44-ән
Науқанға қуана атсалысамыз
1. Келді, міне, орақ кезі де,
Бөлеп бізді зор құрметке.
Егін жинаушы — періштелер,
Біз жүрміз қатар тер төге.
Иса да талай еңбектеніп,
Көш бастап шықты танапта.
Соңынан оның біз де ілесіп,
Өнім жинаймыз шаттана.
2. Сүйсек Құдайды, өзгені де,
Шұғыл атқарамыз істі.
Уақыт таяп қалды, тездетіп
Дән егіп, жинайтын кезді.
Шексіз қуаныш әкеледі
Ісі Құдайдың тапсырған.
Қызметімізді атқарсақ талмай,
Кенде болмаймыз сыйынан.
(Мат. 24:13; Қор. 1-х. 3:9; Тім. 2-х. 4:2 қараңыз.)