Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 84—88 бет.
  • Грузия туралы жалпы мағлұмат

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Грузия туралы жалпы мағлұмат
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 84—88 бет.
Грузиядағы Жоғарғы Сванетия облысының тұрғындары

Жоғарғы Сванетия

ГРУЗИЯ

Грузия туралы жалпы мағлұмат

Бір себет жүзім арқалаған ер кісі; жүзім шоқтары

Жүзім жинайтын көңілді науқан

Жері. Грузия елі шыңдарын қар басқан асқар тауларымен әйгілі. Олардың кейбірінің биіктігі 4500 метрден асады. Ел шығыс және батыс Грузия деп бөлінеді, әрі олардың әрқайсысы бірнеше ауданнан тұрады. Әр ауданның климаты әртүрлі, әдет-ғұрпы, музыкасы мен биі, ұлттық тағамы да әр алуан.

Халқы. 3,7 миллион халқының басым бөлігі грузиндер.

Діні. Халқының көбісі православ, ал шамамен 10 пайызы ислам дінін ұстанады.

Тілі. Грузин тілі көршілес елдердің ешқайсысының тілімен туыс емес. Тарихи деректерге сай, грузин тілінің бірегей әліпбиі біздің заманымызға дейін ойлап шығарылған.

Шаруашылығы. Көпшілігі ауылшаруашылығымен күн көреді. Соңғы жылдары туризм саласы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.

Климаты. Елдің шығысында климат жұмсақ. Ал цитрусты жемістер көп өсетін Қара теңіз жағалауының, яғни батыс Грузияның, климаты субтропикалық.

Жүзім жинап жатқан адамдар

Кахетия облысындағы жүзім жинау науқаны

Тағамы. Дастарқандарынан нан үзілмейді. Әдетте нан ошақта пісіріледі. Негізгі тағамы — дәмдеуіштер мен көк шөптер қосылған бұқтырылған ет. Шарап жасауға келер болсақ, оның тарихы тереңде жатыр. Әдетте шарап үлкен қыш құмыраларда ашытылып, сақталады. Көп отбасы жүзімді өздері өсіріп, шарапты да өздері жасайды. Грузияда жүзімнің 500-ге жуық түрі өседі.

Нан илеп жатқан әйел

Нан пісіріліп жатыр

ЖЕР КӨЛЕМІ

69 700 км2

ХАЛЫҚ САНЫ

3 720 400

2016 ЖЫЛЫ ЖАРИЯЛАУШЫЛАР САНЫ

18 619

1 ЖАРИЯЛАУШЫҒА ШАҚҚАНДА

200

2016 ЖЫЛЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІНЕ КЕЛГЕНДЕР

32 216

Грузия картасы
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу