Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 130—131 бет.
  • Осы уақытқа дейін қайда болдыңдар?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Осы уақытқа дейін қайда болдыңдар?
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Ғасырлар бойы жасырын болған қазына
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітапта не айтылғанын мен өз көзіммен көрдім
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Мәсіхшілердің сүйіспеншілігі ешқашан сарқылмайды
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Шомылдыру рәсімінің үміткерлеріне арналған қорытынды сұрақтар
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
Көбірек мәлімет
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 130—131 бет.

ГРУЗИЯ

Осы уақытқа дейін қайда болдыңдар?

Артур Герехелия

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1956

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1991

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Шомылдыру рәсімінен өткен соң, небәрі сегіз айдан кейін үй-жайы мен өркендеп жатқан ісін тастап, қажеттілік бар жерге қызмет етуге кеткен.

Артур Герехелия

БАУЫРЛАСТАР менен “қызметіңнің аясын кеңейткің келе ме?” деп сұрағанда, шомылдыру рәсімінен өткеніме көп болмаған еді. 1992 жылы 4 мамырда мен қажеттілік бар жерге көшуге ықыласты бауырластарға арналған кездесуде болдым. Ал келесі күні қызметтес серігім екеуміз Аджария аймағындағы Батуми портына жол тарттық.

Батумиде алғаш уағызға шыққанда, қатты қобалжыдым. Мен: “Әңгімені қалай бастаймын?”— деп ойладым. Уағызды бір әйелден бастадым, шындықтың оған қалай әсер еткені мені қайран қалдырды. Ол: “Осы уақытқа дейін қайда болдыңдар?”— деді. Оның Куәгерлер туралы білгісі келгені сонша — келесі күні-ақ онымен зерттеу сабағын бастадық!

Батумиге келмес бұрын, бізде бірнеше қызығушының мекенжайы бар еді. Қаланы жақсы білмегендіктен біз көшедегі адамдардан жол сілтеп жіберуін сұрадық. Біраз көшелердің аттары ауысып кеткендіктен көбісі нақты ештеңе айта алмады, бірақ хабарымызды жақсы тыңдады. Көп ұзамай біз 10—15 адам боп жиналатын топтармен Киелі кітапты зерттей бастадық.

Қалаға келгенімізге небәрі төрт ай болғанда қауымға 40-тан аса адам үзбей келіп тұратын. Сондықтан бізді “Мына адамдардың қамын кім жасайды?” деген сұрақ мазалай берді. Ол кезде Грузия әскері мен абхаз сепаратистерінің арасында қақтығыс болып жатқан еді. Сол себепті менің бұрынғы қауымымдағылардың бәрі Батумиге көшіп келді. Осылай бір күнде тәжірибелі ақсақалдары мен ізашарлары бар қауым пайда болды!

Бір топ адаммен Киелі кітапты зерттеу сабағы
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу