Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwbq 176-мақала
  • Киелі кітапта індеттер туралы не айтылған?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітапта індеттер туралы не айтылған?
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың жауабы
  • Киелі кітапта індеттер жайлы пайғамбарлық сөздер бар ма?
  • Құдай адамдарды ауру жіберіп жазалаған ба?
  • Бүгіндегі індеттер Құдайдың жазасы ма?
  • Індеттер болмайтын кез келе ме?
  • Аурулар мен індеттер туралы Киелі кітап тармақтары
  • Бізге жақсы заман керек!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • COVID індеті 6 миллион адамның өмірін жалмады. Бұған қатысты Киелі кітапта не айтылған?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Экономикалық теңсіздік мәселесі шешіле ме?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Қайғы-қасірет Құдайдың жазасы ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
ijwbq 176-мақала
Індеттің қаншалықты таралғаны көрсетілген Жердің суреті.

Киелі кітапта індеттер туралы не айтылған?

Киелі кітаптың жауабы

Киелі кітапта індеттердің болатыны алдын ала айтылған (Лұқа 21:11). Бірақ мұндай індеттер Құдайдың жазасы емес. Қайта, Құдай жақын арада өз Патшалығының көмегімен барлық ауру атаулыны, соның ішінде індеттерді жояды.

  • Киелі кітапта індеттер жайлы пайғамбарлық сөздер бар ма?

  • Құдай адамдарды ауру жіберіп жазалаған ба?

  • Бүгіндегі індеттер Құдайдың жазасы ма?

  • Індеттер болмайтын кез келе ме?

  • Аурулар мен індеттер туралы Киелі кітап тармақтары

Киелі кітапта індеттер жайлы пайғамбарлық сөздер бар ма?

Киелі кітапта COVID-19, ЖИТС, туберкулез, безгек не испан тұмауы сияқты нақты бір ауру не індет туралы айтылмаған. Бірақ онда індеттер мен эпидемиялардың болатыны алдын ала айтылған (Лұқа 21:11; Аян 6:8). Мұндай эпидемиялар — “соңғы күндердің” және “осы заманның аяқталып қалғанының” белгісі (Тімөтеге 2-хат 3:1; Матай 24:3).

Құдай адамдарды ауру жіберіп жазалаған ба?

Киелі кітапта Құдайдың адамдарға ауру жіберіп жазалағаны туралы бірнеше оқиға жазылған. Мысалы, ол кейбір адамдарды алапеске ұшыратқан (Мұсаның 4-жазбасы 12:1—16; Патшалар 2-жазба 5:20—27; Шежірелер 2-жазба 26:16—21). Бірақ бұл аурулар індерттер сияқты көпшілікке тарап, одан жазықсыз адамдар жапа шекпеген. Құдай тек өзіне қарсы шыққан адамдарды ғана осылай жазалаған.

Бүгіндегі індеттер Құдайдың жазасы ма?

Жоқ. Бүгінде кейбіреулер “Құдай аурулар мен індеттерді жіберіп, адамдарды жазалайды” деп айтады. Бірақ Киелі кітап мұндай ойды құптамайды. Не себепті?

Біріншіден, Құдайдың бұрынғы кей қызметшілері түрлі ауруларға шалдығып қиналған, қазір де солай. Мысалы, Құдайдың адал қызметшісі Тімөтенің асқазаны ауырған (Тімөтеге 1-хат 5:23). Бірақ Киелі кітапта ол Құдайдың ықыласынан айырылғандықтан ауырды деп еш жерде айтылмаған. Сол сияқты, бүгінде Құдайдың кейбір адал қызметшілері де ауырып қалуы не қандай да бір ауруды жұқтырып алуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда олар қолайсыз уақыт пен кездейсоқ жағдайға тап болғандықтан, осылай болып жатады (Уағыздаушы 9:11).

Бұған қоса, Киелі кітапта Құдайдың зұлымдарды жазалайтын уақыты әлі келмегені жазылған. Қайта, біз “құтқарылатын күні” өмір сүрудеміз. Құдай әрбір адамды өзіне жақындауға әрі құтқарылуға шақырып жатыр (Қорынттықтарға 2-хат 6:2). Бұл үшін ол қызметшілері арқылы дүниежүзі бойынша Патшалық жайлы ізгі хабарды таратып жатыр (Матай 24:14).

Індеттер болмайтын кез келе ме?

Иә. Киелі кітапта өте жақын арада ешбір адам ауырмайтын кез келетіні алдын ала айтылған. Патшалығы орнағанда Құдай адамдарды барлық ауруларынан айықтырады (Ишая 33:24; 35:5, 6). Ол қайғы-қасірет, ауру мен өлімді жоқ қылады (Аян 21:4). Сондай-ақ Құдай қайтыс болған адамдарды қайта тірілтеді. Олар жұмақ орнаған жер бетінде өмір сүріп, денсаулықтары мықты болады (Зәбүр 37:29; Елшілердің істері 24:15).

Аурулар мен індеттер туралы Киелі кітап тармақтары

Матай 4:23: “[Иса] бүкіл Ғалилея аймағын аралап, мәжілісханаларда тәлім беріп, Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздап, адамдарды түрлі ауру-сырқаудан сауықтырып жүрді”.

Мағынасы: Исаның жасаған кереметтері Құдай Патшалығының жуырда барлық адамзат үшін не істейтінін көрсетті.

Лұқа 21:11: “Індеттер болады”.

Мағынасы: Аурулардың кең етек жаюы соңғы күндері өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді.

Аян 6:8: “Қарадым да, сұп-сұр атты көрдім. Атта отырғанның есімі “Өлім” еді, оның соңынан өкшелеп көр келе жатты. Оларға... індетпен... өлтіруге билік берілді”.

Мағынасы: Төрт салт атты жайлы пайғамбарлық біздің күндерімізде эпидемиялардың болатынын білдіреді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу