Құдай уәде еткен жаңа дүние
ҚҰДАЙДЫҢ жазбаша сөзі Киелі кітап бізге мынадай сөздермен үміт береді: “Біз Құдайдың уәдесіне сай әділдік орнаған жаңа аспан мен жаңа жердің пайда болуын күтудеміз” (2 Петір 3:13).
“Жаңа аспан” деген не? Киелі кітапта аспан сөзі жиі билікке қатысты қолданылады (Елшілердің істері 7:49). “Жаңа аспан” — жерге билігін жүргізетін жаңа үкімет. Оның жаңа болатын себебі — ол қазіргі басшылықтың орнына келеді; сонымен қатар бұл — Құдайдың ниетін біртіндеп жүзеге асыратын жаңа қадам. Бұл — Иса келуін сұрап дұға етуге үйреткен Патшалық (Матай 6:10). Құдай бәріне өмір бергендіктен және оның мекені көкте болғандықтан, бұл ‘көктегі Патшалық’ деп те аталады (Матай 7:21).
‘Жаңа жер’ деген не? Бұл — жаңа Жер планетасы емес, себебі Киелі кітапта адамдардың осы жерде мәңгі тұратындығы анық айтылған. ‘Жаңа жер’ — жаңа адамзат қоғамы. Оның жаңа болатын себебі — зұлымдар жойылады (Нақыл сөздер 2:21, 22). Ал онда қалғандар Жаратушыны мадақтап, әрі оған бағынатын және оның талаптарына сай өмір сүретін болады (Забур 21:28). Бүгін барлық ұлттың адамдары сол талаптармен танысып, өмірлерін соған сәйкес келтіруге шақырылуда. Сен солай етудесің бе?
Құдайдың жаңа дүниесінде әрбір адам оның билігін құрметтейтін болады. Құдайға деген сүйіспеншілік сені оған бағынуға талпындырады ма? (1 Жохан 5:3). Үйіңде, жұмысыңда немесе мектепте жалпы өмір сүру салтыңнан Құдайдың өсиеттеріне бағынатының байқала ма?
Сол жаңа дүниеде адамзат шынайы Құдайға бірігіп ғибадат ететін болады. Сен көк пен жердің Жаратушысына ғибадат етесің бе? Ғибадатың сені барлық халықтардың, нәсілдердің және ұлттардың адамдарымен, шын мәнінде, біріктіре ме? (Забур 85:9, 10; Ишая 2:2—4; Софония 3:9).
[17-беттегі қоршау]
Осыларды уәде еткен Құдай
Ол — физикалық аспан мен Жер шарының Жаратушысы. Иса Мәсіх соны ғана ‘жалғыз шынайы Құдай’ деп атаған (Жохан 17:3).
Адамдардың басым көпшілігі өздері жасап алған құдайларға табынады. Миллиондаған адамдар жансыз мүсіндерге бас иеді. Басқалары болса, әр түрлі ұйымдарды, материалистік пәлсапаны немесе өз қалауларын дәріптейді. Тіпті ғибадат етулерін Киелі кітапқа негіздейміз дейтіндердің өзі онда ‘шынайы Құдай’ ретінде көрсететін тұлғаның есімін лайықты түрде даңқтамайды (Заңды қайталау 4:35, ЖД).
Өзі жайлы Жаратушы: “Мен Ехобамын, бұл менің есімім”,— деп айтқан (Ишая 42:5, 8, ЖД). Киелі кітаптың түпнұсқасында бұл есім 7000-ға жуық кездеседі. Иса Мәсіх ізбасарларына: “Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін”,— деп дұға айтуды үйреткен (Матай 6:9).
Шынайы Құдайдың қасиеттері қандай? Ол өзін: “Рақымды да қайырымды Құдай! Қаһарлануға асықпайды, сүйіспеншілігі берік, әрдайым сөзінде тұрады... Ал (қасарысқан күнәкарды) жазалаусыз қалдырмайды”,— деп сипаттайды (Мысырдан шығу 34:6, 7). Оның тарих бойы адамзатқа қалай қарағанынан осы сипаттаманың дұрыс берілгені көрінеді.
Осы есім де, сол есімнің иесі де қастерлі немесе киелі тұтылуға тиіс. Жаратушы әрі Әлемнің Әміршісі болғандықтан, ол біздің мойынсұнып, ғибадат етуімізге лайық. Сен осылай етіп жүрсің бе?
[18-беттегі қоршау/сурет]
‘Жаңа аспан мен жаңа жер’ қандай өзгерістер жасайды?
Жер жұмаққа айналады Лұқа 23:43 (ЖД)
Дүние жүзі бойынша барлық Жохан 13:35;
халықтан, нәсілден және тілден Аян 7:9, 10
жиналған адамдар сүйіспеншілікпен
бірігеді
Дүние жүзі бойынша бейбітшілік, Забур 36:10, 11;
шынайы қауіпсіздік орнайды Миха 4:3, 4
Қанағат сезіміне бөлейтін жұмыс, Ишая 25:6; 65:17, 21—23
азық-түлік мол болады
Бүкіл әлем шынайы жалғыз Аян 15:3, 4
Құдайға ғибадат етеді
[19-беттегі қоршау/сурет]
Сен пайдасын көресің бе?
Құдай жалған сөйлемейді (Титке 1:2).
Ехоба былай дейді: “Менің аузымнан шыққан сөзім... Өзіме нәтижесіз оралмайды. Қайта, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады” (Ишая 55:11).
Ехоба қазірден бастап ‘жаңа аспан мен жаңа жерді’ жаратып жатыр. Көктегі үкімет қызметін атқарып отыр. Ал “жаңа жердің” негізі қаланып қойған.
“Жаңа аспан мен жаңа жердің” адамзат үшін жасайтын керемет істері жайлы айта келе, Аян кітабы Құдайдың, Әлемнің Әміршісінің, өзі айтқан сөздерін келтіреді: “Енді бәрін де жаңадан жаратып жатырмын,— деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы!” — деп қосты (Аян 21:1, 5, ЖД).
Осыған байланысты “жаңа аспан” басқаратын “жаңа жердің” мүшесі болуға лайықты деп саналу үшін қажетті өзгерістер жасаудамыз ба? — деген маңызды сұрақ туып тұр.