70-ән
“Ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіңдер”
1. Бойлап әрбір істің байыбына,
Дана болайық әр кез.
Алға шықсын істің маңыздысы,
Уақыт бәріне жетпес.
Жақсылықты сүй, аянба,
Жамандыққа
Жақындама. Дұға етіп күнде,
Үзбей зертте.
Беліңді бу маңызды іске.
2. Ізгі хабар таратып, бүгінде
Қызмет ету маңызды.
Іс жоқ артық тоқты-қозыларды
Тапсақ, нұсқап ақ жолды.
Әділдікті аңсағандар
Шын қуанар
Бұл хабарға. Оларды жетеле
Зор сенімге,
Атсалысып маңызды іске.
3. Алғы шепте маңызды іс тұрса,
Сенім болады пана.
Үміт отын сөндірмей, кенелгін
Құдай тыныштығына.
Сүй досыңды, жайын түсін,
Сезінерсің,
Ехобаның мол батасын сонда.
Дәйім қолда,
Маңызды істерді шет қылма.
(Зәб. 97:10; Мат. 22:37; Жох. 21:15—17; Ел. іс. 10:42 қараңыз.)