110-ән
Құдайдың ғажап істері
1. Ием, жасырынар жер бар ма?
Назарыңнан қай күнім тыс қалған?
Шықпаса да аузымнан бір тал сөзім,
Сырларымды білдің жүректе сақталған.
Ана құрсағында жатқанда,
Сүйектерім нығайып, қатқанда.
Көрдің мені ұрық боп дамығанда,
Әр бөлігін рет-ретімен жазғаныңда.
Қастерлі сезімге бөлеп істерің,
Біліміңе тәнті менің жаным.
Тас қараңғы түнек жерді басса да,
Қорықпаймын, өзіңсің қорғаным.
Шет қалмаспын сенің жүзіңнен:
Таса жер жоқ сенен жасырынған.
Заңғар көк те, көрдің тұңғиығы да,
Жасыра алмас мені, Әке, назарыңнан.
(Зәб. 66:3; 94:19; Ерм. 17:10 қараңыз.)