Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g16 № 4 4-б.
  • 1. Шама-шарқыңызды біліңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 1. Шама-шарқыңызды біліңіз
  • Ояныңдар! 2016
  • Ұқсас мәлімет
  • Әдеттеріміз бізге игілік әкелсін
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Кіріспе
    Ояныңдар! 2016
  • 2. Жағдай жасаңыз
    Ояныңдар! 2016
  • Жаманнан жиреніп, жақсыға үйренейік
    Ояныңдар! 2016
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2016
g16 № 4 4-б.
Тізім жасап жатқан әйел

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ЖАМАННАН ЖИРЕНІП, ЖАҚСЫҒА ҮЙРЕНЕЙІК

1. Шама-шарқыңызды біліңіз

Бәлкім, сіз өзгерістердің бәрін бір пәсте жасап тастағыңыз келетін шығар. Мысалы, “осы аптадан бастап темекі шегуді, балағаттап сөйлеуді, кеш жатуды қоямын және жаттығу жасап, дұрыс тамақтануды бастаймын әрі ата-әжеме қоңырау шалатын боламын” деп ойлайсыз. Бірақ “әлін білмеген әлек” демекші, барлық мақсаттарыңызға бір уақытта талпынсаңыз, ешқайсысына да қол жеткізе алмай қалуыңыз мүмкін.

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Қарапайымдарға даналық тән” (Нақыл сөздер 11:2).

Қарапайым адам өз шамасын біледі. Ол уақыты, күші мен қаражаты шектеулі екенін мойындайды. Сондықтан ол өзгерістердің бәрін бірден емес, шетінен жасайды.

Барлық мақсаттарыңызға бір уақытта талпынсаңыз, ешқайсысына да қол жеткізе алмай қалуыңыз мүмкін

НЕ ІСТЕУІҢІЗГЕ БОЛАДЫ?

Өзгерістерді шамаңызға қарай жасағаныңыз абзал. Бұл ретте сізге келесі қадамдар көмектеседі:

  1. Екі тізім жасап алыңыз. Біреуіне қалыптастырғыңыз келетін жақсы әдеттерді, ал екіншісіне тастағыңыз келетін жаман әдеттерді жазып қойыңыз. Бірер әдетпен ғана шектелмей, мүмкіндігінше көп жазғаныңыз жақсы.

  2. Әдеттерді маңыздылығына қарай нөмірлеп шығыңыз.

  3. Әр тізімнен бір-екі әдетті таңдап, соларға ерекше көңіл бөліңіз. Сосын, келесі бірер әдетке көшіңіз.

Мұны тездету үшін жаман әдетті жақсысымен алмастырсаңыз болады. Айталық, жаман әдеттер тізімінде теледидарды көп көру тұр делік. Ал жақсы әдеттер тізімінде жақын адамдарыңызбен хабарласып тұру жазылған. Бәлкім, күнде жұмыстан келгенде, бірден теледидардың алдына жайғаса кетудің орнына досыңызбен не туысыңызбен хабарласып, жағдайын білуді мақсат еткіңіз келетін шығар.

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БАСҚА ДА КЕҢЕСТЕР

“Ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіңдер” (Філіпіліктерге 1:10).

“Істің бастамасынан гөрі соңы артық” (Уағыздаушы 7:8).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу