71-ән
Киелі рух — Құдайдың сыйы
1. Әрбір жүректен сен жоғарысың,
Уа, Құдайым, рақымың шексіз.
Дем бере көрші бізге рухыңмен,
Өкінгенде күй кешіп дәрменсіз.
2. Бір сүрінеміз, бір жығыламыз,
Бар ма даңқыңа лайық адам?
Рухыңды бер деп күнде сұраймыз,
Тура жолда басайық нық қадам.
3. Рухың киелі медет береді
Күш сарқылып, шаршаған уақта.
Қос қанат қағып құстай ұшамыз,
Еш талмастан бет алып ұзаққа.
(Зәб. 51:11; Жох. 14:26; Ел. іс. 9:31 қараңыз.)