Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w16 ақпан 14—19 бет.
  • Ехобаға адал болайық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаға адал болайық
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БИЛІГІ БАР АДАМ ҚҰРМЕТІМІЗГЕ ЛАЙЫҚ ЕМЕСТЕЙ КӨРІНГЕНДЕ
  • КІМГЕ АДАЛ БОЛУ КЕРЕКТІГІН ШЕШКЕНДЕ
  • ЖАУАПТЫ БАУЫРЛАС БІЗДІ ДҰРЫС ТҮСІНБЕГЕНДЕ Я ӘДІЛЕТСІЗДІК ТАНЫТҚАНДА
  • УӘДЕМІЗДЕ ТҰРУ ҚИЫН БОЛҒАНДА
  • Жонатан “бәрін Құдайдың қолдауымен істеді”
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Батыл әрі адал Жонатан
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ехобаның адал қызметшілерінен үйренейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ехобаның айнымас сүйіспеншілігін бағалайсыз ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
w16 ақпан 14—19 бет.
Дәуітпен сөйлесіп отырған Жонатан

Ехобаға адал болайық

“Екеуміздің және сенің ұрпағың мен менің ұрпағымның арасында Ехоба мәңгіге куә болсын” (САМУИЛДІҢ 1-ЖАЗБАСЫ 20:42).

ӘНДЕР: 31, 62

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Саул патшаның ұлы Жонатан қалай Ехобаға адал болды?

  • Билігі бар адам құрметімізге лайық еместей көрінгенде, қалай Құдайға адал бола аламыз?

  • Өзгелер бізді дұрыс түсінбесе я әділетсіздік танытса, қалай Ехобаға адал бола аламыз?

1, 2. Неліктен Жонатанның Дәуітпен дос болғаны адалдықтың керемет үлгісі деуге болады?

ЖОНАТАН жүрек жұтқан жас жігіт Дәуітке қарап таңғалса керек. Ол Дәуіттің філістірлік Ғолиятты сұлатып салып, оның басын әкесі Саул патшаға әкеліп бергенін көрді (Самуилдің 1-жазбасы 17:57). Сонда Жонатан Құдайдың Дәуітке жар екеніне еш күмәнданбады. Міне, содан бері екеуі жан дос болды. Олар бір-біріне мәңгі бақи адал болуға серт байласты (Самуилдің 1-жазбасы 18:1—3). Сертіне берік болған Жонатан өле-өлгенше Дәуітке адалдық сақтады.

2 Ехоба Исраилдің келесі патшасы етіп өзін емес, Дәуітті таңдаса да, Жонатан досына адал болып қала берді. Бірде Саул Дәуітті өлтірмек болғанда, ол досын ойлап уайымдады. Жонатан Дәуіттің Хореш шөлінде жүргенін білетін. Сөйтіп, сол жаққа барып, Дәуітті Ехобаға талмай арқа сүйеуге талпындырды. “Қорықпа, әкемнің қолына түспейсің. Сен Исраилдің патшасы, ал мен сенен кейінгі екінші адам боламын”,— деді ол (Самуилдің 1-жазбасы 23:16, 17).

3. Жонатан ең алдымен кімге адал болды және мұны қайдан білеміз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)

3 Біз әдетте адамдардың бір-біріне танытқан адалдығына тәнті болып жатамыз. Бірақ бізді Жонатанның Дәуітке деген адалдығы ғана тәнті ете ме? Жоқ, өйткені Жонатан ең алдымен Құдайға адал болды. Міне, осы себептен де ол Дәуітке адал болып, өзінің орнына патша болатынына іштарлық қылмады. Тіпті оны Ехобаға арқа сүйеуге талпындырды. Олар екеуі де Ехобаға және бір-біріне соңына дейін адал болып қалды. “Сенің ұрпағың мен менің ұрпағымның арасында Ехоба мәңгіге куә болсын” деп серттескен олар осы уәделерінен таймады (Самуилдің 1-жазбасы 20:42).

4. a) Шынайы бақыт пен қанағатқа қай кезде қол жеткіземіз? ә) Бұл мақалада нені қарастырамыз?

4 Бүгінде біз де отбасымызға, достарымыз бен қауымдағы бауырластарға адал болуға тиіспіз (Салоникалықтарға 1-хат 2:10, 11). Ал ең бастысы, Ехобаға адал болуымыз керек. Өйткені ол бізге өмір берді! (Аян 4:11). Егер оған адал болсақ, шынайы бақытқа қол жеткізіп, қанағат сезінеміз. Бірақ тіпті басымызға қиын жағдай туғанда да біз оған адалдық сақтауымыз керек. Бұл мақалада Жонатанның үлгісі өміріміздің келесі төрт саласында Ехобаға адал болып қалуға қалай көмектесетінін қарастырамыз: 1) билігі бар адам құрметімізге лайық еместей көрінгенде; 2) кімге адал болу керектігін шешкенде; 3) қауымда жетекшілік ететін бауырлас бізді дұрыс түсінбегенде я әділетсіздік танытқанда; 4) берген уәдемізді орындау қиын болғанда.

БИЛІГІ БАР АДАМ ҚҰРМЕТІМІЗГЕ ЛАЙЫҚ ЕМЕСТЕЙ КӨРІНГЕНДЕ

5. Саулдың тұсында Исраил халқы үшін Құдайға адал болу неге қиын болды?

5 Жонатан мен Исраил халқы қиын жағдайға тап болды. Жонатанның әкесі Саул патша тілазарлық танытқандықтан, Ехоба одан бас тартты (Самуилдің 1-жазбасы 15:17—23). Десе де Құдай оның содан кейін де жылдар бойы билік ете беруіне жол берді. Сондықтан “Ехобаның тағында отырған” патша жаман істер жасап жатқанда, халыққа Құдайға адал болу қиынға соқты (Шежірелер 1-жазба 29:23).

6. Жонатанның Ехобаға адал болғаны неден көрінеді?

6 Жонатан Ехобаға адал болды. Саул Құдайға мойынсұнбай қойғаннан кейін, көп ұзамай Жонатанның не істегенін көрейік (Самуилдің 1-жазбасы 13:13, 14). Сол уақытта філістірлердің 30 000 соғыс арбасынан тұратын үлкен әскері Исраилге қарсы аттанған болатын. Ал Саулдың жасағы небәрі 600 сарбаздан тұрды. Оның үстіне, Саул мен Жонатан екеуінен басқа ешкімде қару болмады. Бірақ Жонатан үрейге бой алдырмады. Самуил пайғамбардың “Ехоба ұлы есімі үшін халқын тастамайды” деген сөздері оның есінде еді (Самуилдің 1-жазбасы 12:22). Жонатан қасындағы сарбазға: “Ехоба құтқарам десе, адамның аз-көптігіне қарамайды”,— деді. Содан екеуі бір топ філістірлерге шабуыл жасап, олардың жиырма шақтысын сұлатып салды. Жонатан Ехобаға сенім артқандықтан, Құдай оған жар болып, жерді сілкіндіріп, філістірлердің үрейін ұшырды. Сонда олар бір-біріне бас салып, өлтіре бастады. Сөйтіп, исраилдіктер жеңіске жетті (Самуилдің 1-жазбасы 13:5, 15, 22; 14:1, 2, 6, 14, 15, 20).

7. Жонатан әкесіне қалай қарады?

7 Саул бұдан кейін де Ехобаның тілін алмады. Соған қарамастан Жонатан мүмкіндігінше әкесіне мойынсұна берді. Мысалы, ол Ехобаның халқын қорғау үшін әкесімен бірге соғысқа шықты (Самуилдің 1-жазбасы 31:1, 2).

8, 9. Билігі бар адамдарды құрметтеуімізбен қалай Құдайға адал боламыз?

8 Жонатан сияқты, біз де өзіміз тұратын елдің билік иелеріне мүмкіндігінше мойынсұну арқылы Ехобаға адал бола аламыз. Ехоба олардың бізге билік етуіне жол берді, сондықтан оларға құрмет көрсетуімізді талап етеді (Римдіктерге 13:1, 2 оқыңыз). Тіпті мемлекет қызметкері пайдақұмарлығы үшін құрметімізге лайық еместей көрінсе де, біз оған сый-құрмет көрсетуіміз керек. Негізінде, біз Ехоба билік берген барлық адамдарға құрметпен қарауға тиіспіз (Қорынттықтарға 1-хат 11:3; Еврейлерге 13:17).

Әйел бауырлас екі баласымен уағызға кетпес бұрын, гольф ойнауға бара жатқан күйеуімен қоштасып тұр

Жұбайымыз Ехобаға қызмет етсін-етпесін, оған құрмет көрсету арқылы Ехобаға адал екенімізді көрсетеміз (9-абзацты қараңыз)

9 Оңтүстік Америкада тұратын Оливия есімді бауырлас өзіне қысым көрсеткен күйеуін құрметтеу арқылы Ехобаға адалдық танытты[1] (19-беттегі сілтемені қараңыз). Ехоба куәгері болғаны үшін күйеуі кейде онымен сөйлеспей қоятын және жанын жаралайтын сөздер айтатын. Тіпті үйден кетіп, балаларды өзімен бірге әкететінін айтып қорқытатын. Бірақ Оливия “жамандыққа жамандықпен қайтармады”. Ол жақсы әйел болу үшін барын салды. Күйеуінің тамағын әзірлеп, киімін жуып, оның туыстарының да қамын жасап жүрді (Римдіктерге 12:17). Сондай-ақ мүмкін болса, күйеуімен бірге оның туыстары мен достарына барып тұрды. Бірде күйеуінің басқа қалада тұратын әкесі дүние салғанда, Оливия керек-жарақтың бәрін дайындап, күйеуімен бірге жолға шықты. Ал кейін шіркеуде жерлеу рәсімі өтіп жатқан кезде күйеуін сыртта күтіп тұрды. Бауырласымыз зор шыдамдылық танытып, күйеуін әрдайым құрметтегендіктен, араға жылдар салып, күйеуі оған жылы қабақ таныта бастады. Ал қазір тіпті өзі Оливияға қауым кездесулеріне барып тұруды айтады. Оны Патшалық сарайына апарып, кейде өзі де жиналыстарға қатысып тұрады (Петірдің 1-хаты 3:1).

КІМГЕ АДАЛ БОЛУ КЕРЕКТІГІН ШЕШКЕНДЕ

10. Жонатан кімге адал болу керектігін шешкенде нені ескерді?

10 Саул Дәуітті өлтірмек ойы бар екенін айтқанда, Жонатан өзін жолайрықта тұрғандай сезінген болар. Ол әкесіне де, Дәуітке де адал болғысы келді. Бірақ Жонатан Құдайдың Саулға емес, Дәуітке жар екенін білетін, сондықтан ол Дәуітке адал болуды шешті. Сөйтіп, Дәуітке қашып кетуге кеңес берді, ал әкесінің алдында оны жақтап сөйледі (Самуилдің 1-жазбасы 19:1—6 оқыңыз).

11, 12. Құдайды жақсы көргеніміз оған адал болуға қалай көмектеседі?

11 Австралияда тұратын Алиса есімді бауырласымызға кімге адал болу керектігін шешу қажет болды. Ол Киелі кітапты зерттеп жүргенде, білгендерін үй ішіндегілеріне айтып беретін. Кейінірек оларға Рождествоны тойламайтынын айтып, себебін түсіндірді. Алғашында үй ішіндегілерінің бұған көңілі түсіп, артынан қатты ашулары келді. Оларға Алиса өздерінен теріс айналып кеткендей көрінді. Содан анасы оны енді қайтып көргісі келмейтінін айтты. Алиса былай дейді: “Бұл сөздерді естігенде, төбеме жай түскендей болды. Отбасымды өте жақсы көргендіктен, анамның сөзі жаныма қатты батты. Бірақ Ехоба мен оның Ұлын жүрегімде басты орынға қоюға бел байлаған едім. Сөйтіп, келесі конгресте шомылдыру рәсімінен өттім” (Матай 10:37).

12 Қандай да бір спорт командасына, мектепке, елге не тағы басқа нәрсеге деген адалдығымыз біртіндеп Ехобаға деген адалдығымыздан айырмас үшін абай болуымыз керек. Генри есімді бауырластың мысалын қарастырайық. Ол шахмат ойнауды ұнататын және мектептің атынан жарысқа қатысып жеңіске жеткісі келетін. Әр демалыс сайын мектепте шахмат ойнағандықтан, ол уағыз бен қауым кездесулеріне салғырт қарай бастады. Генридің айтуынша, оның мектепке деген адалдығы Құдайға деген адалдығынан маңыздырақ болып кетті. Сол себепті ол мектептің атынан ендігәрі шахмат ойнамауды шешті (Матай 6:33).

13. Құдайға адал болғанымыз отбасындағы қиындықты шешуге қалай көмектеседі?

13 Кейде отбасы мүшелерінің бәріне бірдей адал болу қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, Кен есімді бауырлас былай дейді: “Мен қарт анама жиі барып тұрғым келетін және ол да ара-тұра бізге келіп тұрса екен дейтінмін. Бірақ анам мен әйелім бір-бірімен тіл табыса алмайтын. Біреуіне жағуға тырыссам, екіншісі маған ренжіп қалатын”. Кен Киелі кітапта не жазылғаны жайлы ойланып, бұл жағдайда бірінші кезекте әйелінің көңілінен шығып, оған адал болу керектігін түсінді. Содан ол әйелінің көңілі толған шешім қабылдады. Бірақ әйеліне өз енесіне мейіріммен қарауы қажет екенін айтып түсіндірді. Сондай-ақ анасына да келінін неге құрметтеуі қажет екенін айтты (Мұсаның 1-жазбасы 2:24; Қорынттықтарға 1-хат 13:4, 5 оқыңыз).

ЖАУАПТЫ БАУЫРЛАС БІЗДІ ДҰРЫС ТҮСІНБЕГЕНДЕ Я ӘДІЛЕТСІЗДІК ТАНЫТҚАНДА

14. Саул Жонатанға қалай әділетсіздік танытты?

14 Қауымда жетекшілік ететін бауырлас бізге әділетсіздік танытса да, Ехобаға адал болып қала аламыз. Саул Құдай тағайындаған патша болатын, сөйтсе де ол өзінің ұлына әділетсіздік танытты. Ол Жонатанның Дәуітке неге бауыр басып қалғанын түсіне алмады. Сондықтан Жонатан Дәуітке көмектеспек болғанда, Саул ашуға мініп, ел алдында ұлының абыройын төкті. Бұған қарамастан Жонатан әкесін әрі қарай да құрметтей берді. Сондай-ақ Ехобаға да, Исраилдің келесі патшасы ретінде таңдалған Дәуітке де адал болып қалды (Самуилдің 1-жазбасы 20:30—41).

15. Егер жауапты бауырлас бізге әділетсіздік танытса, бұған қалай қарағанымыз жөн?

15 Бүгінде қауымдағы жауапты ер бауырластар бәріне бірдей әділ болуға тырысады. Әйтсе де олар кемелсіз болғандықтан, біздің кейбір әрекетімізді түсінбей қалуы мүмкін (Самуилдің 1-жазбасы 1:13—17). Кейде олар бізді дұрыс түсінбей, қате тұжырым жасап жатса да, Ехобаға адал болып қала берейік.

УӘДЕМІЗДЕ ТҰРУ ҚИЫН БОЛҒАНДА

16. Қандай жағдайларда өз мүддемізді ойламай, Ехобаға адал болғанымыз жөн?

16 Саул өзінен кейін Дәуіттің емес, Жонатанның патша болғанын қалады (Самуилдің 1-жазбасы 20:31). Бірақ Жонатан Ехобаны жақсы көргендіктен, оған адал болғысы келді. Сондықтан ол өз мүддесін ойламай, Дәуітпен достасып, оған берген уәдесінде тұрды. Шын мәнінде, Ехобаны жақсы көретін әрі оған адал болғысы келетін адам “өзіне залал келсе де, уәдесінен таймайды” (Зәбүр 15:4). Құдайды жақсы көргендіктен, біз өз сөзімізде тұрамыз. Мысалы, біреумен келісімшартқа отырған болсақ, ондағы талаптарды орындау кейін қиын болып кетсе де, біз оларды орындаймыз. Ал некеде қиындықтарға кезігіп жатсақ, жұбайымызға адалдық сақтап, Ехобаны жақсы көретінімізді көрсетеміз (Малахи 2:13—16 оқыңыз).

Бір ер адам ерлі-зайыптылармен келісімшартқа отырып, артынан орындау қиынға соғатынын түсініп тұр

Құдайға адал болғандықтан, біз жасасқан келісімшарттағы талаптарды орындаймыз (16-абзацты қараңыз)

17. Бұл мақаланың сіз үшін қандай пайдасы болды?

17 Біз де Жонатан сияқты тіпті қиын жағдайда да Ехобаға адал болып қалғымыз келеді. Олай болса, бауырластар көңілімізді қалдырған кезде де оларға адалдық танытайық. Сонда Ехобаның жүрегін қуантамыз, ал бұл бізді анағұрлым бақытты етеді (Нақыл сөздер 27:11). Ехобаға адал болсақ, оның біздің игілігіміз үшін бәрін жасайтынына сенімді бола аламыз. Келесі мақалада Дәуіттің заманындағы Ехобаға адалдық сақтаған және сақтамаған адамдар жайлы сөз етіледі.

^ [1] (9-абзац) Кейбір есімдер өзгертілген.

КЕЙБІР ТІРКЕСТЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ:

  • Ехобаға адал болу: Біз Ехобаны жақсы көреміз және оған үнемі мойынсұнамыз. Қиын жағдайларға кезіккенде, оның бізден нені қалайтыны жайлы ойланып, оған құлақ асамыз. Өйткені біз Ехобаны бәрінен де артық жақсы көреміз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу