Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • kp 12—15 бет.
  • ‘Соттайтын уақыт’ туды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Соттайтын уақыт’ туды
  • Сергек болыңдар!
  • Ұқсас мәлімет
  • Ұлы Бабыл деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Сергек болыңдар!
kp 12—15 бет.

‘Соттайтын уақыт’ туды

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ Аян деп аталатын соңғы кітап бізге шыңырау биікте бір періштенің ‘мәңгілік Ізгі хабарды жариялап’ ұшып бара жатқанын айтып ескертеді. Ол қатты дауыспен: “Құдайдан қорқып, Оны құрметтеп, салтанатты ұлылығын дәріптеңдер! Себебі Оның адамзатты соттайтын уақыты туды”, — деді (Аян 14:6, 7). Бұл ‘соттайтын уақытқа’ Құдайдың сотының жариялануы мен орындалуы жатады. Құдай үкімінің орындалуы біз қазір өмір сүріп жатқан ‘соңғы дәуірдің’ шарықтау шегі ретінде келеді (2 Тімотеге 3:1).

‘Соттайтын уақыт’ әділдікті сүйетін адамдар үшін жақсы хабар болып табылады. Бұл — Құдайдың өз қызметшілерін осы қатыгез, тас жүрек дүниенің азабынан құтқаратын уақыт.

Қазір, яғни ‘соттайтын уақыт’ осы зұлым дүниенің жойылуымен аяқталғанша, біз ‘Құдайдан қорқып, Оны құрметтеп, салтанатты ұлылығын дәріптеуге’ шақырылудамыз. Сен солай істеудесің бе? Бұл үшін жай ғана “мен Құдайға сенемін” деп айтып қоя салу жеткіліксіз (Матай 7:21—23; Жақып 2:19, 20). Бізді Құдай алдындағы орынды қорқыныш оны құрметтеуге жетелеп, жамандықтан аулақ жүруге талпындыру керек (Нақыл сөздер 8:13). Бұл жақсы нәрсеге асық болып, жаман нәрседен қашық болуға көмектесу керек (Амос 5:14, 15). Құдайды мадақтайтын болсақ, оған мұқият құлақ саламыз. Оның Сөзін, Киелі кітапты, жүйелі түрде оқуға уақыт таппайтындай тығыз шаруалы болмаймыз. Оған әрқашан және шын жүрегімізбен сенім артамыз (Забур 61:9; Нақыл сөздер 3:5, 6). Құдайды шынымен құрметтейтіндер оны көк пен жердің Жаратушысы, Әлемнің Әміршісі ретінде мойындап, өз өмірлерінің Иесі ретінде дайындықпен бағынады. Егер осы жайттарға көбірек көңіл қою керек екенін түсінетін болсақ, кідірместен солай істейік.

Періште айтқан үкімнің жүзеге асырылатын уақыты, сонымен қатар “Ехобаның күні” ретінде белгілі. Осындай “күн” б. з. б. 607 жылы ежелгі Иерусалимнің басына түскен, себебі оның тұрғындары Ехобаның пайғамбарлар арқылы айтқан ескертулеріне құлақ аспаған болатын. Ехобаның күнін ойша кейін ысыруларымен олар өз бастарын өлімге тікті. Ехоба оларға: “Ехобаның ұлы күні жақын, жақын әрі өте жылдам келеді”,— деп ескерткен (Софония 1:14, ЖД). Тағы бірде “Ехобаның күні” б. з. б. 539 жылы ежелгі Бабылға келген (Ишая 13:1, 6). Қорғандарына және құдайларына сенген олар Ехобаның пайғамбарлары арқылы айтқан ескертулеріне құлақ аспады. Бірақ ұлы Бабылды бір түнде мидиялықтар мен парсылар басып алды.

Біздің күнімізде не болмақ? Анағұрлым үлкен көлемде болатын тағы бір “Ехобаның... күні” болмақ (2 Петір 3:11—14, ЖД). ‘Ұлы Бабылға’ Құдайдың үкімі шығарылып қойған. Аян 14:8-де көктегі періштенің: “Ұлы Бабыл қаласы құлады!” — деп жар салғаны жазылған. Бұл — болып қойған жағдай. Бұдан былай ол Ехобаның қызметшілерін ұстап отыра алмайды. Оның жемқорлығы мен соғыстарға қатысуы әбден әшкереленді. Енді Ұлы Бабылдың біржола жойылатын уақыты жақын. Сондықтан Киелі кітап барлық жердегі адамдарды: “Одан [Ұлы Бабылдан] шық! Әйтпесе оның күнәларына араласып, басына түсетін пәлелерін де бөлісесің. Себебі оның күнәлары көкке жетерліктей көп, Енді Құдай оның әділетсіздіктерін ескеріп, соттамақ”,— деп шақыруда (Аян 18:4, 5).

Ұлы Бабыл деген не? Бұл — ежелгі Бабылдың ерекшеліктеріне ие болған дүние жүзіндегі діндер (Аян 17, 18-тараулар). Олардың кейбір ұқсастықтарын қарастырып көрейік.

• Ежелгі Бабылдың діни қызметкерлері халықаралық және саяси істерге белсенді түрде араласатын. Бүгін де діндердің көбісі жайында солай айтуға болады.

• Бабылдың діни қызметкерлері жиі халықаралық қақтығыстарды өршітіп отыратын. Дін бүгінгі күні де мемлекеттер соғыс бастағанда, сарбаздарға батасын беруімен соғыстарда жиі басты орынға ие болуда.

• Ежелгі Бабылдың ілімдері мен діни жоралары халықты масқара өнегесіздікке жетелейтін. Дінбасыларының Киелі кітаптың құлықтылық нормаларына немқұрайды қарағандығынан бүгінгі күні азғындық дінбасыларының да, жай адамдардың да арасында кеңінен етек алған. Тағы бір көңіл бұрарлық жайт, осы дүние мен оның саясатына өзін сатып жатқандықтан, Ұлы Бабыл Аян кітабында опасыз әйел ретінде суреттелген.

• Киелі кітапта сонымен қатар Ұлы Бабыл “арсыздықпен молшылыққа кенелген” (ЖД) деп айтылады. Ежелгі Бабылдағы дінбасылар ұлан ғайыр жерді иеленетін және діни қызметкерлері беделді саудагерлерге айналатын. Бүгін де Ұлы Бабыл, ғибадат ету орнын қоса алғанда, кең көлемде саудамен айналысуда. Ілімдері мен діни мейрамдары өзіне де, сауда әлеміндегі басқаларға да үлкен пайда әкелуде.

• Бейнелерді, сиқырлықты және бақсылықты пайдалану ежелгі Бабылда кәдімгі нәрсе болған, бүгін де бұл көп жерден байқалады. Олар өлімді өмірдің басқа күйіне өту деп түсінген. Бабыл ғибадатханалар мен шіркеулерге толы болған, бірақ бабылдықтар Ехобаның халқына қысым көрсеткен. Ұлы Бабыл да осындай нанымдар мен іс-әрекеттерімен ерекшеленеді.

Ежелгі уақытта Ехоба қасарысып, өзіне және еркіне немқұрайды қарайтын халықтарды жазалау үшін саяси қуатты және жаугер халықтарды қолданатын. Осылай б. з. б. 740 жылы ассириялықтар Самарияны талқандады. Иерусалимді болса б. з. б. 607 жылы бабылдықтар, ал б. з. 70 жылы римдіктер қиратқан. Ал Бабылды б. з. б. 539 жылы мидиялықтар мен парсылар талқандады. Киелі кітапта біздің күндерімізде жыртқыш айуанға ұқсаған саяси күштердің ‘опасыз әйелге’ шабуыл жасап, тыр жалаңаш қалдырып, шын мәнінде қандай екенін әшкерелейтіні айтылған. Олар біржола оның көзін құртады (Аян 17:16).

Осы дүниенің үкіметтерінен осындай іс шынымен шыға ма? Киелі кітапта ‘Құдай олардың жүректеріне әсер ететіні’ айтылған (Аян 17:17). Бұл алдын ала білініп не бірте-бірте келмейді, керісінше кенеттен немесе күтпеген жерден келеді.

Сен не істеуің керек? Өзіңнен: “Әлі күнге дейін Ұлы Бабылдың бөлігі ретінде белгілі ілімдер мен жоралармен былғанған діни ұйымнан айырылмай жүрген жоқпын ба?” — деп сұра. Тіпті оның мүшесі болмасаң да: “Оның рухының өзіме әсер етуіне жол беріп жүрген жоқпын ба?” — деп сұрасаң болады. Ол қандай рух? Ол — құлықсыздықтың кең таралуын қолдаудан, Құдайдан гөрі байлық пен құмарлықты артық көруден немесе Ехобаның Сөзіне әдейілеп (тіпті қарапайым нәрсе болып көрінсе де) немқұрайды қараудан байқалатын рух. Берген жауаптарың жайлы жақсылап ой жүгірт.

Ехобаға ұнамды болу үшін ісімізбен де, жүрек қалауымызбен де, шын мәнінде, Ұлы Бабылға жатпайтынымызды көрсеткеніміз өте маңызды. Қазір кідіретін уақыт емес. Жойылудың табан астынан келетінін ескерте отырып, Киелі кітап: “Осындай қатты екпінмен Ұлы Бабыл қаласы да жерге лақтырылып, Жермен-жексен боп, енді қайтып көрінбейтін болады!” — деп айтады (Аян 18:21).

Бұдан да басқа оқиғалар болу керек. ‘Соттайтын уақытта’ болатын тағы бір оқиға — Ехоба Құдайдың дүниежүзілік саяси жүйені, яғни басшылар мен Құдайдың Иса Мәсіхтің қолындағы аспан Патшалығы арқылы жүргізілетін құқылы билігін мойындамайтын барлық адамдарды жауапқа тартуы (Аян 13:1, 2; 19:19—21). Даниял 2:20—45-те жазылған пайғамбарлық көріністе ежелгі Бабылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі саяси басқарулар алтыннан, күмістен, мыстан, темірден және балшықтан жасалған алып мүсін ретінде бейнеленеді. Біздің күнімізге қатысты пайғамбарлықта: “Көктің Құдайы мәңгілік құламайтын патшалық орнатады”,— деп айтылған. Ехобаның ‘соттайтын уақытында’ Патшалықтың тағы не істейтіні жайлы Киелі кітап: “Ол барлық [адам баласы орнатқан] патшалықтарды қиратып, талқандайды да, өзі мәңгі тұратын болады”,— деп айтылған (Даниял 2:44).

Шынайы ғибадат етушілерді Киелі кітап осы дүниедегі “еш нәрсені”, яғни шынайы Құдайдан безген өмір жолын, сүймеулерін айтып ескертеді (1 Жохан 2:15—17). Қабылдаған шешімдерің мен іс-әрекеттеріңнен толығымен Патшалықтың жағында екендігің көріне ме? Оны, шын мәнінде, бірінші орынға қойдың ба? (Матай 6:33; Жохан 17:16, 17).

[14-беттегі қоршау]

Дүниенің соңы қашан келеді?

“Сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін!” (Матай 24:44).

“Сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер” (Матай 25:13).

“Кешікпейді” (Аббақұқ 2:3, ЖД).

[14-беттегі қоршау]

Сен білгеніңде басқаша болар ма еді?

Құдайдың үкімінің алдағы бірнеше жылда орындалмайтынына сенімді болсаң, бұл өмір сүру қалпыңа әсер етер ме еді? Осы ескі дүниенің ақыры күткен уақытымда келмеді деп, Ехобаға деген қызметіңнің әлсіреуіне жол берер ме едің? (Еврейлерге 10:36—38).

Тура уақытты білмегеніміз, Құдайға таза ниетпен қызмет етіп жүргенімізді көрсетуге мүмкіндік береді. Ехобаны білетіндер жүрекке қарайтын Құдайға аз уақыт қалғанда құлшыныс таныту арқылы әсер ете алмайтындықтарын түсінеді (Еремия 17:10; Еврейлерге 4:13).

Ехобаны шын жақсы көретін адамдар оның мүддесін әрқашан бірінші орынға қояды. Шынайы мәсіхшілердің де басқалар сияқты жұмыстары бар. Бірақ олардың табыс табудағы мақсаты — байып кету емес, тамақ, баспана сияқты қажеттіліктерін өтеу және басқалармен азын-аулақ бөлісу (Ефестіктерге 4:28; 1 Тімотеге 6:7—12). Сонымен қатар олар көңіл көтеру мен күнделікті өмірде біраз өзгерістер жасаудан қуаныш табады, бірақ олар бұны басқалар солай істеп жатқандықтан емес, тынығу үшін істейді (Марқа 6:31; Римдіктерге 12:2). Иса Мәсіх сияқты олар да Құдайдың еркін орындаудан қуаныш табады (Забур 36:4; 39:9).

Шынайы мәсіхшілер Ехобаға мәңгілік қызмет етіп өмір сүргілері келеді. Белгілі бір баталарға ие болатын уақытты біреулер ойлағаннан гөрі ұзағырақ күту керек болғанымен, күткен адамдардың үміттері құндылығын жоғалтпайды.

[15-беттегі қоршау]

Билікке қатысты көтерілген дау

Құдайдың неге осыншама қайғы-қасіретке жол беріп жатқанын түсіну үшін, біз алдымен билікке қатысты даулы сұрақты түсінуіміз керек.

Ехоба Жаратушы болғандықтан, оның жер мен ондағының барлығына билік жүргізуге құқы бар. Бірақ Киелі кітап адамзат тарихының басында Ехобаның билігіне қатысты даулы сұрақ туғанын түсіндіреді. Ібіліс Шайтан Ехобаны Адам мен Хауаға тым үлкен шектеу қойып отыр деп айыптады. Ол түп атамыз бен анамызды адастырып, олар Құдайдың заңдарын бұзып, өз еріктерінше өмір сүрсе не болатынына қатысты Ехоба алдап отыр деді, сондай-ақ өмірлерін өздері басқарғаны жақсы болады дегенге меңзеді (Жаратылыс 2, 3-тараулар).

Егер Құдай бүлікшілерді бірден жойып жібергенде, өзінің күшін дәлелдер еді, бірақ мұнымен даулы сұрақ шешілмес еді. Оның орнына Ехоба барлық саналы жаратылыстарына бүліктің нәтижесін көруге мүмкіндік берді. Бұл қасірет әкелгенімен, дүниеге біз келдік.

Оның үстіне, Ехоба өзіне қымбатқа түссе де, оған бағынатын және Ұлының төлем құрбандығына сенім білдіретін адамзаттың күнә мен оның салдарынан құтылуына әрі Жұмақта өмір сүре алуларына сүйіспеншілікпен жағдай жасады. Қажет болса, ол бұл үшін өлімнен тірілтуге де дайын.

Даулы сұрақтың шешілуіне уақыт берілгеннің арқасында Құдайдың қызметшілері үшін Ехобаның сүйіспеншілігіне үн қатуға және оған барлық жағдайда адалдықтарын сақтап қала алатындықтарын көрсететін мүмкіндік туып отыр. Құдайдың заңдары терең қастерлену үшін оның билігіне және адамзаттың адалдығына қатысты даулы сұрақтың шешілгені аса маңызды. Онсыз шынайы бейбітшілік ешқашан орнамас едіa.

[Сілтеме]

a Осы сұрақ пен оның мәні Ехоба Куәгерлері басып шығарған “Ехобаға жақында” (ор.) деген кітапта толығырақ талқыланады.

[Сурет]

Дүниежүзілік саяси жүйенің билігі аяқталады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу