Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mrt 72-мақала
  • Шындықтың шыңына жету мүмкін бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шындықтың шыңына жету мүмкін бе?
  • Сан түрлі тақырыптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындық бар ма өзі?
  • Шындықты қалай табуға болады?
  • Өтірік қайдан шықты?
  • Неге бүгін өтірік арамшөпше қаулап кеткен?
  • Шындық не үшін қажет?
  • Құдай неге менің шындықты білгенімді қалайды?
  • Құдай өтіріктің түбіне балта шаба ма?
  • Шындықтың Құдайынан үлгі алыңдар
    2003 жылғы ағылшын тіліндегі “Күзет Мұнарасы” журналынан алынған зерттеуге арналған мақалалар
  • Шынайы мәсіхшілер рухпен және шындықпен ғибадат етеді
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Шындық жолыңда жүрейін”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Сан түрлі тақырыптар
mrt 72-мақала
Саясаткер жиналған жұртты үгіттеп жатыр.

Шындықтың шыңына жету мүмкін бе?

Шындық шырмалған мына заманда ақиқат пен жалғанның аражігін ажырату күннен-күнге қиын боп барады. Адамдар шындық пен фактілерден гөрі өздерінің сезімдері мен көзқарастарын жоғары қойып жатырa. Мысалы, соңғы кездері осы жағдайды дәл сипаттайтын “пост-шындық” деген ұғымды жиі естіп жүрміз. Бұл сөз шындықты табу мүмкін емес деген көпшіліктің көзқарасын айқын етеді.

Негізінде, бұл ұғым — жаңа ұғым емес. Шамамен 2 000 жыл бұрын Рим әміршісі Понти Пилат Иса пайғамбарды сынап-мінеп, одан: “Шындық деген не?”— деп сұраған еді (Жохан 18:38). Шындығында, Пилатты бұл сұрақтың жауабы қызықтырмаса да, оның қойған сұрағы өмірлік мәні бар сұрақ еді. Киелі кітап бұл сұраққа көңіл тоятындай жауап береді әрі ненің шындық, ненің жалған екенін ажыратуға көмектеседі.

Шындық бар ма өзі?

Иә, бар. Киелі кітапта “шындық” деген сөз нақты фактілерге әрі моральдық тұрғыдан дұрыс болып табылатын нәрселерге қатысты қолданылады. Киелі кітап абсолютті шындықтың қайнар көзі — Ехобаb Құдай деп үйретеді. Онда Ехоба “Шындықтың Құдайы” деп аталған (Зәбүр 31:5). Киелі кітапта Құдай ашқан шындықтар жазылған және онда шындық жарықпен салыстырылған. Шындық қара түнек басқан мына заманда жарық секілді бізді жетелеп жүреді (Зәбүр 43:3; Жохан 17:17).

Шындықты қалай табуға болады?

Құдай біздің соқыр сенімнің жетегінде кеткенімізді қаламайды. Қайта, Киелі кітаптың шындығына көз жеткізуге шақырады. Бұл үшін сезімдерімізге сүйенбей, ақыл-ойымызды іске қосуымыз керек (Римдіктерге 12:1). Сондай-ақ Ехоба біздің оны “барлық ақыл-ойымызбен сүйіп“, оған жақындағанымызды қалайды (Матай 22:37, 38; Елшілердің істері 17:11).

Өтірік қайдан шықты?

Өтіріктің бастауы — Құдайдың жауы Шайтан Ібіліс. Киелі кітапта ол “өтіріктің әкесі” деп аталған (Жохан 8:44). Ол алғашқы адам жұбына Құдай туралы жалған сөйледі (Мұсаның 1-жазбасы 3:1—6, 13, 17—19; 5:5). Содан бері Шайтан жоқты бар қылып, Құдай жайлы шындықты жасырып келеді (Аян 12:9).

Неге бүгін өтірік арамшөпше қаулап кеткен?

Киелі кітапта “соңғы күндер” деп аталған біздің заманымызда Шайтанның әсері күннен-күнге күшеюде. Сондықтан адамдар алдап-арбау үшін, пайда көру үшін беттері бүлк етпей өтірік айта береді (Тімөтеге 2-хат 3:1, 13). Көп діндер де өтірік айтады. Киелі кітапта біздің заманымыздағы адамдар жайлы “құлақтарына жағатынды айтатын ұстаздарды айналасына жинайды” және ”шындыққа құлақ салмайды” деп алдын ала айтылып кеткен (Тімөтеге 2-хат 4:3, 4).

Қолында Киелі кітап ұстаған дінбасыға жұрт қол соғып тұр.

Шындық не үшін қажет?

Шындық болмаса, адамдарға бір-біріне сенім арту қиын болады. Өзара сенім болмаса, достық та болмайды, қоғам да құлдырайды. Киелі кітаптың айтуынша, біздің ғибадатымыз шындыққа негізделу керек. Құдайдың да қалайтыны осы. Киелі кітапта: “[Құдайға] ғибадат ететіндер киелі рухқа және шындыққа сай ғибадат етуі тиіс”,— деп жазылған (Жохан 4:24). Киелі кітаптағы шындықтар сізге жалған діни ілімдерді анықтауға және олардың құрығынан шығуға көмектеседі. Бұл жайлы “Құдайдан алыстататын жалған ұғымдар” деген мақалалар топтамасынан оқи аласыз.

Құдай неге менің шындықты білгенімді қалайды?

Құдай сіздің құтқарылғаныңызды қалайды. Бұл үшін ол туралы шындықты білуіңіз шарт (Тімөтеге 1-хат 2:4). Егер Құдайдың дұрыс пен бұрысқа қатысты нормаларын біліп, оларды ұстанатын болсаңыз, оның досы бола аласыз (Зәбүр 15:1, 2). Адамдар шындықты білу үшін Құдай Иса пайғамбарды жерге жіберді. Сондықтан да біз Иса пайғамбардың өсиеттеріне құлақ асуымыз керек (Матай 17:5; Жохан 18:37).

Құдай өтіріктің түбіне балта шаба ма?

Құдай адамдардың өтірік айтып, бір-бірін пайдаланғандарын жек көреді. Ол өтірік айтуын қоймайтын адамдардың көзін құртамын деп уәде етеді (Зәбүр 5:6). Сонда “шыншылдың сөзі мәңгілік” деген сөздер жүзеге асады (Нақыл сөздер 12:19).

Шындық пен өтірік жайлы Киелі кітап тармақтары

Жохан 8:44: “[Ібіліс] — өтірікші әрі өтіріктің әкесі”.

Мағынасы: Алғаш рет өтірік айтқан — Шайтан Ібіліс. Барлық өтірік атаулы содан.

Нақыл сөздер 12:22: “Ехоба өтірік айтатын ауыздан жиіркенеді”.

Мағынасы: Құдайды жақсы көретін адам өтірікті ол сияқты жек көруі тиіс.

Жохан 4:24: “[Құдайға] ғибадат ететіндер киелі рухқа және шындыққа сай ғибадат етуі тиіс”.

Мағынасы: Құдай оған өзі туралы шындыққа сай ғибадат еткенімізді қалайды.

Жохан 8:32: “Шындық сендерді азат етеді”.

Мағынасы: Иса үйреткен шындықтар бізді надандықтан, ырым-жырымнан, діни өтіріктерден және тағы басқа көптеген нәрселерден азат етеді. “Шындық сізді азат етеді. Қалай?” (ор.) мақаласын қарап көріңіз.

Тімөтеге 1-хат 2:4: “[Құдай] әртүрлі адамдардың құтқарылғанын және шындық жайлы тура білім алғанын қалайды”.

Мағынасы: Құдай сіздің ол туралы шындықты біліп, құтқарылғаныңызды қалайды.

a 2016 жылы Оксфорд сөздігінде “пост-шындық” жыл сөзі деп жариялаған.

b Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18). “Ехоба деген кім?” деген мақаланы қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу