Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwbq 177-мақала
  • Алтын ереже деген не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алтын ереже деген не?
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапта не делінген?
  • Алтын ереженің мәні неде?
  • Алтын ережені қолдансақ, қандай игілігін көреміз?
  • Алтын ереже “сен берсең, мен де беремін” дегенді білдіре ме?
  • Алтын ережені өмірде қалай қолдансақ болады?
  • “Алтын ереже”. Оны қолдануға болады
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Алтын ереже”. Жалпыға арналған өсиет
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қызметте “алтын ережені” ұстанайық!
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Алтын бұзау
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
ijwbq 177-мақала
Біреу алтын ереже деп аталатын Киелі кітап тармағын оқып отыр.

Алтын ереже деген не?

Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітапта “алтын ереже” деген тіркес кездеспейді. Десе де көп адам бұл тіркесті Иса үйреткен ережеге қатысты қолданады. Иса өзінің Таудағы уағызында: “Барлық істе басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер”,— деген (Матай 7:12; Лұқа 6:31).

  • Алтын ереженің мәні неде?

  • Алтын ережені қолдансақ, қандай игілігін көреміз?

  • Алтын ереже “сен берсең, мен де беремін” дегенді білдіре ме?

  • Алтын ережені өмірде қалай қолдансақ болады?

Алтын ереженің мәні неде?

Алтын ереженің мәні — өзгелер бізге қалай қарасын десек, оларға да солай қарау. Мысалы, барлық адам өзгелердің оларға құрметпен, мейіріммен, сүйіспеншілікпен қарағанын қалайды. Демек, біз де өзгелерге “солай істеуіміз” керек (Лұқа 6:31).

Алтын ережені қолдансақ, қандай игілігін көреміз?

Алтын ереженің игілігін өмірдің барлық саласында көруге болады. Егер оны қолдансақ...

  • некеміз мықты болады (Ефестіктерге 5:28, 33).

  • ата-аналар балаларына жақсы тәрбие бере алады (Ефестіктерге 6:4).

  • достарымыз, көршілеріміз, әріптестерімізбен жақсы қарым-қатынаста бола аламыз (Нақыл сөздер 3:27, 28; Қолостықтарға 3:13).

Алтын ережені “Көне өсиет” деп аталатын Еврей жазбаларының өзегі деуге болады. Иса алтын ережеге қатысты: “Мұса Заңы [Киелі кітаптың алғашқы бес кітабы] мен пайғамбарлар жазбаларының [пайғамбарлық кітаптар] мәні — осы”,— деген (Матай 7:12). Басқа сөзбен айтқанда, алтын ереже Көне өсиеттегі маңызды шындықты қамтиды, бұл — өзгені сүю (Римдіктерге 13:8—10).

Алтын ереже “сен берсең, мен де беремін” дегенді білдіре ме?

Жоқ. Алтын ереже негізінен бізді беруге талпындырады. Иса алтын ереже туралы айтқанда жалпы адамдарға ғана емес, тіпті жауларымызға да жақсылық жасау керектігін айтқан (Лұқа 6:27—31, 35). Демек, алтын ереженің мақсаты — адамдардың барлығына жақсылық жасау.

Алтын ережені өмірде қалай қолдансақ болады?

  1. 1. Байқампаз болыңыз. Айналаңыздағы адамдарға мұқият болыңыз. Мысалы, біреу сөмкесін көтере алмай келе жатыр, көршіңіздің ауруханаға түсіп қалғанын естідіңіз немесе жұмыстағы әріптесіңіздің көңіл күйі жоқ. Егер “басқалардың мүддесін ойласаңыз”, сол адамдарға жылы сөз айтудың не көмектесудің мүмкіндігін жібермейсіз (Філіпіліктерге 2:4).

  2. 2. Жанашыр болыңыз. Өзіңізді басқа адамның орнына қойып көріңіз. Оның қиындығы сіздің басыңызға түссе, не сезінер едіңіз? (Римдіктерге 12:15). Өзгелердің жағдайын түсінуге тырыссақ, оларға көмектесуге асық боламыз.

  3. 3. Икемделгіш болыңыз. Адамдар әртүрлі болып келеді. Біз қалағанды, басқалар қаламауы мүмкін. Сондықтан біреуге жақсылық жасағыңыз келсе, ол адам не істегенімді қалайды деп ойланып көріңіз (Қорынттықтарға 1-хат 10:24).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу