100-ән
Біз — Құдайдың әскері!
(Жоел 2:7)
1. Әскербасы — Ехоба,
Біз — сарбаздары.
Патшалығы орнамақ,
Жаңарып жер шары.
Нық тұрып шындық жолда,
Батыл қорғаймыз.
Ең жақсы хабарды
Жариялаймыз.
Қайырмасы:
Біз — Құдайдың әскері
Мәсіх бастаған,
Патшалық ісіне
Өмір арнаған.
2. Адал қызметшісіміз
Біз Ехобаның.
Іздейміз жаны мұңды,
Жоғалған қойларын.
Шақырамыз барлығын
Жиналыстарға.
Патшалық сарайы
Ашық оларға.
Қайырмасы:
Біз — Құдайдың әскері
Мәсіх бастаған,
Патшалық ісіне
Өмір арнаған.
3. Мықты жауынгеріміз
Біз Ехобаның.
Түгел киіп аламыз
Сауыт-саймандарын.
Ізгі хабарды қорғап,
Еш қорықпаймыз.
Көрегендік сақтап,
Берік тұрамыз.
Қайырмасы:
Біз — Құдайдың әскері
Мәсіх бастаған,
Патшалық ісіне
Өмір арнаған.
(Ефес. 6:11, 14; Філіп. 1:7; Флм. 2 қараңыз.)