43-ән
Сақ жүріп, аяғыңды нық бас
1. Сақ жүріп, батыл болғайсың,
Аяғыңды нық басып.
Жеңетінің хақ, ендеше
Жүр тайсалмай қыр асып.
Мәсіхтің сөзін біз екі етпей,
Ізімен жүреміз мүлт кетпей.
Қайырмасы:
Сақ жүріп, нық бас аяғыңды,
Соңына дейін тұрып.
2. Сақ жүріп, сергектік сақта,
Бағынуға дайын бол.
Қабыл ал Мәсіх тәлімін
Құл арқылы тапқан жол.
Құлақ сал ақсақал сөзіне,
Қорған болады бұл өзіңе.
Қайырмасы:
Сақ жүріп, нық бас аяғыңды,
Соңына дейін тұрып.
3. Сақ жүріп, қорға шындықты,
Бірлік болсын мұрындық.
Сағыңды жау сындыра алмас,
Уағыздауға бол ынтық.
Мадақ айт қалың жұртпен бірге,
Жақындап қалды сот күні де!
Қайырмасы:
Сақ жүріп, нық бас аяғыңды,
Соңына дейін тұрып.
(Мат. 24:13; Евр. 13:7, 17; Пет. 1-х. 5:8 қараңыз.)