Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 132—133 бет.
  • Мен басыма бақ қонғандай сезімде едім

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мен басыма бақ қонғандай сезімде едім
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапта не айтылғанын мен өз көзіммен көрдім
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ол Ехобадан басшылық сұрады
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Өмірімді қатты өзгерткім келді
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 132—133 бет.

ГРУЗИЯ

Мен басыма бақ қонғандай сезімде едім

Мадона Канкия

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1962

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1990

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Бұрын Грузияның Коммунистік Партиясының мүшесі болған. Мадона талай адамның шындыққа келуіне көмектесті. 2015 жылы Тбилисиде өткен Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептің бірінші сыныбында оқыды.

Мадона Канкия

1989 жылы шындық жайлы естігенде, өзім туып-өскен Сенаки қаласының Коммунистік Партиясының беделді мүшесі едім. Мен бүгіндегі парламентке теңеуге болатын Грузияның Жоғарғы Кеңесінде жиі отыратынмын. Атастырылып қойған жігітім де бар еді. Сондықтан өзімді басыма бақ қонған адамдай сезіндім.

Әкем мен анам жүрегіме Құдайға деген сүйіспеншілік ұялатқан еді. Сондықтан коммунист болсам да, Құдайға сенетінмін. Киелі кітапты зерттей бастағанымда, барлық сұрақтарыма қанағаттандырарлық жауап таптым. Бұл мені Ехобаға бағышталуға талпындырды. Бірақ отбасым мен жора-жолдастарым да, әріптестерім де, жігітім де менің шешіміме қарсы болды.

Жаңа ұстанымым үшін отбасым менен бас тартты. Сенімім саяси мансабыма да қайшы еді. Мен ең дұрысы — үйден кету, жігітіммен қатынасты үзу, жұмыстан да, Коммунистік Партия мен Жоғарғы кеңестің мүшелігінен де шығу деген тоқтамға келдім. Шомылдыру рәсімінен өткен соң, достарым мен отбасының қысымы күшейе түсті. Туған қалам Сенакиде жұрт мені жақсы танитындықтан, біраз шу болды. Сондықтан мен Кутаисиге көштім де, бірден ізашар болып қызмет ете бастадым.

Басқалар менен “сенімің басыңа түскен қиындықтардың орнын толтырды ма?” деп сұраса, ойланып жатпастан, қабылдаған шешіміме еш өкінбейтінімді айтамын. Ата-анам мен таңдаған жолды түсінбейді, әйтсе де жүрегіме Құдайға және өзгелерге деген сүйіспеншілік ұялатқаны үшін мен оларға ризамын. Мұның өмірде маған зор көмегі тиді.

Мадона Канкия бір әйелмен Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізіп жатыр
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу