72-ән
Сүйіспеншілік қасиетін дамытайық
1. Рух жемісін дамыту үшін
Ехобаның сұраймыз күшін.
Игі болса да әр қасиет,
Сүю орны қашанда бөлек.
Дана, батыл, өнерлі болсақ,
Бар ма пайда сүюден қалсақ?
Сүйе берейік шексіз онда,
Құдай разы болады сонда.
2. Тәлім беру — біз үшін парыз,
Күші жетпес ақылдың жалғыз.
Құдай Сөзін үйреткен кезде,
Жақсы көрейік жүрекпен де.
Жапа шексе жазықсыз егер,
Шексіз сүйген берілмей төзер.
Сүйе білсек шын басып бауыр,
Жеңілдейді жүгіміз ауыр.
(Жох. 21:17; Қор. 1-х. 13:13; Ғал. 6:2 қараңыз.)