Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 89—97 бет.
  • Алғаш боп шындықты іздегендер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алғаш боп шындықты іздегендер
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • Ол әділдікті аңсады
  • Батаға айналған бақытсыздық
  • Ехоба оның дұғасына жауап берді
  • Батыс Грузияда шындықтың тамыр жаюы
  • “Мен қызыға тыңдадым”
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 89—97 бет.
1989 жылы Грузияның Сухуми маңындағы жағалауда өткен қауым кездесуі

Жағалауда қауым өтіп жатыр (Сухуми, 1989 жыл)

ГРУЗИЯ | 1924—1990

Алғаш боп шындықты іздегендер

КИЕЛІ КІТАП ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ 1920 жылдары Грузиядағы шындыққа сусаған жандарды табуға тырысқан. 1924 жылы Бейрут қаласында (Ливан) ашылған офиске Армения, Грузия, Сирия, Түркия сияқты тағы басқа елдерде уағыз ісін ұйымдастыру тапсырылды.

Сол жылдары Грузияда шындық тұқымы себілгенмен, жемісі бірден байқала қойған жоқ (Мат. 13:33). Бірақ уақыт өте келе Патшалық туралы хабар кең етек алып, талай адамның өмірін өзгертті.

Ол әділдікті аңсады

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Васо Квениашвили 14 жаста еді. Грузия Кеңес Одағының құрамына кіргендіктен, оның әкесі көп ұзамай Кеңес армиясына алынды. Ол кезде Васоның анасы қайтыс болып кеткен еді. Үйдің үлкені болғандықтан Васоға екі інісі мен қарындасын асырау үшін ұрлықты кәсіп етуге тура келді.

Васо бір бандыға қосылады да, ақырында ұйымдасқан қылмыстық топтан бір-ақ шығады. Ол былай дейді: “Маған үкімет пен қоғамға қарағанда, қылмыс әлемінде әділдік бардай көрінді”. Алайда көп ұзамай-ақ Васо іздеп жүрген нәрсесін адамдар арасынан табу мүмкін емес екенін түсінді. Ол: “Менің аңсағаным әділдік еді”,— деді.

Васо Квениашвили (1964 жыл)

Васо Квениашвилидің 1964 жылы түрмеден шыққан соң көп ұзамай түскен суреті

Содан Васо сотталып, Сібірдегі еңбекпен түзету лагеріне жіберіледі. Сол жерде ол сенімі үшін айдалған бір Ехоба куәгерімен танысады. “Ақыры мен іздегенімді таптым,— дейді Васо.— Қолымызда әдебиет деген атымен жоқ еді, әйтсе де мен әлгі бауырластың шындық туралы айтқандарын қалт жібермеуге тырыстым”.

1964 жылы бостандыққа шыққан соң, Васо Грузияға оралып, Ехоба куәгерлерін іздей бастайды. Сол аралықта ол түрмеде бірге отырған әлгі бауырласпен хабарласып тұрады. Бірақ адал досы қайтыс болып, Васоның Құдай халқымен байланысы үзіліп қалады. Куәгерлерді қайта кездестіру үшін оған жиырма жылдай күтуге тура келеді. Бұл жайлы кейінірек білеміз.

Батаға айналған бақытсыздық

Ормандағы қауым кездесуі

Орманда қауым өтіп жатыр

Валентина Миминошвили деген жас қыздың нацистердің концлагеріне түскені батаға айналды. Ол сол жерде алғаш рет Ехоба куәгерлерін кездестірді. Олардың мызғымас сенімі жас қызға қатты әсер етті. Киелі кітап жайлы естігендері оны бейжай қалдырмады.

Соғыстан кейін үйіне оралған Валентина өзі білген шындықты өзгелерге айта бастайды. Бірақ көп ұзамай-ақ мұны байқаған үкімет басшылары оны он жылға соттап, Ресейдегі еңбекпен түзету лагеріне айдайды. Сол жерде ол тағы да Ехоба куәгерлерін кездестіреді. Ал кейінірек шомылдыру рәсімінен өтеді.

Валентина 1967 жылы түрмеден шығып, батыс Грузияға көшеді. Ол қайтадан уағыздай бастайды. Бұл ісі біреудің жүректен шыққан дұғасына жауап болатыны оның қаперінде де жоқ еді.

Ехоба оның дұғасына жауап берді

Антонина Гудадзе деген бауырластың күйеуі Куәгер емес еді. 1962 жылы күйеуі өз еліне оралуды шешіп, олар Сібірден Грузияға көшіп келеді. Сібірде туған Антонина шындықты сонда айдалған Куәгерлерден білген еді. Ал енді олар тұрып жатқан шығыс Грузияның Хашури қаласында бауырластар жоқ еді.

Гудадзе отбасы (1960 жыл)

Гудадзе отбасы (1960 жылдар)

Антонина дұғаларына Ехобаның қалай жауап бергенін есіне алып былай деді: “Бірде Сібірде тұратын анамнан пошта арқылы сәлемдеме келді. Ол мұқият жасырып, әдебиеттер салып жіберіпті. Осылай алты жыл бойы рухани ас алып тұрдым. Беріп жатқан рухани басшылығы, жігер мен қамқорлығы үшін Ехобаға үнемі алғысымды айтатынмын”.

Әйтсе де Антонина әлі де жалғыз еді. Ол былай деді: “Мен Ехобаға дұға етіп, бауырластармен қайта қауыштыруын сұраумен болдым. Содан бір күні мен сатушы болып істейтін дүкенге екі әйел келді. Олар: — Сіз Антонинасыз ба?— деп сұрады. Мейірім үйірілген жүздеріне қарап, бауырластар екенін бірден түсіндім. Біз құшақтасып, көзімізге жас алдық”.

Сол бауырластардың бірі Валентина Миминошвили еді. Батыс Грузияда қауым өтіп тұратынын білгенде, Антонинаның қалай қуанғаны айтпаса да түсінікті! Үйінен үш жүзден аса шақырымдай жерге жол жүру керек болса да, ол айына бір рет қауымға барып тұратын болды.

Батыс Грузияда шындықтың тамыр жаюы

1960 жылдары өз елдерінде үкімет басшыларының тарапынан қуғынға ұшыраған кей бауырластар қолайлы болып көрінген Кеңес Одағының басқа елдеріне көшті. Солардың бірі құлшынысы мен жігері жалындап тұрған Владимир Гладюк еді. Ол 1969 жылы Украинадан батыс Грузияның Зугдиди қаласына көшіп келді.

Люба мен Владимир Гладюк

Люба мен Владимир Гладюк

Грузияға көшіп келгендер бастапқыда қауымды орыс тілінде жүргізетін. Бірақ қауымға үзбей келетін грузиндердің саны артқан соң, кездесулер грузин тілінде өту үшін қам жасалды. Шәкірт дайындау ісі өте жемісті болып, 1970 жылдың тамыз айында жергілікті 12 адам шомылдыру рәсімінен өтті.

1972 жылы Владимир отбасымен Қара теңіздің жағалауында орналасқан шалғай батыстағы Сухуми қаласына көшеді. Владимир: “Біз рухани бай едік, сондықтан батасын төгіп жатқан Ехобаға алғысымыз шексіз болды. Қауым жылдам өсіп жатты”,— деп әңгімеледі. Сол жылы көктемде Сухумиде алғаш рет Еске алу кеші өткізілді. Кешке 45 адам келді.

“Мен қызыға тыңдадым”

Бүгінде тоқсаннан асқан Бабуца Джеджелава 1973 жылы Сухумиде ә дегеннен шындықты қабылдағандардың бірі еді. Сол заманды есіне алып, ол былай деді: “Бірде қызу әңгімелесіп жатқан төрт әйелді көзім шалды. Олардың екеуі монах әйел, ал екеуі, кейін білгенімдей, Ехоба куәгері екен”. Куәгерлердің бірі Владимир Гладюктің әйелі Люба, ал екіншісі жалындап тұрған украиналық ізашар Итта Сударенко болатын.

Бабуца Джеджелава (1979 бен 2016 жыл)

Бабуца Джеджелава (1979 бен 2016 жыл)

Бабуца олардың әңгімелерін қызыға тыңдағанын айтты. Ал Құдайдың есімі бар екенін естігенде, ол әлгі әйелдердің әңгімесіне киліге кетіп, оны Киелі кітаптан көрсетуді сұрайды. Бабуца сұрақты оқша боратқандықтан, әңгімелері үш сағатқа жалғасады.

Куәгерлермен қайтып кездеспей қаламын деп қорыққан Бабуца олардан: “Осылай мені тастап кете саласыңдар ма?”— деп сұрайды.

Бауырластар: “Жоқ, тастамаймыз. Келесі сенбі күні қайтып келеміз”,— деп жауап береді.

Келесі аптада бауырластар қайтып келеді. Бабуцаның қуанышында шек болмады! Осылай зерттеу сабағы басталып кетті. Зерттеу аяқталуға таяғанда, Бабуца Құдай халқынан қол үзіп қаламын ба деп тағы қобалжи бастады. Сондықтан ол: “Бұларды тапқаным күні кеше, енді айырылып қалмау керек”,— деп ойлайды.

Содан ол бір жоспар құрады. Бұны ол былай әңгімеледі: “Любаның күйеуі бар екенін білетінмін, сондықтан Иттаның күйеуге шыққан-шықпағанын сұрадым. Ол күйеуі жоқ екенін айтқанда: — Онда менің қасыма көшіп кел!— дедім.— Екі төсек бар, арасына шам қойылған. Киелі кітапты шамның астына қойып қоямыз да, түні бойы әңгімелесе береміз”. Итта бұған келісіп, Бабуцаның пәтеріне көшіп келеді.

Сол кездерді есіне алып, Бабуца былай дейді: “Білгендерім туралы ойланып жатып, ұйықтай алмайтын кездерім болатын. Ойыма бір сұрақ келе қалса, мен Иттаны оятып: — Итта, Киелі кітабыңды ал, менің сұрағым бар,— дейтінмін. Ол көзін уқалаған күйі: — Сұрай беріңіз,— дейтін. Сосын Киелі кітаптан жауабын оқып беретін”. Итта көшіп келген соң, Бабуца үш күннен кейін-ақ ізгі хабарды уағыздап жүрді!

Бабуцаның Натела Чаргеишвили деген құрбысы бар еді. Бабуца: “Байлығы шындыққа келуіне кедергі болатын шығар деп ойладым. Қуанышқа орай, олай болмай шықты. Алғаш сөйлескенімізден-ақ, оның жүрегінде шындық оты жалындай бастады”,— деп есіне алды. Көп ұзамай екеуі де достары мен әріптестеріне, көршілеріне шындық жайлы айтуға кірісіп кетті.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу