42-ән
Қамыққандарды жұбатыңдар
1. Кім-кімге де бұл күні пендешілік тән,
Құдай сүйеді бірақ бұған бермей мән.
Рақымы сарқылмас, ешкім де шет қалмас,
Өзгені сүйіп біз де болайық дарқан.
2. Пауыл күйзелгендерді түсіне білген,
Мәсіхтің пәк қанымен құны өтелген.
Ехоба еншілеп, мұндайды жүр демеп,
Мұқтажды ұғатындай болсын көңіл кең.
3. Мейірімді болайық, әлсізді сөкпей,
Нығайып қалсын рухы қанат біткендей.
Қамыққанды жебеп, жігер беру керек,
Ол да марқайып қалсын, қажуды білмей.
(Ишая 35:3, 4; Қор. 2-х. 11:29; Ғал. 6:2 қараңыз.)