Ой-санамызды дәйім сақтайық.
(Тім. 2-х. 3:16; Пет. 2-х. 1:21 қараңыз.)