101-ән
Патшалық туралы шындықты жариялайық
1. Тура жолды білмей келдік,
Ағымына көптің ердік.
Жіберіп ақ жарығын,
Ашты Ехоба шындығын.
Әкеміздің еркін білдік,
Мадақтаймыз қызмет етіп.
Бар халық Ехобаның
Естіп білсін киелі есімін.
Уағыздайық үйден үйге,
Үнсіз қалмай көшелерде.
Адамдарға білмек керек:
Шындық бәрін азат етпек.
Бұл хабарды жержүзіне,
Жеткізейік өңірлерге.
Доғармай шұғыл істі,
Демейінше Құдай уақыт бітті.
(Ешуа 9:9; Ишая 24:15; Жох. 8:12, 32 қараңыз.)