Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 4 5-б.
  • 2. Жағдай жасаңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 2. Жағдай жасаңыз
  • Ояныңдар! 2016
  • Ұқсас мәлімет
  • 1. Шама-шарқыңызды біліңіз
    Ояныңдар! 2016
  • Әдеттеріміз бізге игілік әкелсін
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Кіріспе
    Ояныңдар! 2016
  • Кіріспе
    Ояныңдар! 2017
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2016
g16 № 4 5-б.
Жатардың алдында дайындалған спорт киімі, аяқ-киім, су, электронды құрылғы

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ЖАМАННАН ЖИРЕНІП, ЖАҚСЫҒА ҮЙРЕНЕЙІК

2. Жағдай жасаңыз

  • Сіз дұрыс тамақтануды мақсат еттіңіз. Бірақ әлгі балмұздақ аузыңызға түсуге тіленіп тұрғандай-ақ.

  • Темекі шегуді тастаймын деп шештіңіз. Бірақ бір досыңыз сіздің осы шешіміңіз жайлы біле тұра, сізге темекі ұсынады.

  • Бүгін жаттығу жасауды жоспарладыңыз, бірақ сөрені ақтарып, жүгіруге арналған аяқ-киімді алып шығарудың өзі қиын!

Осы үш жағдайда да мәселені не нәрсе қиындатқанын байқадыңыз ба? Айналамыздағы адамдар мен біз тап болған жағдай жақсы әдеттерді қалыптастырып, жамандарынан арылуға кедергі жасауы мүмкін екенімен келісетін шығарсыз.

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Парасатты қатерді көріп, бас сауғалар, аңғал алға жүріп, жапа шегер” (Нақыл сөздер 22:3).

Бұл кеңес бізді алдын ала ойлануға талпындырады. Осылай істесек, мақсаттарымызға жетуге кедергі жасайтын жағдайлардан аулақ болып, оларға жетуге көмектесетін қолайлы жағдай жасауға барынша тырысамыз (Тімөтеге 2-хат 2:22). Бір сөзбен айтқанда, айналамыздағы жағдайды өзіміз қадағалағанымыз жақсы.

Бұрыс нәрсені істеуді қиындатып, дұрыс нәрсені істеуді оңайлатыңыз

НЕ ІСТЕУІҢІЗГЕ БОЛАДЫ?

  • Бұрыс нәрсені істеуді барынша қиындатыңыз. Мысалы, зиянды тамақты жемеуді шешсеңіз, ондай тамақтың үйде болмауына қам жасаңыз. Сонда зиянды тамақты жегіңіз келіп кеткенде, оны тауып жегеннен жемей-ақ қойған оңай болады.

  • Дұрыс нәрсені істеуді оңайлатыңыз. Мысалы, таңертең жаттығу жасауды жоспарласаңыз, сол күні кешке спорт киіміңізді дайындап, төсегіңіздің жанына қойып қойыңыз. Басы жеңіл басталған істі аяқтау да жеңіл болады.

  • Дос таңдауға келгенде талғампаз болыңыз. Біз өзіміз жиі араласатын адамдарға еліктегіш келеміз (Қорынттықтарға 1-хат 15:33). Сондықтан жақсы әдеттерге дағдылануға көмектесетін адамдарға жақын болып, ал күресіп жүрген әдеттеріңізді құптайтын адамдармен жиі араласпауға тырысыңыз.

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БАСҚА ДА КЕҢЕСТЕР

“Данамен жүрген дана болар” (Нақыл сөздер 13:20).

“Ынталының жоспарлары табысқа жетелер” (Нақыл сөздер 21:5).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу