Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 82-мақала
  • Уақыт жетпейді, не істеймін?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уақыт жетпейді, не істеймін?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге уақытты жоспарлау керек?
  • Не істесең болады?
  • Қашықтан оқу тиімді болу үшін не істей аласың?
    Жастардың сауалдары
  • Эмоциялық жағынан қажып кетпес үшін не істеуге болады?
    Жастардың сауалдары
Жастардың сауалдары
ijwyp 82-мақала
Жас жігіт уақыты болмай, көңілі түсіп тұр, ол алдымен доп ойнады, теледидар көрді, кейін үй жұмысын жасауға қиналып отыр

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Уақыт жетпейді, не істеймін?

  • Неге уақытты жоспарлау керек?

  • Не істесең болады?

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Неге уақытты жоспарлау керек?

  • Уақыт ақша сияқты. Оны босқа жұмсасаң, керек кезде уақыт таппай қаласың. Ал керісінше дұрыс жұмсасаң, өзіңе ұнамды істерге уақыт қалады!

    Киелі кітап кеңесі: “Еріншек аңсайды, бірақ түгі жоқ, Ал ынталы жан жүрер тоқ” (Нақыл сөздер 13:4).

    Ойтүйін: Уақытты жоспарлау еркіндігіңді шектемейді, қайта, көбірек еркіндік береді.

  • Уақытты тиімді пайдалануды осы кезден үйреніп алсаң, өскенде мұның көп игілігін көресің. Кім біледі, болашақта жұмыс берушілер сені осы қабілетің үшін жұмыстан шығармай, алып қалар. Өзің ойлашы, егер сен бастық болсаң, үнемі кешігіп жүретін жұмысшыны жұмыста қалдырар ма едің, әлде кешікпейтін, ісін өз уақытында аяқтайтын жұмысшыны қалдырар ма едің?

    Киелі кітап кеңесі: “Кішкене нәрседе сенімді болған үлкен нәрседе де сенімді” (Лұқа 16:10).

    Ойтүйін: Уақытты қалай жұмсайтыныңа қарап, сенің қандай адам екеніңді білуге болады.

Шыны керек, уақытты дұрыс жоспарлап, оны ұстану оңай емес. Жоспарымызды құртатын кедергілер бар. Кейбірін қарастырайық.

1-кедергі: Достар

“Достарым бір жерге шақырса, уақытым болмай тұрса да, барамын. Шаруаларымды келген соң тез-тез істей салам деп ойлаймын. Бірақ бәрі мен ойлағандай бола бермейді, кейде ештеңеге үлгермей қаламын” (Синтия).

2-кедергі: Алаңдататын нәрселер

“Теледидар тура бір шаңсорғыш секілді. Неше түрлі шоулар, фильмдер арқылы сені бар күшімен өзіне тартады. Қарсы тұру қиынның қиыны” (Айви).

“Мен планшетте сағаттап отырып аламын. Қуаты бітіп, өшіп қалғаннан кейін ғана тоқтаймын, кейін соған өзім жаман боламын” (Мари).

3-кедергі: Кейінге ысыра беру

“Мен уақытымды босқа кетіріп, үй жұмысы мен басқа да істерді кейінге ысыра берем, сосын тақалғанда тапырақтап жүрем. Уақытымды дұрыс жоспарлай алмаймын” (Бет).

Жас жігіт уақытын дұрыс жоспарлағанына қуанып тұр, ол алдымен оқыды, үй жұмысын жасады, әрі доп ойнауға да уақыты қалды

Уақытты жоспарлау еркіндігіңді шектемейді, қайта, көбірек еркіндік береді.

Не істесең болады?

  1. Маңызды істердің тізімін жаса. Апта ішінде орындауың керек мектеп тапсырмалары мен үй тірліктерін жазып шық. Сосын қай тапсырмаға қанша уақыт кететінін жаз.

    Киелі кітап кеңесі: “Ненің маңыздырақ екеніне көз жеткіз” (Філіпіліктерге 1:10).

  2. Бос уақытыңда жасағың келетін істердің тізімін жаса. Олардың арасына әлеуметтік желіде отыру, теледидар көру сияқты істерді де қосып қой. Кейін апта сайын бұған қанша уақыт кететінін жазып қой.

    Киелі кітап кеңесі: “Дана болыңдар, уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар” (Қолостықтарға 4:5).

  3. Жоспар құр. Екі тізімді де қарап шық. Маңызды істерді жасауға уақытың жете ме? Бәлкім, саған демалуға жұмсайтын уақытты азайту керек шығар.

    Кеңес: Күнде істейтін істердің тізімін жасап, істегендеріңді белгілеп отыр.

    Киелі кітап кеңесі: “Ынталының жоспарлары табысқа жетелер” (Нақыл сөздер 21:5).

  4. Жоспарды ұстан. Маңызды істерді бітіру үшін кейде шақырылған жерден бас тартуға тура келеді. Бірақ кейін өзің байқайсың, маңызды істерің біткенде, ұнайтын істермен айналысуға көбірек уақытың болады.

    Киелі кітап принципі: “Еріншек болмай, істеріңді ынта-жігермен атқарыңдар” (Римдіктерге 12:11).

  5. Бейнет түбі — зейнет, бірақ асықпа. Тара есімді қыз былай дейді: “Кейде мен жоспарымдағы бір-екі тірлікті жасап болғасын, енді 15 минуттай теледидар көремін де, сосын жұмысымды жалғастырамын деймін. Бірақ 15 минутым жарты сағатқа, жарты сағатым 1 сағатқа ұласып, қалай 2 сағатым өтіп кеткенін байқамай қаламын!”

    Не істеуге болады? Әр күні міндетті түрде демалуға уақыт жұмсауым керек деп ойлама, қайта, демалыс сен үшін жұмыс аяқталғаннан кейін өзіңе жасайтын сыйлық болсын.

    Киелі кітап кеңесі: “Адам баласы үшін ішіп-жеп, бейнетінің зейнетін көріп, рақаттанудан артық ештеңе жоқ” (Уағыздаушы 2:24).

Құрдастарыңның ой-пікірі

Шейенна

“Мен істеуім керек істердің тізімін жазып қоямын. Күш жинап алу үшін де өзіме тыныш уақыт бөліп қоям. Жоспар құрғанның арқасында қай жерде өзімді тәртіпке салып, қай жерде босаңси алатынымды білемін” (Шейенна).

Самьюэл

“Мүмкіндігім жоқ не қолымнан келмейтін істерге жоқ деп айтуды үйрендім. “Жоқ” деп айту оңай емес, бірақ мен әдетте достарыма уақытым жоқ екенін, сондықтан өтініштерін дұрыстап істей алмайтынымды түсіндіремін. Жақсылап түсіндіргендіктен осы күнге дейін маған бірде-бір досым ренжімепті” (Самьюэл).

Бруклин

“Бұрын ісім басымнан асып, уақытым жетпей жатқанда ұйықтамай, жаттығу да жасамай қоятынмын. Бірақ ұйқымды қандырып, жаттығу жасауға аз болса да уақыт бөлсем, ісім өнімді болып, қуанып жүреді екем. Денсаулыққа қарауды ұмытпау керек” (Бруклин).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу